Қазақстан-түрік үкіметаралық экономикалық комиссиясының 1999 жылғы 9-10 қыркүйектегі бірінші мәжілісі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 8 сәуір N 539

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан-түрік үкіметаралық экономикалық комиссиясының 1999 жылғы 9-10 қыркүйектегі бірінші мәжілісі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) мен мүдделі ұйымдар (келісім бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы жөнінде нақты шаралар қолдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан

 

Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы кемінде

тоқсанында бір рет хабарлап отыратын болсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                         Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                           2000 жылғы 8 сәуірдегі N 539

                                               қаулысымен бекітілген



           Қазақстан-түрік үкіметаралық экономикалық комиссиясының

           1999 жылғы 9-10 қыркүйектегі бірінші мәжілісі барысында

      қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

                                  Жоспары


---------------------------------------------------------------------------

N !          Іс-шаралар         ! Орындау мерзімі !  Орындауға жауаптылар

р/с!                             !                 !

---------------------------------------------------------------------------

1 !             2               !        3        !           4

---------------------------------------------------------------------------

                 Екі жақты келісімдерді әзірлеу және қол қою 


1  Тоқыма жөніндегі келісімді    2000 жылдың І жар. Энергетика, индустрия

   қол қоюға дайындау (түрік     тыжылдығы          және сауда министрлігі

   нұсқасын қарау)       

2  Қазақстан Республикасының     2000 жылдың І жар. Еңбек және халықты

   Үкіметі мен Түрік Республика. тыжылдығы          әлеуметтік қорғау

   сының Үкіметі арасындағы ха.                     министрлігі

   лықты әлеуметтік қорғау тура.

   лы келісімді пысықтау және

   қол қою    

---------------------------------------------------------------------------

                        Ынтымақтастықты жандандыру 


3  Қазақстан-түрік іскерлік      2000 жылдың І жар. Сауда-өнеркәсіп палата.

   кеңесінің 4-ші мәжілісін      тыжылдығы          сы (келісім бойынша),

   өткізу (Қазақстан-түрік                          Энергетика, индустрия

   іскерлік кеңесін реформалау                      және сауда министрлігі,

   мәселесін қарау)                                 Инвестициялар         

                                                    жөніндегі агенттік

---------------------------------------------------------------------------

4  Қазақстан Республикасы мен     2000 жылдың І     Энергетика, индустрия

   Түрік Республикасы арасындағы   жартыжылдығы     және сауда министрлігі,

   ұзақ мерзімдік ынтымақтастық                     Инвестициялар жөніндегі

   бағдарламасын түрік тарапымен                    агенттік, Сыртқы істер

   әзірлеу                                          министрлігі

5  Әлеуметтік мәселелер жөніндегі 2000 жылдың І     Еңбек және халықты

   Бірлескен жұмыс тобының 2-     жартыжылдығы      әлеуметтік қорғау

   мәжілісін өткізу                                 министрлігі

---------------------------------------------------------------------------

                      Ақпараттық қызмет


6  Инвестициялық мәселелер        2000 жыл бойы     Сауда-өнеркәсіп палата.

   бойынша бірлескен көрмелер                       сы (келісім бойынша),

   мен жәрмеңкелер, сондай-ақ                       "Атакент" АҚ (келісім

   семинарлар ұйымдастыру мәсе.                     бойынша), "Қазинвест"

   лелері жөніндегі ынтымақтас.                     РМК (келісім бойынша)

   тықты дамыту    

7  Екі елдің Тауар-өнеркәсіптік  2000 жыл бойы      Сауда-өнеркәсіп палата.

   палаталары арасында ақпарат                      сы (келісім бойынша)

   алмасу жөніндегі байланыстарды

   жандандыру    

8  Түрік Республикасының еркін    2000 жылдың І     Экономика министрлігі,

   экономикалық аймақтарының      жартыжылдығы      Инвестициялар жөніндегі

   қызметін ұйымдастыру жөніндегі                   агенттік

   тәжірибесін зерделеу    

9  Туристік компаниялар арасын.    2000 жыл бойы    Туризм және спорт

   дағы байланыстарды дамыту үшін                   жөніндегі агенттік

   жағдайлар туғызу   

---------------------------------------------------------------------------

                    Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары


10 Қазақстан Республикасының       2000 жыл бойы    Энергетика, индустрия

   машина жасау кәсіпорындары                       және сауда министрлігі

   өнімдерінің Түрік Республика.

   сына экспорты мүмкіндіктерін

   қарау    

11 Қара металлургия өнімдерінің   2000 жылдың І     Энергетика, индустрия

   экспортын ұлғайту мәселесін    жартыжылдығы      және сауда министрлігі,

   пысықтау                    

12 ДСҰ-на ену кезінде Қазақстан.  2000 жыл бойы     Экономика министрлігі,

   ға қолдау көрсету жөнінде                        Сыртқы істер

   түрік тарапымен консультация.                    министрлігі

   ларды жалғастыру    

13 Стамбул бағалы металдар        2000 жылдың І     Энергетика, индустрия

   биржасымен ынтымақтастықтың    жартыжылдығы      және сауда министрлігі

   мүмкіндіктерін қарау    

14 Астананың инфрақұрылымын,      2000 жыл бойы     Инвестициялар жөніндегі

   құрылыс индустриясының кәсі.                     агенттік, Астана қала.

   порындарын жаңғыртуға және                       сының әкімі, Экономика

   Астана қаласының коммуналдық                     министрлігі, Энергети.

   шаруашылығын дамытуға түрік                      ка, индустрия және

   капиталын тарту саласындағы                      сауда министрлігі

   ынтымақтастықты одан әрі

   жалғастыру    

15 Бірлескен өндірістер құру      2000 жыл бойы     Энергетика, индустрия

   және өнеркәсіпте технология.                     және сауда министрлігі,

   лармен алмасу жөніндегі                          Инвестициялар жөніндегі

   мәселелерді пысықтау                             агенттік

---------------------------------------------------------------------------

                                Мұнай және газ 


16 "Баку-Жейхан" мұнай құбыры.    2000 жыл бойы     "Қазақойл" ҰМК (келісім

   ның жобасы жөнінде консуль.                      бойынша), "ҚазТрансОйл"

   тацияларды жалғастыру                            МТҰК (келісім бойынша)

---------------------------------------------------------------------------

                                   Көлік 


17 Бірлескен автомобиль көлік     2000 жыл бойы     Көлік және коммуника.

   комиссиясының жұмысын                            циялар министрлігі

   жандандыру    

18 Қазақстан мен Түркия          2000 жылдың І      Көлік және коммуника.

   арасындағы Каспий теңізі-     жартыжылдығы       циялар министрлігі

   Волга-Дон арнасы-Қара теңіз

   бағыты бойынша жүк тасымалын

   ұйымдастыру мүмкіндігін

   зерделеу    

19 Өзен-теңіз тұрпатындағы кеме  2000 жылдың І      Көлік және коммуника.

   жасау жобасына түрік          жартыжылдығы       циялар министрлігі

   компанияларын тарту    

20 Трансазия темір жолы желісі   2000 жылдың І      Көлік және коммуника.

   жобасын іске асыру жөнінде    жартыжылдығы       циялар министрлігі

   жұмыс жүргізу    

---------------------------------------------------------------------------

                              Ауыл шаруашылығы 


21 2000 жыл және 2001 жылы        2000 жыл бойы     Ауыл шаруашылығы мини.

   Түркияға дәнді дақылдарды                        стрлігі, "Азық-түлік

   (бидай, арпа) беріп отыру                        келісім-шарттық корпо.

   туралы мәселені пысықтау                         рациясы" АҚ (келісім

                                                    бойынша)

22 Ауыл шаруашылығы мәселелері   2000 жылдың І      Ауыл шаруашылығы мини.

   бойынша жұмыс тобының екінші  жартыжылдығы       стрлігі, Білім және

   мәжілісін өткізу                                 ғылым министрлігі

---------------------------------------------------------------------------

                             Банкілер мен қаржы


23 Орталық банктер арасында      2000 жыл бойы      Ұлттық Банк (келісім

   ақпараттар алмасу                                бойынша)

24 Банк ісі мамандарының         2000 жыл бойы      Ұлттық Банк (келісім

   Түркияда тағылымдамадан                          бойынша)

   өтуі мүмкіндігін қарастыру    

---------------------------------------------------------------------------

                        Ғылым және гуманитарлық сала


25 Ядролық энергетика, мате.     2000 жыл бойы      Білім және ғылым

   матика, физика, биология,                        министрлігі

   медицина және қоғамдық-

   гуманитарлық ғылымдардың

   ұлттық ғылыми-зерттеу бағ.

   дарламаларына сәйкес байла.

   ныстар мен ынтымақтастықты

   дамыту    

---------------------------------------------------------------------------


      Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады