Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 3 000 000 қытай юаны сомасында өтеусіз көмек көрсетуі туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 21 сәуір N 620

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ұсынған және қытай тарапымен алдын-ала пысықталған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 3 000 000 қытай юаны сомасында өтеусіз көмек көрсетуі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қытай тарапымен келіссөздер жүргізсін және Келісімнің жобасына принципті сипаты жоқ өзгертулер мен толықтырулар енгізу рұқсатымен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан көрсетілген Келісімге қол қойсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Сәт Бесімбайұлы

 

Тоқпақбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы

Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Қарулы

Күштеріне 3 000 000 қытай юаны сомасында өтеусіз көмек көрсетуі туралы

келісімге қол қою өкілеттігі берілсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                             Жоба


            Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

        Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы

   Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының

        Қарулы Күштеріне 3 000 000 қытай юаны сомасында өтеусіз

                    көмек көрсетуі туралы

                          Келісім


     Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

Қытай Халық Республикасының Үкіметі

     екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыта түсу

мақсатында

     төмендегілер туралы келісті:


                          1-бап



 
       Қытай Тарапы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 3 000 000 қытай юаны (үш миллион женьминбиі) сомасында өтеусіз көмек көрсетеді. Көмектің атаулары мен көлемі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшада көрсетілген.
 
                            2-бап
 
      Қытай Тарапы тауарларды Қазақстан Тарапы көрсеткен қазақстан-қытай шекарасы пунктіне жеткізіп береді. Аталған тауарларды қабылдау-беру үшін екі Тарап өз өкілдерін белгілейді. Қытай Тарапы тауарларды Қытай Халық Республикасынан тасымалдау үшін қажетті шығындарды төлейді. Қазақстан Тарапы тауарлар жеткізілгеннен кейін туындайтын шығындарға жауапты болады.
 
                           3-бап
 
      Осы Келісім, Қытай Халық Республикасының Үкіметі үшін - қол қойылған күнінен бастап, Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін, оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдер орындалған күннен бастап күшіне енеді.

 

     Осы Келісім оның ережелері жүзеге асырылған сәттен бастап өз

іс-әрекетін аяқтайды.

     2000 жылғы "___"________ ___________ қаласында, әрқайсысы қазақ,

қытай, орыс және ағылшын тілдерінде, екі данадан жасалды, әрі барлық

мәтіндердің бірдей күші бар.

     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушілік туындаған

жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.


     Қазақстан Республикасының       Қытай Халық Республикасының

         Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін



                                             Қосымша



           Қытайдың Қазақстан Қарулы Күштеріне

                 беретін тауарларының

                       тізімі


                  Атауы                       Саны


     1. Түрлі-түсті телевизор (дюйм)          100 дана

     2. Бейне көру магнитофоны                50 дана

     3. Сканер                                10 дана

     4. Факсимилдік аппарат                   20 дана

     5. Мұздатқыш камера (10-15 тонна)        2 дана

     6. Кір жуатын машина (25-50 кг)          2 дана

     7. Көшірме машинасы                      10 дана

     8. Бейне көру кассетасы                  1000 дана

     9. Жеке-дара компьютер                   15 дана

     10. Жылжымалы компьютер                  5 дана     

     11. Лазерлі принтер                      5 дана

     12. Ағысты принтер                       10 дана




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.      







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады