Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 1999 жылғы 13-19 қарашада Стамбул қаласындағы ЕҚЫҰ Саммитіне қатысуы барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-мен одан арғы ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 1999 жылғы 18-19 қарашада Стамбул қаласындағы ЕҚЫҰ Саммитiне қатысуы барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегі iс-шаралардың жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтілсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де
мемлекеттiк органдары (келiсiм бойынша) белгiленген тәртiппен Жоспарда
көзделген iс-шараларды орындауды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі осы қаулының
орындалуын бақылауды жүзеге асырсын және Жоспарды жүзеге асырудың барысы
туралы кемiнде тоқсанына бiр рет Қазақстан Республикасының Үкiметiне
хабарласын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 5 мамырдағы
N 669 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың
1999 жылғы 18-19 қарашада Стамбул қаласындағы ЕҚЫҰ Саммитiне
қатысуы барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру
жөнiндегi iс-шаралардың жоспары
---------------------------------------------------------------------------
N ! Іс-шара !Орындау мерзімі!Жауапты орындаушы
р/с! ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4
---------------------------------------------------------------------------
1. ЕҚЫҰ институттарының жұмысына қазақ. 2000 жылдың Сыртқы істер
стандық мамандарды тартудың мүмкін. ішінде министрлігі
діктерін зерттеу
2. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім 2000 жылдың Сыртқы істер
білдіру шаралары жөніндегі кеңес І жартыжылдығы министрлігі
процесін одан әрі алға бастыру
жөніндегі диалогты дамыту. ЕҚЫҰ-ның
Жанжалдардың алдын алу жөніндегі
орталығымен екі жақты консультациялар
өткізу
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2000 жылдың Сыртқы істер
мен ЕҚЫҰ-ның демократиялық институт. ішінде министрлігі,
тар мен адам құқықтары жөніндегі Орталық сайлау
бюросының арасындағы өзара түсіністік комиссиясы
туралы 1998 жылғы 2 желтоқсандағы (келісім бойынша)
меморандумға сәйкес Қазақстандағы
демократиялық процестерді жетілдіру
жөніндегі жобаларды іске асыруды
қамтамасыз ету
4. Мұнай және газ саласындағы 2000 жылдың Экономика
ынтымақтастық: ішінде министрлігі,
1) Стамбулда қол қойылған Түркия, Энергетика,
Әзірбайжан және Грузия арасындағы индустрия және
құжаттарды жобаны іске асыру сауда министрлігі,
жөніндегі ұйымдық құрылымдарды Қаржы министрлігі,
қалыптастыру, оның қаржылық, Сыртқы істер
транзиттік және басқа да шарттарын министрлігі
келісу кезінде қазақстандық
мүдделерді қамтамасыз ету тұрғысынан
зерделеу;
2) басқа экспортшылар тарапынан бәсекені
ескере отырып, Қазақстан газының
экспорты үшін жағдайды күні бұрын
қамтамасыз ету мақсатында түркімендік
және Транскаспий газ құбыры жобасын
іске асыруға қатысушы түркімендік және
басқа да шетелдік ұйымдармен
консультациялар өткізу;
3) Баку-Джейхан жобасы бойынша мүдделі
компаниялармен және құрылымдармен
келіссөздерді жандандыру
5. Орталық Азиядағы экология және су 2000 жылдың Табиғи ресурстар
ресурстары мәселелері жөніндегі ІІ және қоршаған
конференцияға (2000 жыл, Лондон) қатысу тоқсаны ортаны қорғау
үшін делегацияның құрамын бекіту министрлігі,
Сыртқы істер
министрлігі,
Энергетика,
индустрия және
сауда министрлігі
6. ЕҚЫҰ-ның тиісті институттарымен 2000 жылдың Сыртқы істер
Орталық Азия аймағының тұрақтылығына ІІ министрлігі,
қауіп төндіретін экстремизм, терроризм, тоқсаны Ұлттық қауіп.
жасырын көші-қон және есірткілер мен сіздік комитеті
қаруларды заңсыз тарату сияқты неғұрлым (келісім бойынша),
өткір проблемаларды шешу жөніндегі Ішкі істер
ынтымақтастықтың бағытын айқындау министрлігі,
Мемлекеттік
кіріс министрлігі
7. Қазақстан өкілдерін ЕҚЫҰ-ға қатысушы 2000 жылдың Ұлттық қауіп.
мемлекеттерде құрылатын және аталған І жартыжылдығы сіздік комитеті
ұйымның билігінде болатын жедел (келісім бойынша),
сарапшылық қолдау және ынтымақтастық Ішкі істер
топтарына (РЕАКТ) енгізу жөнінде министрлігі,
ұсыныстар дайындау Төтенше жағдайлар
жөніндегі агенттік
8. Полиция қызметтерінің кәсібі даярлығы 2000 жылдың Ішкі істер
мен тиісті қазіргі заманғы І жартыжылдығы министрлігі,
жабдықтармен жарақтандырылуы Ұлттық қауіп.
(жедел-тактикалық әлеуетті арттыру, сіздік комитеті
полиция жұмысының жаңа, қазіргі заманғы (келісім бойынша)
нысандарын меңгеру және т.б.)
саласындағы ынтымақтастық мәселелерін
пысықтау
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.