Бiлiм беру мекемелерiнiң бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензия беру тәртiбiн, бiлiм беру мекемелерiн бiтiргенi және бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары туралы құжаттарды беру тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 26 қыркүйек N 1174. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.04.18. N 596 қаулысымен. ~P000596

      Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Бiлiм беру туралы", "Жоғары бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Z952200_ Заң күшi бар Жарлығына, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 K952201_ қаулысына және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Бiлiм беру мекемелерiнiң бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензия беру тәртiбi.
      Бiлiм беру мекемелерiн бiтiргенi туралы құжаттар беру тәртiбi.
      Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бiр айлық мерзiмде ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан оқу орындарын лицензиялауды, аттестациялауды және тiркеудi жүргiзу үшiн бiрыңғай нормативтердi, Үлгiлiк ережелердi (нұсқаулықтар, регламенттер) әзiрлесiн және бекiтсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi және иелiгiнде оқу

 

орындары бар басқа министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы

органдар оқу орындарының бiлiм беру қызметiн лицензиялау мәселелерi

бойынша бұрын қабылданған нормативтiк актiлерiн осы қаулыға сәйкес

келтiрсiн.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                     1996 жылғы 26 қыркүйектегi

                                        N 1174 қаулысымен

                                            БЕКIТIЛГЕН


         Бiлiм беру мекемелерiне бiлiм беру қызметiн жүргiзу

                     құқығына лицензия берудiң

                             ТӘРТIБI



 
       1. Оқу орындарының бiлiм беру қызметiн лицензиялау (бұдан әрi - лицензиялау) - Қазақстан Республикасының жалпыға мiндеттi бiлiм беру мекемелерiнiң бiлiм беру қызметiн жүргiзуге арналған рұқсаты.
      2. Ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан нақтылы мамандықтар бойынша бiлiм туралы құжаттар беру құқығымен орта, арнаулы орта және жоғары бiлiм беретiн барлық оқу орындары және олардың филиалдары мен өкiлдiктерi лицензиялауға жатады.
      Сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында бiлiм беру қызметiн жүзеге асырушы шетелдiк оқу орындары және олардың филиалдары мен өкiлдiктерi де Қазақстан Республикасының оқу орындарындай осындай шарттар мен осы тәртiпте лицензиялауға жатады.
      3. Оқу орындары (бұдан әрi - лицензиат) мынадай органдарда:
      орта бiлiм беретiн оқу орындары - облыстық, қалалық (астаналар мен республикалық маңызы бар қалалар) бiлiм беру басқармаларында (департаменттерiнде);
      нақтылы мамандықтар бойынша жоғары және арнаулы орта бiлiм беретiн оқу орындары - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне лицензияланады.
      4. Баспаханалық тәсiлмен дайындалатын есептiк сериясы мен нөмiрi бар, қатаң есеп беру құжаттары болып табылатын лицензия нысандары мен оған қоса берiлетiн лицензиялау кәртiшкелерден тұрады.
      5. Бiлiм беру қызметiне арналған лицензиялау ақылы негiзде жүргiзiледi. Лицензиат лицензиялық алымды лицензиялауға дейiн белгiленген мөлшерде енгiзедi. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиялық алым қайтаруға жатады.
      6. Бiлiм беру қызметiне арналған құқық және Қазақстан Республикасының заңдарымен берiлетiн тиiстi жеңiлдiктер бiлiм беру мекемелерiнде оларға лицензия берiлген күннен бастап пайда болады және оны қайтарып алған сәтте немесе заңда белгiленген тәртiппен ол жарамсыз деп танылғанда тоқтатылады.
      7. Лицензиат лицензиялау үшiн оқу жылы басталғанға дейiн төрт айдан кешiктiрмей лицензияларға тiзбесi заңдармен айқындалатын қажеттi құжаттарды және де тiзбесiн Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi белгiлейтiн бiлiм беру қызметiн жүргiзу үшiн қойылатын бiлiктiлiк және нормативтiк талаптардың сақталуын растайтын басқа да құжаттарды беруге тиiс. Бұл талаптар жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарымен айқындалады және ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан барлық оқу орындарынан бiрдей дәрежеде талап етiледi.
      8. Бiлiм беру қызметiнiң субъектiлерi болып табылатын оқу орындарының және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң лицензиясыз бiлiм беру қызметiн жүзеге асыруы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады, Лицензиясыз бiлiм беру қызметiн жүзеге асырудан түскен пайда соттың шешiмi бойынша тиiстi бюджетке алынуға жатады.
      9. Бiлiм беру басқармасының мемлекеттiк органы лицензиаттың барлық қажетi құжаттарымен өтiнiшi тiркелген күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей оған лицензия беруге немесе оны беруден дәлелдi бас тартуды бiлдiруге тиiс.
      Құжаттар толық көлемде ұсынылмаған немесе олардың бiлiктiлiк және нормативтiк талаптарға сәйкессiздiгi жағдайында лицензиаттың өтiнiшi қаралуға жатпайды. Лицензиат аталған кемшiлiктердi жөндеген кезде өтiнiш жалпы негiзде қаралады.
      10. Жаңадан ашылған оқу орнына лицензия берген кезде лицензиалардың оқу жылы iшiнде лицензиат қызметiнiң Қазақстан Республикасының жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкестiгiне кешендi тексеру жүргiзуге құқығы бар.
      11. Лицензия Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын бұзған жағдайларда қайтарып алынуы мүмкiн.
      12. Бiлiм беру мекемелерi бiлiм беру қызметiн мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезде оның құрылтайшыларына оқушылардың, студенттердiң және олардың ата-аналарының алдында материалдық және моральдық шығындарды өтеу жөнiнде жауапкершiлiкте болады. Бiлiм беру мекемелерiнiң құрылтайшылары мұнымен бiрге оқушылар мен студенттердiң басқа сәйкес үлгiдегi бiлiм беру мекемелерiнде оқуын жалғастыруын қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдауға мiндеттi.
      13. Бiлiм беру басқармалары органдарының лицензия беруден бас тарту немесе оны қайтарып алу туралы шешiмдерiне бiр ай мерзiмде сот тәртiбiмен шағымдануы мүмкiн.
 

                                       Қазақстан Республикасы



                                            Үкiметiнiң

                                     1996 жылғы 26 қыркүйектегi

                                        N 1174 қаулысымен

                                            БЕКIТIЛГЕН



 
 
                Бiлiм беру мекемелерiн бiтiргенi туралы
                     құжаттарды берудiң тәртiбi
 
      1. Қай ведомствоға жататынына және меншiк нысанына қарамастан (оның iшiнде шетелдiк те) лицензияланған бiлiм беру қызметiн жүзеге асырушы барлық бiлiм беру мекемелерi және олардың филиалдары мен өкiлдiктерi бiтiрушiге бiлiм туралы тиiстi құжат беруге мiндеттi.
      2. Қай ведомствоға жататыны және меншiк нысанына қарамастан аттестацияланған оқу орындарының бiтiрушiлерiне мемлекеттiк үлгiдегi құжат олардың бiлiм деңгейiнiң Қазақстан Республикасының жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартына сәйкестiгi шарттарына сай берiледi.
      3. Жеке меншiк (мемлекеттiк емес) оқу орындарында бiлiм алған адамдардың, құрамын Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi (немесе тиiсiнше облыстық (қалалық) бiлiм беру басқармалары) бекiткен Мемлекеттiк бiлiктiлiк комиссиясы жүргiзетiн ақылы мемлекеттiк аттестациядан өтуге құқығы бар.
      4. Жеке меншiк (мемлекеттiк емес) оқу орындары мемлекеттiк аттестациядан өтуге тiлек бiлдiрмеген бiтiрушiге бiлiм туралы өз үлгiсiндегi құжат бере алады.
      5. Бiлiмi туралы мемлекеттiк құжат үлгiлерiнiң Қазақстан Республикасының барлық аумағында күшi бар және танылады. Бiлiмi туралы құжаттар түрлерiн Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бекiтедi.
 

                                       Қазақстан Республикасы



                                            Үкiметiнiң

                                     1996 жылғы 26 қыркүйектегi

                                        N 1174 қаулысымен

                                            БЕКIТIЛГЕН



 
 
               Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде
                   қойылатын бiлiктiлiк талаптары
 
      Бiлiм беру қызметi саласындағы жұмыстар түрiне орта, орта арнаулы және жоғары бiлiм беру саласындағы қызметтер енгiзiледi.
      "Бiлiм беру туралы" және "Жоғары бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес бiлiм беру мекемелерiне қойылатын негiзгi бiлiктiлiк талаптары ведомстволық бағыныстылығы мен нысанына қарамастан, түрлi үлгiдегi бiлiм беру мекемелерi түлектерiне қойылатын төменгi талап деңгейiн айқындайтын жалпыға бiрдей мiндеттi стандартты сақтау болып табылады. Оқу орындарының жұмысқа арналған оқу жоспары мен бағдармалары түрлi үлгiдегi оқу орындары мен түрлi

 

мамандықтар үшiн Бiлiм министрлiгi бекiткен жалпыға бiрдей мiндеттi

стандарттарға сәйкес әзiрленуi тиiс.

     Бiлiм беру қызметiн жүзеге асыруға лицензия алу құқығына,

сондай-ақ мынадай бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн заңды

тұлғалар ие бола алады.


              Орта бiлiм саласында

     Толық емес орта мектеп:

     бiр сыныпқа 25-30 оқушы қабылдау;

     жоғары және бiрiншi санатты мұғалiмдер үлесi-50-60 процент;

     мектеп үйiнiң күндiз оқитын бiр оқушыға келетiн жалпы алаңы 3-4

шаршы метр;

     оқушылардың аталған контингентiне оқулық кiтаптар қорының

қатынасы 15-20 басылым бiрлiгi;

     бейiмдiк орта мектеп (9-11 сыныптар, гимназия, лицей,

кәсiптiк-техникалық мектеп, инновациялық мектептер):

     бiр сыныпқа қабылданатын оқушы саны 20-25;

     жоғары және бiрiншi санатты мұғалiмдер үлесi-70-80 процент;

     мектеп үйiнiң күндiз оқитын бiр оқушыға келетiн жалпы алаңы 4-5

шаршы метр;

     оқушылардың аталған контингентiне оқулық әдебиеттер қорының

қатынасы 25-30 басылым бiрлiгi.


              Орта арнаулы бiлiм беру саласында

     Колледждер:


     бiрiншi курсқа қабылданатын оқушы саны кем дегенде 100;

     күндiзгi оқыту нысанына келтiрiлген студенттер контингентi, бiр

оқытушыға 14 (он төрт) адамнан аспайтын есеппен;

     жоғары және бiрiншi санатты оқытушылар үлесi кем дегенде 50

процент;


 
       гуманитарлық колледждердiң оқу үйiнiң күндiз оқитын бiр оқушысына келетiн жалпы алаңы кем дегенде 5 шаршы метр, техникалық колледждерде кем дегенде 6 шаршы метр, медициналық колледждерде кем дегенде 4 шаршы метр;

 

     оқытушылардың аталған контингентiне оқулық әдебиеттер қорының

қатынасы кем дегенде 40 басылым бiрлiгi.


              Жоғары бiлiм беру саласында

     Университет, академия:


     бiрiншi курсқа қабылдау кем дегенде 400 адам;

     күндiзгi оқыту нысанына келтiрiлген студенттер контингентi, бiр

оқытушыға 10 (он) адамнан аспайтын есеппен;

     ғылыми дәрежесi және атағы бар штаттық оқытушылар кем дегенде

30 процент;

     бiр студенке келетiн пайдалы оқу алаңы кем дегенде 9 шаршы метр;

     бiр студентке келетiн толық оқыту циклына арналған оқулық,

ғылыми әдебиеттер кем дегенде 140 басылым бiрлiгi.


              Институт:


     бiрiншi курсқа қабылдау кем дегенде 300 адам;


 
       күндiзгi оқыту нысанына келтiрiлген студенттер контингентi (гуманитарлық, медициналық және техникалық институттар), бiр оқытушыға 10 (он) адамнан аспайтын есеппен;
      ғылыми дәрежесi және атағы бар штаттағы оқытушылар 25 процент;
      бiр студентке келетiн пайдалы оқу алаңы гуманитарлық институтқа

 

кем дегенде 7 шаршы метр, техникалық және медициналық институтқа кем

дегенде 8 шаршы метр;

     бiр студентке келетiн толық оқыту циклына арналған оқулық,

ғылыми әдебиеттер кем дегенде 100 басылым бiрлiгi.


              Жоғары колледж:


     бiрiншi курсқа қабылдау кем дегенде 200 адам;

     күндiзгi оқыту нысанына келтiрiлген студенттер контингентi, бiр

оқытушыға 12 (он екi) адамнан аспайтын есеппен;

     ғылыми дәрежесi және атағы бар штаттағы оқытушылар кем дегенде

20 процент;

     бiр студентке келетiн пайдалы оқу алаңы кем дегенде 7 шаршы метр;

     бiр студентке келетiн толық оқыту циклына арналған оқулық,

ғылыми әдебиеттер кем дегенде 50 басылым бiрлiгi.



 
       Ескерту. Шығармашылық мамандықтарға, әскери, халықаралық, автономиялық оқу орындарына, сондай-ақ мемлекеттiк жоғары оқу орындары базасында жұмыс iстейтiн мемлекеттiк емес оқу орындарына бiлiктiлiк талаптарын қойған кезде олардың өзiндiк ерекшелiктерi оқушылар контингентiн құрастырған кезде ескерiлуi мүмкiн.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады