Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылға 18 сәуiрдегі N 596 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Реcпубликасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 2 тамыздағы N 861. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N 452 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N  452  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. "Бiлiм беру қызметiн лицензиялаудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 219-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру қызметiн лицензиялаудың ережесiнде: 
      23-тармақта: 
      1), 2), 3) тармақшалар мынадай мазмұндағы жетiншi және сегiзiншi абзацтармен толықтырылсын: 
      "бiлiм алушылар контингентiн және оқу құнын негiзге ала отырып анықталатын, бiрақ мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша анықталатын мөлшерден кем емес, бiлiм алу үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi материалдық-қаржылық активтерiнiң болуы; 
      студенттiң бiр жылғы оқуына жоспарлы ең аз шығыстар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына кәсiптiк жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекіту жөнiндегi қаулысымен көзделген шығыстар деңгейiне сәйкес болуы тиiс;"; 
      1) тармақшаның сегiзiншi абзацында "өз меншiгiндегi немесе 1 оқу жылынан кем емес мерзiмге жалға алған" деген сөздер "меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     24-тармақта:
     1) тармақшаның үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "даярланатын тиiсті ғылыми мамандықтар бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, тәжірибелік және материалдық-техникалық базаның болуы";
     2) тармақшаның үшiншi абзацы "ғылыми-тәжiрибелiк" деген сөздерден кейiн ", ғылыми-зерттеу және материалдық-техникалық" деген сөздермен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

     Қазақстан Республикасының 
     Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады