Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 6 мамыр N 681. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен ~P020594

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 P980231_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 8, 56-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасындағы:
      шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігіндегі тең төрағалары құрамына:
      сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-словак комиссиясы және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-чех комиссиясы құрамына Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер бірінші вице-министрі;
      сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-таиланд бірлескен комиссиясы және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-фин комиссиясы құрамына Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі;
      сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-поляк комиссиясы құрамына Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі енгізілсін;
      сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-палестина комиссиясы және бірлескен қазақстан-ливия комиссиясы құрамына Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
      сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-вьетнам бірлескен комиссиясы құрамына Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі енгізілсін;
      Ахметов Әділ Құрманжанұлы, Әбілғазин Данияр Рүстемұлы және Досаев

 

Ерболат Асқарбекұлы аталған құрамнан шығарылсын;

     Мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

     "Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-эмират

бірлескен комиссиясы Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы - Қазақстан

Республикасының Экономика министрі".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады