Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 1281 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N 452 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N  452  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Білім беру қызметiн лицензиялаудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегі N 596  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 219-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру қызметiн лицензиялаудың ережесiнде:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымының филиалына берiлетін лицензияның қосымшаларында мемлекеттік жалпыға бiрдей мiндетті бiлiм беру стандарттарының әлеуметтiк-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндерi циклдарының көлемiнде кәсiптiк білім беру бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз ететiн оқыту мерзiмдерi көрсетіледі.";
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Қысқа мерзiмдi курстар, тағылымдамалар нысанындағы және мемлекеттiк қорытынды аттестаттаумен және мемлекеттiк үлгiдегi бiлiмi және (немесе) біліктілігі туралы құжаттар берумен аяқталмайтын басқа да оқыту түрлерiнің бiлiм беру қызметi лицензиялауға жатпайды.";
      7-тармақ 5) тармақшадағы "жоспарларын" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) штаттағы оқытушылардың бар екенін растайтын құжатты;
      7) меншiк оқу-материалдық базасының бар екендігін растайтын құжаттарды.";
      2), 3) тармақшалардың оныншы абзацында 23-тармақтың "өз меншiгіндегi немесе 1 оқу жылынан кем емес мерзiмге жалға алған" деген сөздер "меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесiлі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2 және 23-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "23-1. Дiни оқу орындарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) даярлық бейiні бойынша жоғары дiни бiлiмi бар және діни бiрлестiктер қоятын талаптарға сай келетiн штаттағы оқытушылардың болуы;
      2) толық оқу цикліне білім алушылар контингентiне шаққанда бiр оқушыға саны кемiнде 50 бiрлiк басылымнан келетiн оқу және оқу-әдiстемелiк әдебиеттер қорының болуы;
      3) білім беру процесiн ұйымдастыру үшiн қажеттi меншiк, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осы құқығын растайтын құжаттардың көшiрмесi қоса берiлген санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен үй-жайлардың болуы және қажетті оқу-материалдық базасының болуы;
      4) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
      5) дiни кадрлар даярлау туралы тиiсті дiни конфессияның қолдаухатының болуы;
      6) мәлімделген дiни бiлiм беру бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегі кеңестің қорытындысының болуы.
      23-2. Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) қашықтықтан оқыту технологияларын пайдаланып, бiлiм беру бағдарламасы пәндерінің кемiнде 90 %-ын iске асыру;
      2) әрбiр бiлiм алушының негiзгi ақпараттық білім беру ресурстарына қол жетiмдiлiгінің және оқытушылармен өзара iс-қимылының болуы;
      3) кемiнде екі қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану (кейстік, желілік және ТД-технологиялар);
      4) Web-сайт пен бiлiм порталының болуы;
      5) оқытуды қашықтықтан оқыту технологияларын пайдаланып жүргізу үшiн мамандандырылған студияның болуы;
      6) қашықтық технологияларын пайдаланып іске-асырылатын бiлiм беру бағдарламаларының барлық пәндерi бойынша электронды оқу-әдістемелік кешендердің болуы;
      7) байланыс арналары өткізу қабiлетiнің қашықтықтан оқытудың техникалық және бағдарламалық құралдары жөніндегі мемлекеттік стандартының талаптарына сай болуы;
      8) оқытушылар мен көмекшi персоналдың қашықтықтан бiлiм беру саласындағы бiлiктiлiгiн арттыру туралы құжаттарының болуы;
      9) бiлiм беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті меншiк, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы осы құқығын растайтын құжаттардың көшiрмесi қоса берiлген санитарлық нормалар мен ережелердiң талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен үй-жайлардың, ұйымдастыру техникасы мен құрал-жабдықтардың болуы және қажеттi оқу-материалдық базасының болуы.
      23-3. Қосымша кәсiптiк бiлiм берудi iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) кадрларды даярлау бейiні бойынша жоғары бiлімі бар штаттағы оқытушылардың болуы;
      2) мамандандырылған оқу-практикалық базасының болуы;
      3) бiлiм беру процесiн ұйымдастыру үшін қажетті меншiк, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы осы құқығын растайтын құжаттардың көшiрмесi қоса берiлген санитарлық нормалар мен ережелердiң талаптарына сәйкес келетiн ғимараттар мен үй-жайлардың болуы және қажетті оқу-материалдық базасының болуы.";
      26-тармақ 2) тармақшадағы "сәйкес келмеуі" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) көрсеткiштердiң бiлiктiлiк талаптарында белгіленгеннен төмендеуi.";
      30-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) лицензиаттың қасақана жалған ақпарат бepуi.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Пpeмьeр-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады