Тәжікстан Республикасының Кеден одағы туралы келісімдерге қосылуы туралы шартты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 4 сәуір N 498.

      РҚАО-ның ескертпесі!

      Шарттың қолданысы тоқтатылды - ҚР 24.12.2014 № 266-V Заңымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етеді:

      1. 1999 жылғы 26 ақпанда Мәскеу қаласында жасалған Тәжікстан

      Республикасының Кеден одағы туралы келісімдерге қосылуы туралы шарт

      бекітілсін.

      2. "Тәжікстан Республикасының Кеден одағы туралы келісімдерге қосылуы

      туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы"

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі N 933 қаулысының

      күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Тәжікстан Республикасының Кеден одағы

туралы келісімдерге қосылуы туралы

Шарт

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, 1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімдердің және 1996 жылғы 29 наурыздағы Қырғыз Республикасының Кеден одағы туралы келісімдерге қосылуы туралы Шартқа қатысушылар болып табылатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі бір жағынан және екінші жағынан, Тәжікстан Республикасының Үкіметі,

      теңдестірілген және өзара тиімді экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға ұмтыла отырып,

      Кеден одағының принциптеріне, мақсаттарына және міндеттеріне бет бұруға дайындықтарын растай отырып,

      1995 жылғы 6 қаңтардағы Кеден одағы туралы Келісімнің 8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып,

      1999 жылғы 26 ақпандағы Тәжікстан Республикасының 1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімдердің шарттарын орындау жөніндегі жұмысты аяқтаудың кезеңдері мен мерзімдері туралы Хаттаманы негізге ала отырып,

      мына төмендегілер туралы шарттасты:


       1-бап


      Тәжікстан Республикасы 1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімдерге қосылады және олардан, интеграцияны басқару органдарының шешімдерінен, сондай-ақ Кеден одағының мақсаттарына, принциптеріне, шарттарына, қалыптасу кезеңдеріне және қызмет етуіне қатысты басқа құжаттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді өзіне толық көлемде қабылдайды.


       2-бап


      Тараптар, Тәжікстан Республикасымен сыртқы экономикалық қызметті реттеудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын ескере отырып, олардың арасындағы екіжақты сауда-экономикалық қатынастарда алып тастаулар мен шектеулерсіз, толық көлемде еркін сауда


      режимін енгізеді. Мұндайда еркін сауда режимінен алып тастауға қатысты

      Тараптар арасында ертеректе жасалған келісімдер мен хаттамалар күшін жояды.

       3-бап

      Осы Шартқа қол қойған күнінен бастап Тәжікстан Республикасы Кеден

      одағы органдарының жұмысына олар туралы ережелерге және олардың жұмыс

      регламенттеріне сәйкес толық көлемде қатысады.

       4-бап

      Тараптар арасындағы осы Шарттың ережелеріне қатысты даулар мен қайшы

      пікірлер кеңестер және/немесе келіссөздер жолымен шешілетін болады.

       5-бап

      Осы Шарт Тараптардың басқа халықаралық шарттарынан туындайтын, осы

      Шартқа қайшы келмейтін міндеттемелерін қозғамайды.

       6-бап

      Интеграциялық Комитет осы Шарттың депозитариі болып табылады.

       7-бап

      Тараптардың әрқайсысының осы Шарттан өзінің ниеті туралы шығатын

      күнінен 12 ай бұрын депозитариге хабарлама жіберу жолымен шығуға құқығы

      бар.

       8-бап

       1999 жылғы 26 ақпанда Мәскеу қаласында жасалған Тәжікстан

      Республикасының 1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы

      келісімдердің шарттарын орындау жөніндегі жұмысты аяқтаудың кезеңдері мен

      мерзімдері туралы Хаттама осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

       9-бап

      Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және

      Тараптардың тиісті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы

      депозитариге соңғы хабар берген күнінен бастап күшіне енеді.

      1999 жылғы 26 ақпанда Мәскеу қаласында бір данада орыс тілінде

      жасалды.

      Осы Шарттың түпнұсқа данасы Тараптарға оның расталған көшірмесін

      жіберетін Интеграциялық Комитетте сақталады.

       Беларусь Республикасы Тәжікстан Республикасы

       Үкіметінің атынан Үкіметінің атынан


       Қазақстан Республикасы Қырғыз Республикасы

       Үкіметінің атынан Үкіметінің атынан

      Ресей Федерациясы

      Үкіметінің атынан

      Оқығандар:

      Қобдалиева Н.М.

      Орынбекова Д.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады