Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 желтоқсан N 1747. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N 452 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N  452  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: 
      1. "Бiлiм беру қызметiн лицензиялаудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596  P000596_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 219-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру қызметiн лицензиялаудың ережесiнде: 
      23-тармақта: 
      1) тармақшада: 
      екiншi абзацтағы "бiр немесе бiрнеше" деген сөздер "6 және одан да көп" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "бiр оқытушыға шаққанда студенттер құрамы өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 4, музыка және ән-күй мамандықтары бойынша 6, шет тiлi, шетел филологиясы және аударма iсi бойынша 7, бейнелеу өнерi және сызу мамандықтары бойынша 7 адамнан артық болмауы; басқа мамандықтар үшiн күндiзгіде - 10, кешкiде - 20, сырттай оқыту нысанында - 40 адамнан артық болмауы; 
      штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша 30 пайызынан кем болмауы; 
      ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылар үлесi штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 25 пайызынан кем болмауы"; 
      жетiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: 
      "электрондық және магниттiк тасымалдаушылардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң 10 пайызынан кем болмауы"; 
      сегiзiншi абзац "жалға алған" деген сөздердiң алдынан "1 оқу жылынан кем емес мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын; 
      2) тармақшада: 
      екiншi абзац "мамандануы" деген сөздiң алдынан "3 және одан да көп мамандық бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; 
      төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "бiр оқытушыға шаққанда студенттер құрамы өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 4, музыка және ән-күй мамандықтары бойынша 6, шет тiлi, шетел филологиясы және аударма iсi бойынша 7, бейнелеу өнерi және сызу мамандықтары бойынша 7 адамнан артық болмауы; басқа мамандықтар үшiн күндiзгiде - 10, кешкiде - 20, сырттай оқыту нысанында - 40 адамнан артық болмауы; 
      штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 40 пайызынан кем болмауы; 
      ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылар үлесi штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 30 пайызынан кем болмауы"; 
      жетiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: 
      "электрондық және магниттiк тасымалдаушылардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң 15 пайызынан кем болмауы"; 
      сегiзiншi абзац "жалға алған" деген сөздердiң алдынан "1 оқу жылынан кем емес мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын; 
      3) тармақшада: 
      екiншi абзацтағы "7" деген сан "12" деген санмен ауыстырылсын; 
      төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "бiр оқытушыға шаққанда студенттер құрамы өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 4, музыка және ән-күй мамандықтары бойынша 6, шет тiлi, шетел филологиясы және аударма iсi бойынша 7, бейнелеу өнерi және сызу мамандықтары бойынша 7 адамнан артық болмауы; басқа мамандықтар үшiн күндiзгiде - 10, кешкiде - 20, сырттай оқыту нысанында - 40 адамнан артық болмауы; 
      штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 50 пайызынан кем болмауы; 
      ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылар үлесi штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 35 пайызынан кем болмауы";
     жетiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
     "электрондық және магниттiк тасымалдаушылардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң 20 пайызынан кем болмауы";
     сегiзiншi абзац "жалға алған" деген сөздердiң алдынан "1 оқу жылынан кем емес мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады