1999 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебін жүргізудің, сақтаудың және сатудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 қыркүйек N 1303

      Тиiмдi астық өндiрiсiн ынталандыру астықтың экспорты саясатын жандандыру, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн ынталандыру мақсатында астық сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 сәуiрдегі N 357 P990357_ қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған 1999 жылғы егiннiң астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебiн жүргізудiң, сақтаудың және сатудың тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Ауыл шаруашылығы Тауар өндiрушiлерiнен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 P980998_ қаулысына сәйкес сатып алынған астықты сатудан қайтарылған қаражаттың есебiнен франко-элеватор шартымен 1 тонна үшiн 70 (жетпіс) немесе 75 (жетпіс бес) АҚШ долларына баламды баға бойынша 32 500 000 (отыз екі миллион бес жүз мың) АҚШ доллары сомасына дейін 450 000 (төрт жүз елу мың) тоннаға дейін көлемiнде 1999 жылғы егiннiң үшiншi сыныптан төмен емес жұмсақ сортты азық-түлiктiк бидайын мемлекеттiк сатып алу жүргiзiлсiн, сондай-ақ астықтың мемлекеттік резервінің ақшалай нысанда сақталатын бөлігі ретіндегі 9 110 784 (тоғыз миллион жүз он мың жеті жүз сексен төрт) АҚШ

доллары сомасындағы қаражаттың есебінен.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.10.27. N 1612
              қаулысымен.  

P991612_

 
     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.10.28. N 1620
              қаулысымен.  

P991620_

 
     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 1963
              қаулысымен.  

P991963_

 
     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.10. N 548
              қаулысымен.  

P000548_

 

     3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңдарда 
белгiленген тәртiппен:
     1) астықтың ресурсы мен оны қайта өңдеу өнiмдерiнің есебi бойынша 
тұрақты мониторинг жүргізсiн;


      2) элеваторларға, астық қабылдау пункттерiне және қайта өңдеушi ұйымдарға астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн тапсыруды және әкетудi мiндеттi тiркеудi жүргiзсiн;
      3) бiр апта мерзiмде элеваторларға, астық қабылдау пункттерiне және қайта өңдеушi ұйымдарға астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн тапсыруды және әкетудi тiркеудiң тәртiбiн бекiтсiн;
      4) елдiң iшкі рыногында астықтың тапшылығына жол бермеу мақсатында заңдарда көзделген астықтың экспорты бойынша шектеу шараларын жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      5) ақшалай нысанда сақталып жатқан мемлекеттік резерв астығының бір бөлігі ретіндегі 9 110 784 (тоғыз миллион бір жүз он мың жеті жүз сексен төрт) АҚШ доллары сомасындағы қаражат есебінен сатып алынған 1999 жылғы егіннің астығы 198 (бір жүз тоқсан сегіз) доңғалақты тракторды "Белресурсы" концернімен келісім-шарттар бойынша сатып алуға (айырбас немесе алдын ала сатып алу) арналған кредит ретінде пайдаланылсын.
      Қалған бөлігі 152-ге (жүз елу екі) дейін МТЗ-82УК доңғалақты тракторларын еркін рыноктан, 200-ге (екі жүз) дейін дестелегіштерді "Украгромашинвест" лизинг компаниясы" ашық акционерлік қоғамынан, 50-ге (елу) дейін дестелегіштерді "Қызылордакүрішмаш", ашық акционерлік қоғамынан несие ретінде сатып алу (айырбас немесе алдын ала сатып алу) үшін, жоғарыда көрсетілген техникаларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауға және сақтауға жұмсалған шығындарды өтеуге пайдаланылсын, ал мемлекеттік экспорттық ресурстар астығын сатудан түскен қаражаттың қалған бөлігі "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамының арнаулы шотына аударылсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ 5) тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
               2000.02.08. N 187 қаулысымен. P000187_
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
               2000.06.23. N 929 қаулысымен. P000929_

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 1999 жылдың 15 қарашасына дейін мерзімде астық өндірісін қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны әзірлесін және оны Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарауына енгізсін.

     4-1. Жергілікті жерлерде 1999 жылдың егіні астығын сатып алуды 
ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін жауаптылық облыстардың әкімдеріне 
жүктелсін.
<*>

     ЕСКЕРТУ. Жаңа 4-1 тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.10.28. 
              N 1620 қаулысымен.  

P991620_

 

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл 
шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға
жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1999 жылғы 2 қыркүйектегi
                                          N 1303 қаулысымен
                                             бекiтiлген
     
     1999 жылғы егіннiң астығын мемлекеттiк сатып алудың, оның
     есебiн жүргізудiң, сақтаудың және сатудың тәртiбi туралы
                          Ереже
     
     Осы Ереже 1999 жылғы егiннiң жаздық бидай астығын мемлекеттiк сатып 
алудың, оның есебiн жүргізудiң, сақтаудың және сатудың тәртiбiн айқындайды.
     
           1. Астықты мемлекеттік сатып алудың шарттары
     


      1. Астықты мемлекеттік сатып алу "Азық-түлiк корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың екінші абзацы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің
               1999.10.28. N 1620 қаулысымен. P991620_

      2. Астық тек ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен ғана сатып алынады.
      Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiсi - жер өндiрiсiнiң негізгi құралы болып табылатын немесе қызметi ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру үшiн жердi пайдалануға байланысты заңды немесе жеке тұлға.
      3. Әрбiр ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiсiнен сатып алудың көлемдерi жер үлесiне, аудан бойынша орташа шығымдылыққа және өндiрiлген астықтың тауарлық коэффициентiне қарай айқындалады.
      4. Мына төмендегi өлшемдердiң бiреуiне сәйкес келетiн:
      осының алдындағы жылдың қорытындылары бойынша қаржы-шаруашылық қызметтен шеккен зияны жоқ;
      жерде бонитетi 40 баллдан төмен емес астық өнiмiн өсiрген ауыл

шаруашылығы тауар өндiрушілерi - заңды тұлғалар сатушылар бола алады.
     Фермерлiк және шаруа қожалықтары үшiн бұл өлшемдер мiндеттi болып 
табылады. Астықты уәкiлеттiк береген элеваторларға жеткiзу және тапсыру 
оларды ықтимал сатушылардың тiзiмдерiне кiргiзу үшiн негiз болып табылады.
     5. 75 (жетпіс бес) АҚШ долларына баламды баға бойынша мемлекет 
сатып алатын астық - жұмсақ сортты азық-түліктік бидай мынадай техникалық 
талаптарға сәйкес келуi тиiс:
<*>

     1. Табиғилығы, г/л                    750 кем емес
     2. Дымқылдығы, %                      14,5 артық емес
     3. Жабысқақтығының жалпы үлесi,%      25 кем емес
     4. Жабысқақтығының сапасы, топ        ІІ төмен емес
     5. Жылтырлығы, %                      50 кем емес
     6. Түссiздендiрiлуi (дәрежесi)        1 төмен емес
     7. Қоқыс қосындысы, %                 2 артық емес
     8. Өзге астықтың қосындысы, %         5 артық емес
     Барлық қалған көрсеткiштер 9353-90 МЕМСТ-тың талаптарына сәйкес келуi 
тиiс.
     
<*>

      Дайындалатын және берілетін 3 сыныпты жұмсақ бидайдың 9353-90 МЕМСТ-тың шектеу нормаларына сәйкес келетін астығы 70 (жетпіс) АҚШ долларына баламды баға бойынша сатып алуға жатады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
               1999.10.28. N 1620 қаулысымен. P991620_

      6. Тауар өндiрушілерден астық сатып алу Корпорация ұсынған және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бекiткен желiлiк элеваторларда жүзеге асырылады.
      Элеваторларды астықты сатып алуға және сақтауға қатысуға рұқсат ету үшiн iрiктеудiң негізгi өлшемдерi:
      1997-1998 жылдардың астығын сатып алу бағдарламасының мiндеттерiн орындау және алыс-берiс астығын сақтау жөнiнде талаптардың болмауы;
      жабдықтарының техникалық және технологиялық жағдайы, сондай-ақ санитарлық режим белгіленген стандарттарға сәйкес келуi тиiс;
      астықты тазартуға, сорттауға және кептiруге арналған машиналармен жарақтандырылуы;
      элеваторларда астықты қашықтықтан бақылайтын ақаусыз электр термометрлiк қондырғылардың болуы;
      таразы шаруашылығымен, атап айтқанда, астық тасымалдаушыларды өлшеуге арналған таразылармен, лабораториялық жабдықтармен және астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiнiң сапасын айқындауға арналған аспаптармен жарақтандырылуы;

     технологиялық жабдықтың кiдiрiссiз жұмысын қамтамасыз ету үшiн дербес 
электрмен жабдықтау станциясының болуы;
     өзiнiң кiре берiс темiр жолдары, тұйық жолдары болуы және олардың 
техникалық жай-күйi;
     астық тасымалдаушылар мен темiр жол вагондарын беру және тазалау үшiн
жылжымалы құралдардың болуы;
     элеватор мен астық қоймалары бойынша тиеу нүктелерiнiң өнiмдiлігі;
     сақтау қызметi үшiн неғұрлым төмен тарифтер;
     элеваторлық сиымдылықтардың ең төменгi көлемi 80 мың тоннадан кем 
болмауы тиiс;
     сатып алынған астықты жеке сақтауды қамтамасыз ету мүмкiндiгi.
     
            2. Астықты сатып алуды жүргізудiң және оны
                     қаржыландырудың тәртiбi
     


      7. 1999 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн Ауыл шаруашылығы министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында астық сатып алудың шарттары мен сатып алуға және сақтауға рұқсат етiлген элеваторлардың тiзiмiн жариялайды.
      8. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді жұмыс топтарына өз астығын сатуға өтініштер ұсынады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.10.28. N 1620
               қаулысымен. P991620_

      9. Сатушылардың тізімдерін қалыптастыруды жұмыс топтары жүргізеді.
      Жұмыс топтары облыстар әкімдерінің шешімімен құрылады және облыстар әкімдерінің ауыл шаруашылығы мәселелерін басқаратын орынбасарларын, ауыл шаруашылығы департаменттерінің (басқармаларының), жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттердің, статистикалық және салық органдарының өкілдерін және жұмыс топтары төрағаларының өкілеттігі жүктелетін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы облыстық өкілдіктерінің басшыларын қамтуы тиіс.
      Ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі сатушылардың тізіміне енгізу үшін жұмыс тобына:
      1) жұмыс тобының атына жазбаша өтініш;
      2) элеватор берген кіріс түбіртегі (КТ-13) мен астықтың талдау кәртішкесінің көшірмесін;
      3) кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына патенттің немесе куәліктің көшірмесін (тек шаруа қожалықтары мен жеке адамдар) ұсынады.
      Жұмыс топтары оларды ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен талап етпестен өздеріне тиісті мемлекеттік органдар ұсынған мынадай құжаттардың негізінде сатушылардың тізімдерін жасайды:
      1) "4 СХ" нысанындағы статистикалық деректерді - статистикалық органдар;
      2) аудандағы орташа түсімділік туралы анықтамаларды - ауыл шаруашылығы департаменттері;
      3) жерге мемлекеттік актінің немесе өзге де құқықты белгілейтін құжаттың көшірмесін - жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттер.
      Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың басшылары жұмыс топтарына ұсынылатын құжаттардағы ақпараттардың дұрыстығы үшін жеке жауаптылықта болады.
      Жұмыс топтары бұл құжаттарды алқаптарға тұқым себілуі туралы ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын анықтау мақсатында және сатушыдағы сияқты әрбір тауар өндірушідегі астықтың ең жоғары көлемін айқындау үшін орталықтандырылған түрде тиісті мемлекеттік органдардан алынған "4 СХ" нысанындағы статистикалық деректермен және аудандағы орташа түсімділік туралы анықтамалармен бірге қарайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.10.28. N 1620
               қаулысымен. P991620_
      10. Жұмыс топтары алынған құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысандар бойынша сатушылардың тізімдері мен тізілімдерін жасайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.10.28. N 1620
               қаулысымен. P991620_
      11. <*>
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.10.28. N 1620
               қаулысымен. P991620_

      12. Жұмыс топтары сатушылардың астық сатуға арналған өтініштерін алады және оларды оның негізінде соңғылары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысан бойынша астық сатушылармен үлгі шарттар жасасатын Корпорацияның облыстық өкілдігіне үш күннің ішінде Корпорацияға берілетін мынадай құжаттарды:
      1) КТ-10-ның түпнұсқасын;
      2) элеватор берген талдау кәртішкесінің түпнұсқасын;
      3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік салық инспекциясының 1995 жылғы 26 маусымдағы N 37 нұсқаулығына сәйкес белгіленген нысандағы есеп-фактура мен салықтық есеп-фактурасын (салық салудың оңайлатылған режимімен жұмыс істейтін тұлғаларға арналған салықтық есеп-фактурасы басшының қолымен және аудандық салық органының мөрімен

расталған болуы тиіс) ұсынады.
     ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.10.28. N 1620 
              қаулысымен.  

P991620_

 
     13.
<*>
 
     ЕСКЕРТУ. 13-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.10.28. N 1620 
              қаулысымен.  

P991620_

 
     14. Корпорация (оның өкілдігі) сатушыларға ақша аударуды, сатушылар 
үлгі-шарттың ережелеріне сәйкес астықты беру жөніндегі міндеттемелерін іс 
жүзінде орындаған күннен бастап, жеті операциялық күннің ішінде жүзеге 
асырады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.10.28. N 1620 
              қаулысымен.  

P991620_

 

     15. Төлем сатушы төлем күнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 
бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.02. N 1832  
               қаулысымен.  

P991832_

 


      16. Егер сатып алудың нәтижелерi бойынша мемлекеттiң астық сатып алуға арналған ақша толық көлемде алынбаса, осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi айқындаған мерзiмдерде, қосымша сатып алу жүргізілуі мүмкiн.

          3. Сатып алған астықтың есебiн жүргізу және сақтау

      17. Сатып алу жүзеге асырылғаннан кейiн Корпорация белгiлi бiр элеваторлармен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бекiткен үлгiлiк шартқа сәйкес сатып алынған астықты сақтауға шарттар жасасады. Сатушыға астық үшiн ақы төленген күн сатып алынған астықты сақтаудың басталған күнi болып есептеледi.
      18. Сақталатын астықтың сандық-сапалық жағдайы үшiн элеваторлар

жауаптылықта болады, ал бақылауды Корпорация мен Ауыл шаруашылығы 
министрлiгiнiң уәкiлеттi өкiлдерi жүзеге асырады.
     19. Астықтың мемлекеттiк ресурстарының мониторингi мақсатында әрбiр 
уәкiлеттi элеваторда тиiстi журналда астықты тапсыру мен әкетудi тiркеу 
жүзеге асырылады. Тiркеу журналын күн сайын Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
уәкiлеттi өкiлдерi тексередi (виза қояды). "Республикалық астық 
сараптамасы" РМК тиеп жөнелтетiн астыққа журналда әкетiлетiн астықтың 
көлемi мен сапасын тiркеместен сертификаттар беруге тыйым салынады.
     20. Мемлекеттiк астықты сақтауға арналған шығындар оны сатудың 
бағасына енгiзiледi.
    
             4. Сатып алынған астықты сату және қаржы
                     ресурстарын қайтару
     
     21. Сатып алынған астықты сатуды мемлекеттiң астық саясатына сәйкес 
белгiленген тәртiппен Корпорация жүзеге асырады.
     22. Сатып алынған астықты сатудың шарттары мен мерзiмдерi сыртқы рынок
конъюнктурасының негізінде айқындалады. Сатылатын астықтың бағасы 
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсiледi.
     23. Сатып алынған астықты сатудан алынған қаражатты Корпорация, ол 
алынғаннан кейiн, 3 банктiк күннiң iшiнде Қазақстан Республикасы Ауыл 
шаруашылығы министрлігінің есебiне аударады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 23-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.10.28. N 1620         
              қаулысымен.  

P991620_

 

              5. Сатып алуға қатысушылардың жауапкершiлігі 
     
     24. Элеваторлардың сақталатын астықтың сандық-салалық жай-күйi үшiн 
жауапкершiлiгi жасалған шарттардың талаптарында көрсетiледi. Мемлекеттiк 
астықты сатып алуға, сақтауға және сатуға қатысушы тұлғалардың 
жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес
айқындалады.

   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Қасымбеков Б.            
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады