Литва Республикасының Президенті В. Адамкустың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын әзірлеу және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 10 мамыр N 689

      Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және Литва Республикасының Президенті Валдас Адамкустың Қазақстан Республикасына 2000 жылғы 10-12 мамырдағы мемлекеттік сапарын әзірлеу және өткізу жөнінде Астана және Алматы қалаларында протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Литва Республикасының Президенті Валдас Адамкустың Қазақстан Республикасына 2000 жылғы 10-12 мамырдағы мемлекеттік сапарын (бұдан әрі - сапар) әзірлеу және өткізу жөніндегі Астана және Алматы қалаларындағы ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) Литва Республикасының ресми делегация мүшелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету жөнінде қосымшаға сәйкес қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ресми делегация мүшелері тұратын және баратын орындарда қауіпсіздікті, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Литва Республикасы Президентінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қонуын және ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, тұрақ беруді және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі қазақстан-литва сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының бірінші мәжілісін Астана қаласында ұйымдастырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі:
      Алматы қаласының әкімімен бірлесіп Алматы қаласында Қазақстан Республикасының іскер топтарының өкілдері және Литва Республикасы делегациясының құрамында келетін іскер топтар өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырсын;
      Астана қаласының әкімімен бірлесіп Астана қаласында Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының, іскер топтарының өкілдері және Литва Республикасы делегациясының құрамында келетін іскер топтар өкілдерінің қатысуымен "Дөңгелек үстел" ұйымдастырсын.
      7. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
      8. Астана және Алматы қалаларының әкімдері Литва Республикасының ресми делегациясын күтіп алу және шығарып салу, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерін безендіру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
      9. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім

 

бойынша) 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға

қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен сапарды

өткізу шығыстарының қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.

     10. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

     11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                            2000 жылғы 10 мамырдағы

                                               N 689 қаулысына

                                                   қосымша


    Литва Республикасының ресми делегациясы мүшелерін орналастыру және    

           оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары



 
       1. Литва Республикасының ресми делегациясы мүшелерін (1+1+10) Астана қаласында "Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйіне, Алматы қаласында Қонақтар павильонына және "Алмалы" қонақ үй кешеніне, бірге жүретін адамдарды Астана қаласында "Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйіне орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін "Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйіне орналастыру.
      3. 2000 жылғы 10-12 мамырда сапарды өткізуге жұмылдырылған адамдар үшін жедел байланыс құралдарын (5 дана) жалдау.
      4. Баспа өнімдерін (бейдждер, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар) дайындау.
      5. Кәдесыйлар және делегация басшысы үшін сыйлық сатып алу.
      6. Литва Республикасының ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында күтіп алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
      7. Литва Республикасының ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында күтіп алу және шығарып салу рәсімдерін техникалық безендіру (VIР-зал, сусындар, шай, жалаулар, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен делегацияның жүретін бағыттары бойынша қазақ және литван тілдерінде жазылған қошаметтік ұрандар).
      8. Литва Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы мен Литва

 

Республикасының іскер топтары өкілдерімен кездесуін және Алматы қаласында

бизнес-форумды өткізуді ұйымдастыру.

     9. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев пен зайыбы

атынан Литва Республикасының Президенті В. Адамкус пен зайыбы құрметіне

Астана қаласында ресми қонақасы ұйымдастыру.

     10. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы мен

Мәжілісінің Төрағасы атынан қонақасы ұйымдастыру.

     11. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен таңертеңгілік жұмыс

қонақасын ұйымдастыру.

     12. Алматы қаласы әкімінің атынан түстік қонақасын ұйымдастыру.

     13. Ресми делегацияның мүшелеріне және бірге жүрген адамдарға

медициналық қызмет көрсету.




    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады