Ақтөбе облысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 31 наурыз N 487

      Ақтөбе облысында тұқымдық қарызды уақытылы өтеуге ықпал ететiн күтпеген жағдайлардың туындауына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
      1. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) Ақтөбе облыстық мәслихаты облыстың 2000 жылға арналған бюджетiнде тұқымдық қарызға қызмет көрсетуге және өтеуге 402982 (төрт жүз екi мың тоғыз жүз сексен екi) АҚШ доллары сомасындағы ақшаның теңгелiк баламасын көздеген жағдайда "1999 жылдың егiс науқанын тұқымдық астықпен тауарлық несиелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 341 P990341_ қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкiмi алған тұқымдық қарызды өтеу мерзiмiн белгiленген тәртiппен 2000 жылдың 15 қарашасына дейiн ұзарту ұсынылсын.
      2. Ақтөбе облыстық мәслихатының жоғарыда аталған шешiмi болған

 

жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:

     1) "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" ЖАҚ-ның 369708 (үш жүз алпыс

тоғыз мың жетi жүз сегiз) АҚШ доллары сомасындағы несиелiк берешегiнiң

белгiленген тәртiппен Қоғамға жатқызылуын қамтамасыз етсiн;

     2) 2000 жылғы 15 желтоқсанға дейiн несиенi қайтару шартымен 369708

(үш жүз алпыс тоғыз мың жетi жүз сегiз) АҚШ доллары сомасындағы несиелiк

берешектi өтеудiң мерзiмiн ұзарту туралы Қоғаммен тиiстi келiсiм жасассын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады