Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N 452 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Білім туралы"
Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 7 маусымындағы Заңына және
"Лицензиялау туралы"
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесі бекітілсін.
2. Қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдар өздерінің бұрын қабылдаған нормативтік құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. "Білім беру мекемелерінің білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия беру тәртібін, білім беру мекемелерін бітіргені және білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары туралы құжаттарды беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі N
1174
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 39, N 368-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 18 сәуірдегі
N 596 қаулысымен бекітілген
1. Заңды тұлғалардың білім беру қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан лицензиялануға тиіс.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.20. N
1253
(2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың, жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарының білім беру қызметі лицензиялануға тиіс.
3. Білім беру ұйымының білім беру қызметін жүргізу құқығы оған лицензия (рұқсат) берілген күннен басталады және заңдарда белгіленген тәртіппен ол қайтарып алынған немесе жарамсыз деп танылған сәттен бастап тоқтатылады.
4. Бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензияны:
1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта бiлiмнiң (арнаулы және мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын және спорт бойынша балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын қоспағанда) негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарға - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы (лицензиар);
2) кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiмнiң негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын, мамандандырылған және арнаулы бiлiм беру бағдарламаларын, сондай-ақ спорт жөнiндегi балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға - облыстың жергiлiктi атқарушы органы (лицензиар);
3) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта бiлiмнiң негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын, арнаулы және мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарға - республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы (лицензиар);
4) жоғары кәсіптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын, республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын және кәсіптiк орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын, дiни бiлiм беру бағдарламаларын (дiни оқу орындарына) iске асыратын, сондай-ақ халықаралық және шетелдiк заңды тұлғаларға - Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы (лицензиар) бередi".
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.
06. N
250
(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі) қаулысымен.
5. Білім беру ұйымдарының филиалдары білім беру ұйымдарының құрамында лицензияланады. Филиал туралы ереже мен тіркеу құжаттары лицензиарға табыс етілуге тиіс.
Жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымының филиалына берiлетін лицензияның қосымшаларында мемлекеттік жалпыға бiрдей мiндетті бiлiм беру стандарттарының әлеуметтiк-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндерi циклдарының көлемiнде кәсiптiк білім беру бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз ететiн оқыту мерзiмдерi көрсетіледі. <*>
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.07. N
1281
қаулысымен.
6. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік оқу орындары немесе олардың филиалдары Қазақстан Республикасының оқу орындары сияқты шарттармен және дәл сондай тәртіппен лицензиялануға тиіс.
6-1. Қысқа мерзiмдi курстар, тағылымдамалар нысанындағы және мемлекеттiк қорытынды аттестаттаумен және мемлекеттiк үлгiдегi бiлiмi және (немесе) біліктілігі туралы құжаттар берумен аяқталмайтын басқа да оқыту түрлерiнің бiлiм беру қызметi лицензиялауға жатпайды. <*>
Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.07. N
1281
қаулысымен.
2. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі
7. Білім беру ұйымдары білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін лицензиарға мына құжаттарды:
1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) лицензиаттың біліктілік талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжаттарды;
3) кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығын алу үшін алым енгізгенін растайтын құжатты;
4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
5) жұмыс бабындағы оқу жоспарларын;
6) штаттағы оқытушылардың бар екенін растайтын құжатты; <*>
7) меншiк оқу-материалдық базасының бар екендігін растайтын құжаттарды тапсырады. <*>
Лицензия құжаттар тапсырылған күннен бастап екі айлық мерзімнен кешіктірілмей беріледі.
Лицензия беруден бас тартылған жағдайда лицензия беру үшін белгіленген мерзімде, өтініш иесіне жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.07. N
1281
қаулысымен.
8. Лицензия беру, оны қайтарып алу немесе оның қолданылуын тоқтата тұру мәселелерін алқалы және жариялы түрде қарау үшін, лицензиар консультативтiк-кеңесші орган құрады құқығы бар.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N
964
қаулысымен.
9. Лицензиар білім беру ұйымының өтінішін қарау процесінде, консультативтік-кеңесші органның ұсынымы болған кезде білім беру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды тексеру мақсатында, білім беру ұйымы орналасқан жерге барып, сараптама жүргізедi.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N
964
қаулысымен.
10. Лицензия беру не оны беруден бас тарту туралы шешім құжаттардың иесі ұсынған өтініш, сондай-ақ егер тексеру жүргізілген болса, оның нәтижелері зерделенгеннен кейін қабылданады.
11. Егер лицензия белгіленген мерзімде берілмесе немесе өтініш иесі бар тартуды негізсіз деп таныса, онда ол бір айлық мерзімде осы әрекеттерге сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
12. Лицензия беруден мынадай негіздер бойынша:
1) білім беру ұйымының осы тұрпаты мен түрі үшін нақты мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заң актілерімен тыйым салынса;
2) осы Ереженің 7-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттар түгел тапсырылмаса. Өтініш иесі аталған кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негізде қаралады;
3) кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым енгізілмесе;
4) өтініш беруші осы Ережеде белгіленген біліктілік талаптарына сай келмесе;
5) өтініш иесіне қатысты оның білім беру қызметімен айналысуына тыйым салатын сот шешімі болса, бас тартылуы мүмкін.
13. Білім беру қызметімен тиісті лицензиясыз айналысу заңдармен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
14. Білім беру ұйымының білім беру қызметімен лицензиясыз айналысудан алған табысы, заң актілерінде белгіленген жағдайлардан басқа кезде мемлекеттік бюджетке алынып қойылуы тиіс.
15. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
3. Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары
16. Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне:
1) мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауды тәрбиеленушілердің жас шамасына және санитарлық нормалар мен ережелерге орай топтың толымдылығына сәйкес жүзеге асыруы;
2) жоғары және бірінші санаттағы тәрбиешілер үлесі - олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмауы;
3) оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі;
4) тәрбиеленушілердің дене тәрбиесі, ой-өрісі жағынан және жеке өзінің дамуы үшін ойын материалы мен жабдықтарының, оқу және балалар әдебиеттерінің болуы;
5) тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
6) меншікті оқу-материалдық базасының болуы;
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.20. N
1253
(2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17. Жалпы бастауыш білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне:
1) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесі - олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмау;
2) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі;
3) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 15 басылымнан келуі;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету және оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
5) меншікті оқу-материалдық базасының болуы;
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.20. N
1253
(2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
18. Жалпы негізгі білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне:
1) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесі - олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы;
2) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі;
3) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда, бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 15 басылымнан келуі;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету және оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
5) меншікті оқу-материалдық базасының болуы;
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.20. N
1253
(2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
19. Жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне:
1) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесі - олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы;
2) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі;
3) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда, бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 25 басылымнан келуі;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету және оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
5) меншікті оқу-материалдық базасының болуы;
Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.20. N
1253
(2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
20. Мектептен тыс ұйымдардың қызметіне:
1) жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі - олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы;
2) оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі;
3) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда, бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 15 бірлік басылымнан келуі;
4) балалар жасының 6-18 жас аралығында болуы;
5) меншікті оқу-материалдық базасының болуы;
Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.20. N
1253
(2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
21. Кәсіптік бастауыш білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне:
1) штаттағы оқытушылар үлесі - олардың жалпы санының 70 пайызынан кем болмауы;
2) жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар үлесі - олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы;
3) топтардың толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі;
4) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда, бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 25 басылымнан келуі;
5) тиісті мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандартының талаптарын орындау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін оқытудың арнаулы базасы мен техникалық құралдарының болуы;
6) білім беру ұйымдарының практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері анықталуы тиіс;
7) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
8) меншікті оқу-материалдық базасының болуы;
Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.20. N
1253
(2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
22. Кәсіптік орта білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне:
1) штаттағы оқытушылар үлесі - олардың жалпы санының 70 пайызынан кем болмауы;
2) жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар үлесі - олардың жалпы санының 40 пайызынан кем болмауы;
3) топтардың толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі;
4) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда, бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 40 басылымнан келуі;
5) тиісті мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандартының талаптарын орындау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін білім берудің арнаулы базасы мен техникалық құралдарының болуы;
6) білім беру ұйымдарының практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері анықталуы тиіс;
7) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
8) меншікті оқу-материалдық базасының болуы;
Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.20. N
1253
(2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
23. Бакалавр академиялық дәрежесiн тағайындай отырып, кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне:
1) жоғары мектептерді, жоғары училищелерді қоса алғанда, институттарға және оларға теңдестірілген білім беру ұйымдарына:
жоғары кәсіптік білімнің 6 және одан да көп мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруы; <*>
ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуі;
бiр оқытушыға шаққанда студенттер құрамы өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 4, музыка және ән-күй мамандықтары бойынша 6, шет тiлi, шетел филологиясы және аударма iсi бойынша 7, бейнелеу өнерi және сызу мамандықтары бойынша 7 адамнан артық болмауы; басқа мамандықтар үшiн күндiзгіде - 8, кешкiде - 16, сырттай оқыту нысанында - 32 адамнан артық болмауы;
штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша 45 пайызынан кем болмауы;
ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылар үлесi штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 30 пайызынан кем болмауы;
оқу процесiнде инновациялық ақпараттық және бiлiм беру технологияларын пайдалану;
бiлiм алушылар контингентiн және оқу құнын негiзге ала отырып анықталатын, бiрақ мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша анықталатын мөлшерден кем емес, бiлiм алу үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi материалдық-қаржылық активтерiнiң болуы;
студенттiң бiр жылғы оқуына жоспарлы ең аз шығыстар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына кәсiптiк жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекіту жөнiндегi қаулысымен көзделген шығыстар деңгейiне сәйкес болуы тиiс;
оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының мөлшері - студенттердің келтірілген құрамына шаққанда, бір білім алушыға толық оқу цикліне кемінде 100 басылымнан келуі; Бұл ретте кiтапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтiк-гуманитарлық бейiндегi пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы табиғи, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негiзгi оқу әдебиетi басылымдарын қамтуға тиiс. Электрондық және магниттiк тасымалдаушылардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң 10 пайызынан кем болмауы;
меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың күндізгі нысанда оқитын бір білім алушыға келетін жалпы алаңының, оқу сабақтарының ауысымдылығын ескергенде, қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келуі, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарында көзделген оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігі;
бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру үшiн қажеттi және қазiргi заман талаптарына жауап беретiн оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;
практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері анықталуы тиіс);
білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
2) консерваторияларды қоса алғанда, академияларға және оларға теңдестірілген білім беру ұйымдарына;
жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орнының 3 және одан да көп мамандық бойынша мамандануы;
іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің орындалуы;
бiр оқытушыға шаққанда студенттер құрамы өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 4, музыка және ән-күй мамандықтары бойынша 6, шет тiлi, шетел филологиясы және аударма iсi бойынша 7, бейнелеу өнерi және сызу мамандықтары бойынша 7 адамнан артық болмауы; басқа мамандықтар үшiн күндiзгiде - 8, кешкiде - 16, сырттай оқыту нысанында - 32 адамнан артық болмауы;
штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 55 пайызынан кем болмауы;
ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылар үлесi штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 35 пайызынан кем болмауы;
оқу процесiнде инновациялық ақпараттық және бiлiм беру технологияларын пайдалану;
бiлiм алушылар контингентiн және оқу құнын негiзге ала отырып анықталатын, бiрақ мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша анықталатын мөлшерден кем емес, бiлiм алу үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi материалдық-қаржылық активтерiнiң болуы; <*>
студенттiң бiр жылғы оқуына жоспарлы ең аз шығыстар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына кәсiптiк жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекіту жөнiндегi қаулысымен көзделген шығыстар деңгейiне сәйкес болуы тиiс; <*>
оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының мөлшері - студенттердің келтірілген құрамына шаққанда, бір білім алушыға толық оқу цикліне кемінде 120 басылымнан келуі; Бұл ретте кiтапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтiк-гуманитарлық бейiндегi пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы табиғи, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негiзгi оқу әдебиетi басылымдарын қамтуға тиiс. Электрондық және магниттiк тасымалдаушылардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң 15 пайызынан кем болмауы;
меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесiлі дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың күндізгі нысанда оқитын бір білім алушыға келетін жалпы алаңының, оқу сабақтарының ауысымдылығын ескергенде, қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келуі, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарында көзделген оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігі; <*>
бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру үшiн қажеттi және қазiргi заман талаптарына жауап беретiн оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;
білім беру ұйымдарының практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері анықталуы тиіс);
білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
3) университеттерге:
жоғары кәсіптік білімнің 12 және одан да көп мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орнының көп салалығы;
іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің жүргізілуі;
бiр оқытушыға шаққанда студенттер құрамы өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 4, музыка және ән-күй мамандықтары бойынша 6, шет тiлi, шетел филологиясы және аударма iсi бойынша 7, бейнелеу өнерi және сызу мамандықтары бойынша 7 адамнан артық болмауы; басқа мамандықтар үшiн күндiзгiде - 8, кешкiде - 16, сырттай оқыту нысанында - 32 адамнан артық болмауы; <*>
штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 65 пайызынан кем болмауы; <*>
ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылар үлесi штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 40 пайызынан кем болмауы; <*>
оқу процесiнде инновациялық ақпараттық және бiлiм беру төхнологияларын пайдалану;
бiлiм алушылар контингентiн және оқу құнын негiзге ала отырып анықталатын, бiрақ мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша анықталатын мөлшерден кем емес, бiлiм алу үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi материалдық-қаржылық активтерiнiң болуы; <*>
студенттiң бiр жылғы оқуына жоспарлы ең аз шығыстар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына кәсiптiк жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекіту жөнiндегi қаулысымен көзделген шығыстар деңгейiне сәйкес болуы тиiс; <*>
оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының мөлшері - студенттердің келтірілген құрамына шаққанда, бір білім алушыға толық оқу цикліне кемінде 140 басылымнан келуі; Бұл ретте кiтапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтiк-гуманитарлық бейiндегi пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы табиғи, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негiзгi оқу әдебиетi басылымдарын қамтуға тиiс. Электрондық және магниттiк тасымалдаушылардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң 20 пайызынан кем болмауы; <*>
меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесiлі дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың күндізгі нысанда оқитын бір білім алушыға келетін жалпы алаңының, оқу сабақтарының ауысымдылығын ескергенде, қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келуі, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарында көзделген оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігі;
бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру үшiн қажеттi және қазiргi заман талаптарына жауап беретiн оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;
практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері анықталуы тиіс);
білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы жөнінде біліктілік талаптары қойылады.
Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N
1747
, 2002.08.02. N
861
, 2004.12.07. N
1281
, 2005.12.20. N
1253
(2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.12. N
1195
(2007 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
23-1. Магистр академиялық дәрежесiн тағайындай отырып, жоғары кәсiптiк бiлiм және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беретiн университеттердiң, академиялардың қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) университеттер үшiн 12 және одан да көп мамандық бойынша, академиялар үшiн 3 және одан да көп мамандық бойынша жоғары кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру;
2) тиiстi мамандықтар бойынша бакалавриат бағдарламаларын жүзеге асыру;
3) магистрлердi даярлау бейiнiнiң бiлiм беру ұйымдары ғылыми зерттеулерiнiң тақырыбына сәйкес келуi;
4) тиiстi даярлау бағыттары бойынша жетекшi деп танылған ғылыми, ғылыми-бiлiм беру, өндiрiстiк және ғылыми-өндiрiстiк орталықтармен ынтымақтастық туралы келiсiмнiң болуы;
5) әрбiр даярлық бейiнi бойынша ғылым докторының болуы;
6) олардың жалпы санындағы штаттағы оқытушылардың үлесi, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша да университеттер үшiн кемiнде 65 пайыз; академиялар үшiн кемiнде 55 пайыз;
7) штаттағы оқытушылар санындағы ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесi, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша да университеттер үшiн кемiнде 45 пайыз; академиялар үшiн кемiнде 40 пайыз;
8) аталған ұйымда толық ставкада жұмыс iстейтiн, тиiстi бейiндегi ғылыми дәрежесi, кемiнде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы, отандық және шетелдiк журналдарда, халықаралық конференциялар еңбектерiнде ғылыми жарияланымдары, магистрлiк даярлау бейiнi бойынша оқу және оқу-әдiстемелiк құралдары бар жетекшi мамандар, штаттағы оқытушылар магистранттарға ғылыми жетекшiлiктi жүзеге асыруға тиiс;
9) оқу процесінде инновациялық ақпараттық және бiлiм беру технологияларын пайдалану;
10) бiлiм алушылар контингентiн және оқу құнын негiзге ала отырып айқындалатын, бiрақ мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша айқындалатын мөлшерден кем емес, бiлiм алу үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы материалдық-қаржылық активтерiнiң болуы;
11) магистранттың бiр жылғы оқуына жоспарланған ең аз шығыстар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекiту жөнiндегi қаулысында көзделген шығыстар деңгейiне сәйкес болуға тиiс;
12) толық оқу циклiне магистранттардың келтiрiлген контингентiне шаққанда бiр бiлiм алушыға кемiнде 140 бiрлiк басылымнан келетiн мамандандырылған оқу, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттер қорының болуы. Бұл ретте кiтапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтiк-гуманитарлық бейiндегi пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы табиғи, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негiзгi оқу әдебиетi басылымдарын қамтуға тиiс. Электронды және магниттi тасығыштардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң кемiнде 20 пайызы;
13) оқу сабақтарының ауысымдылығын ескере отырып, меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы дәрiсханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерiнiң, шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың күндiзгi нысанда оқитын бiр бiлiм алушыға келетiн жалпы алаңының қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келуi және мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi бiлiм беру стандарттарында көзделген оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету мүмкiндiгi;
14) бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру үшiн қажеттi және қазiргi заман талаптарына жауап беретiн оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;
15) практикадан өткiзу базалары ретiнде белгiленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда бiлiм беру ұйымының, практикадан өткiзу базалары болып табылатын ұйымдардың және бiлiм алушылардың мiндеттерi айқындалуы тиiс);
16) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру орындарының болуы.
Ескерту. 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.12.12. N
1195
(2007 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
23-2. <*>
Ескерту. 23-2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.20. N
1253
(2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
23-2 <*>
Ескерту. 23-3-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.12.12. N
1195
қаулысымен (2007 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi).
23-4. Дiни оқу орындарының қызметтерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) даярлық бейiнi бойынша жоғары дiни бiлiмi бар және дiни бiрлестiктер қоятын талаптарға сәйкес келетiн штаттағы оқытушылардың болуы;
2) толық оқу циклiне бiлiм алушылар контингентiне шаққанда бiр бiлiм алушыға саны кемiнде 50 бiрлiк басылымнан келетін оқу және оқу-әдiстемелiк әдебиет қорының болуы;
3) бiлiм беру процесiн ұйымдастыру үшiн қажеттi меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы, санитарлық нормалар мен ережелердiң талаптарына сәйкес келетiн оқу-материалдық базасының болуы;
4) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру орындарының болуы;
5) аталған дiни бiлiм беру мекемесiн лицензиялау орындылығының негiздемесi бар тиiстi дiни конфессия қолдаухатының және Қазақстан Республикасының аумағында дiни конфессияны тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiнiң болуы;
6) дiни конфессия басшылығы бекiткен даярлық бейiнi бойынша бiлiм беру бағдарламаларының (оқу жоспарларының) болуы;
7) мәлiмделген дiни бiлiм беру бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi қорытындысының болуы.
Ескерту. 23-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.12.12. N
1195
(2007 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
24. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін ұйымдардың қызметіне:
1) аспирантураға:
жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруді жүзеге асыратын, осы ұйымда даярланатын әр ғылыми мамандық бойынша толық ставкамен жұмыс істейтін, кемiнде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы, отандық және шетелдiк журналдарда, халықаралық конференциялар еңбектерiнде даярлық бейiнi бойынша ғылыми жарияланымдары, оқу және оқу-әдiстемелiк құралдары бар кем дегенде екі ғылым докторының болуы; даярланатын тиісті ғылыми мамандықтар бойынша ғылыми-зерттеу зертханаларының болуы;
даярланатын тиiсті ғылыми мамандықтар бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, тәжірибелік және материалдық-техникалық базаның болуы;
2) докторантура:
жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруді жүзеге асыратын, осы ұйымда даярланатын әр ғылыми мамандық бойынша тұрақты ставкамен жұмыс істейтін, кемiнде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы, отандық және шетелдiк журналдарда, халықаралық конференциялар еңбектерiнде даярлық бейiнi бойынша ғылыми жарияланымдары, оқу және оқу-әдiстемелiк құралдары бар кем дегенде үш ғылым докторының болуы;
даярланатын тиісті ғылыми мамандықтар бойынша осы заманғы ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-зерттеу және материалдық-техникалық базаның болуы жөнінде біліктілік талаптары қойылады.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.08.02. N
861
, 2006.12.12. N
1195
(2007 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
4. Лицензияны кері қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру
25. Лицензиардың білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияны кері қайтарып алуға немесе оның қолданылуын тоқтату тұруға құқығы бар.
26. Лицензияның күшін алты айға дейін тоқтата тұруға:
1) білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес сәйкес келмеуi;
2) білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) көрсеткiштердiң бiлiктiлiк талаптарында белгіленгеннен төмендеуi негіз болып табылады. <*>
Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.07. N
1281
, 2006.12.12. N
1195
(2007 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
27. Лицензияның қолданылуы тоқтатылып тұрған кезеңде лицензиат білім беру қызметін тоқтатпай, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған себептерді жоюға тиіс.
28. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімге лицензиат сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
29. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептері жойылғаннан кейін лицензияны қолдану жаңартылады.
30. Лицензияны қайтарып алуға:
1) соттың лицензиатқа өзінің жүзеге асыруына лицензиясы бар қызмет түрімен айналысуына тыйым салуы;
2) лицензиардың лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерінің жойылмауы;
3) лицензияда қойылған талаптарды лицензиаттың орындамауы;
4) лицензиаттың қасақана жалған ақпарат бepуi негіз болып табылады. <*>
Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.07. N
1281
қаулысымен.
31. Берілген лицензия кері қайтарып алынған жағдайда, оның қолданылуы тоқтатылады және лицензиарға қайтарылуға тиіс.
32. Лицензияның кері қайтарылып алынуы тиісті білім беру қызметін тоқтатуға әкеп соғады.
33. Білім беру ұйымы лицензияның кері қайтарып алынуына байланысты білім беру қызметін тоқтатқан жағдайда, оның құрылтайшылары білім алушылардың басқа білім беру ұйымдарында оқу жылын аяқтауына шаралар қолдануға міндетті.