"Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ және "Алматы Пауэр Консолидейтед" ЖАҚ мәселелерiн реттеу жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан "Трактебель" компаниясымен келiссөздер жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 7 сәуір N 535

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi "ҚазТрансГаз" ЖАҚ-ның қатысуымен "Трактебель" компаниясымен (Бельгия) келiссөздер жүргiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

 

вице-министрi Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров пен "ҚазТрансГаз" ЖАҚ-ның

президентi Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалинге "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ

және "Алматы Пауэр Консолидейтед" ЖАҚ мәселелерiн реттеу жөнiнде Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң атынан "Трактебель" компаниясымен келiссөздер

жүргiзуге өкілеттiк берілсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады