"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 15 мамыр N 718

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери-техникалық мамандардың қажетті санын даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептері оларды қосу жолымен "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі" (бұдан әрі - Кәсіпорын) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығындағы субъектінің функцияларын жүзеге асырушы органы болып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) айқындалсын.
      3. Азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау (қайта даярлау) Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
      4. Уәкілетті орган бір ай мерзімде:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


                                    Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                         2000 жылғы 15 мамырдағы
                                             N 718 қаулысына
                                                 қосымша

       Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қайта
         ұйымдастырылған әскери-техникалық мектептерінің
                            Тізбесі

     1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақтау әскери-техникалық мектебі, Ақтау қаласы;
     2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақтөбе әскери-техникалық мектебі, Ақтөбе қаласы;
     3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Алматы әскери-техникалық мектебі, Алматы қаласы;
     4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Атырау әскери-техникалық мектебі, Атырау қаласы;
     5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қарағанды әскери-техникалық мектебі, Қарағанды қаласы;
     6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қызылорда әскери-техникалық мектебі, Қызылорда қаласы;
     7. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Павлодар әскери-техникалық мектебі, Павлодар қаласы;
     8. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Петропавл әскери-техникалық мектебі, Петропавл қаласы;
     9. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Семей әскери-техникалық мектебі, Семей қаласы;
     10. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тараз әскери-техникалық мектебі, Тараз қаласы;
     11. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Түркістан әскери-техникалық мектебі, Түркістан қаласы;
     12. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орал әскери-техникалық мектебі, Орал қаласы;
     13. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Өскемен әскери-техникалық мектебі, Өскемен қаласы;
     14. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шымкент әскери-техникалық мектебі, Шымкент қаласы;
     15. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Щучинск әскери-техникалық мектебі, Щучинск қаласы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады