Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303 және 1999 жылғы 23 желтоқсандағы N 1963 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 10 сәуір N 548

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      "1999 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебін жүргізудің, сақтаудың және сатудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303 P991303_ қаулысына:
      2-тармақтағы "43 854 000 (қырық үш миллион сегіз жүз елу төрт мың) АҚШ доллары сомасына дейін 627 000 (алты жүз жиырма жеті мың) тоннаға дейін" деген сөздер "32 500 000 (отыз екі миллион бес жүз мың) АҚШ доллары сомасына дейін 450 000 (төрт жүз елу мың) тоннаға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "2000 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаппай таралатын зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 желтоқсандағы N 1963 P991963_ қаулысына:
      2-тармақтың 3-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ауыл шаруашылығы дақылдарының жаппай зиянкестерімен және ауруларымен

күреске қайтарымсыз негізде 5 000 000 (бес миллион) АҚШ доллары".
     2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда 
белгіленген тәртіппен 2000 жылғы егіннің астығын сатып алуға арналған 
ақшаның қалдығын пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір 
ай мерзімде ұсыныстар енгізсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.       
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады