Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша 2000 жылдың наурызы, сәуірі үшін алдағы және мерзімі өткен төлемдерді өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 22 сәуір N 626

      Қазақстан Республикасының шетелдік кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындау және дефолт фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша республикалық бюджеттен бұрын бөлінген қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) 1995 жылғы 1 желтоқсандағы N 0000001, 1995 жылғы 1 желтоқсандағы N 0000002, 1996 жылғы 11 наурыздағы N 0000012, 1996 жылғы 23 қыркүйектегі N 001 Қазақстан Республикасы берген мемлекеттік кепілдіктерге сәйкес және 1999 жылғы 20 мамырдағы N 0000035, N 11987 жазбаша хабарламаға (кепілдік берілген міндеттемеге) шетел банктері шоттарының негізінде дәрменсіз заемшылар үшін алдағы және мерзімі өткен төлемдерді (1, 2-қосымшаларға сәйкес) 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Несиелендіру" бөлімі бойынша көзделген қаражаттың шегінде төлейтін болсын;
      2) заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарды пайдалану жөніндегі қызметіне қаржылық-шаруашылық тексеріс жүргізсін және оларды пайдалану тәртібін бұзушылық фактілері анықталған жағдайда кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жауапқа тарту мақсатында материалдарды құқық қорғау органдарына, соттарға тапсырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі заемшылардың банкроттығы рәсіміне дейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша қаржылық міндеттемелерін орындамаған тұлғаларды, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілікке тартуға, заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қолдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шараларды қолдансын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі, "ТұранӘлемБанкі" ашық акционерлік қоғамы және "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) қаржылық міндеттемелері республикалық бюджеттің есебінен

 

орындалған заемшыларға қатысты бөлінген мемлекеттік бюджеттік қаражатты

қайтару жөнінде қолданылған шаралар мен олардың нәтижелілігі туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                     Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                          2000 жылғы 22 сәуірдегі

                                               N 626 қаулысына

                                                   1-қосымша


    Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес  

            сыртқы заемдарды өтеу жөніндегі алдағы төлемдердің

                                 СОМАСЫ

---------------------------------------------------------------------------

Заемшы ұйым    !Төлем! Төлем  ! Төлем    ! Негізгі   !Проценттер !Басқа. 

                !валю.! күні   !сомасы    !  борыш    !           !лары

                !тасы !        !          !           !           !

---------------------------------------------------------------------------

                           Германия кредит желісі    


"Екібастұзкөмір"  DM  23.03.00  2184706,06  1853016,17  331689,89    0,00 

МАҚ  

"Екібастұзкөмір" EUR  01.04.00   449482,45   392442,08   57040,37    0,00 

МАҚ  


                            Чехия кредит желісі


"Конденсат" АБК  USD  30.03.00  1729534,60  1666666,66   62867,94    0,00 

    Барлығы       DM            2184706,06  1853016,17  331689,89    0,00 

                 EUR             449482,45   392442,08   57040,37    0,00

                 USD            1729534,60  1666666,66   62867,94    0,00


                                     Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                          2000 жылғы 22 сәуірдегі

                                               N 626 қаулысына

                                                   2-қосымша


    Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес  

         сыртқы заемдарды өтеу жөніндегі мерзімі өткен төлемдердің

                                 СОМАСЫ

---------------------------------------------------------------------------

Заемшы ұйым    !Төлем! Төлем  ! Төлем    ! Негізгі   !Проценттер !Басқа. 

                !валю.! күні   !сомасы    !  борыш    !           !лары

                !тасы !        !          !           !           !

---------------------------------------------------------------------------

                               АҚШ кредит желісі    


"Кең дала" МАҚ   USD  15.12.99   27078,88         0,00       0,00 27078,88


                             Түрік кредит желісі


"Медеу-Эмсаш-    USD  01.03.00  330148,91         0,00  330148,91     0,00

Алатау" БК   

"Игілік" АҚ      USD  01.03.00   83120,21         0,00   83120,21     0,00

"Мақсат" АҚ      USD  01.03.00   68167,42         0,00   68167,42     0,00

"Жеңілөнер.      USD  01.03.00  642237,91         0,00  642237,91     0,00

кәсіп" АҚ


                              Канада кредит желісі


"Армавирский"    USD  15.12.99    1124,54         0,00    1071,44    53,10

кеңшары

     Барлығы:    USD           1151877,87         0,00 1124745,89  27131,98





     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады