"Әлем балалары - Қазақстан туралы" халықаралық конкурсын өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 13 сәуір N 569

      Әлем халықтарының арасындағы достықты нығайту және халықаралық экономикалық және ізгілік байланыстарды одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының, "Қазақстан Халықтық Банкі" ашық акционерлік қоғамының және "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының "Әлем балалары - Қазақстан туралы" халықаралық конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізу туралы бастамашылығына қолдау көрсетілсін.
      1-1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Конкурсты өткізуге көмек көрсетсін.
      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.12.29.
               N 1925 қаулысымен. P001925_
      2. Жүлделік қор мен конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстар демеушілік жарналардың есебінен қаржыландырылатындығы назарға алынсын.
      3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін қосымшаға сәйкес құрамда Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      4. Комиссия:
      1) Конкурс туралы ережені әзірлесін және бекітсін;
      2) Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөнінде қажет шаралар қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Конкурстың бұқаралық ақпарат құралдарында берілуін ұйымдастыруға жәрдем көрсетсін.
      6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
      1) Дүниежүзілік почта одағына, ЮНЕСКО-ға, ЮНИСЕФ-ке Конкурсты өткізуге қатысуға ұсыныс жасасын;
      2) Қазақстан Республикасының шетелдердегі елшіліктері мен дипломатиялық өкілдіктеріне, сондай-ақ шетелдік мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы елшіліктері мен өкілдіктеріне Конкурс өткізілетіндігі туралы ақпарат жолдасын.
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Конкурстың жеңімпаздары әкететін жүлделерді кедендік бақылауды және ресімдеуді қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында жүлделерді дайындауға арналған тапсырысты орналастыруға Комиссияға жәрдем көрсетсін;
      2) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, ұлттық компаниялар тарту мен басқа да ұйымдарды Конкурстың демеушілері ретінде жөніндегі жұмысты жүргізсін.
      9. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін шетелдік инвесторларды, компанияларды Конкурстың демеушілері ретінде тарту жөніндегі жұмысты жүргізсін.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
      11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                         Қазақстан Республикасы



                                     кіметінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі

                                         N 569 қаулысына қосымша



 
 
         "Әлем балалары-Қазақстан туралы" конкурсын ұйымдастыру

 

          және өткізу жөніндегі комиссия құрамы


     Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.29.

              N 1925 қаулысымен.


P001925_




     Көшербаев Қырымбек           - Қазақстан Республикасының Білім

     Елеуұлы                        және ғылым министрі, төраға



     Қуанышев Дулат               - Қазақстан Республикасы

     Оразбекұлы                     Инвестициялар жөніндегі агенттігінің

                                    төрағасы


     Әбітаев Есберген             - Қазақстан Республикасының

     Әбітайұлы                      Энергетика, индустрия және сауда

                                    бірінші вице-министрі


     Әбусейітов Қайрат            - Қазақстан Республикасының

     Қуатұлы                        Сыртқы істер вице-министрі


     Бектұрғанов Нұралы           - Қазақстан Республикасының

     Сұлтанұлы                      Мәдениет, ақпарат және қоғамдық

                                    келісім вице-министрі


     Коржова Наталья              - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Артемовна                      вице-министрі


     Тоқсейітов Рақымберген       - Қазақстан Республикасының

     Құрманғалиұлы                  Мемлекеттік кіріс бірінші

                                    вице-министрі


     Шаймұханов Сапарғали         - Қазақстан Республикасы Көлік және

     Дүйсетайұлы                    коммуникациялар министрлігінің

                                    Ақпараттық жүйелер департаменті

                                    директорының орынбасары


     Шоқпытов Андар               - Қазақстан Республикасы

     Мәулешұлы                      Премьер-Министрінің Кеңсесі

                                    Аумақтық даму және әлеуметтік сала

                                    бөлімінің меңгерушісі


     Назарбаева Сара              - "Бөбек" балалар қайырымдылық

     Алпысқызы                      қорының төрайымы

                                    (келісім бойынша)

     Арыстанов Әркен              - "Қазпошта" ашық акционерлік қоғамы

     Кеңесбекұлы                    басқармасының төрағасы (келісім       

                                    бойынша)



     Сәйденов Әнуар               - "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" ашық

     Ғалимоллаұлы                   акционерлік қоғамы басқармасының      

                                    төрағасы (келісім бойынша)





     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады