"Қару-жараққа, әскери техникаға және екі ұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына Z990009_ және "Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде "Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы) 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 23/2000-НВ келісім-шартына сәйкес Хайдарқан сынаптық мемлекеттік акционерлік қоғамына (Ош облысының Айдаркен кенті) беретін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы разрядты жүктердің (жарылғыш материалдардың) транзитіне рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі, қолданылып жүрген "Қауіпті жүктерді тасымалдау ережесіне" және басқа да нормативтік кесімдерге сәйкес қауіпсіздіктің ерекше шараларын сақтай ете отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің темір жол көлігімен тасымалдануын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін. Қозғалыс бағыты мен жүк тиеу кестесі 2 және 3-қосымшаларда.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден
комитеті белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
жарылғыш материалдардың транзитін бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 16 мамырдағы
N 725 қаулысына 1-қосымша
"Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамы 02.12.99 ж. N 23/2000-НВ
келісім-шарты бойынша берілетін СЭҚ ТН бойынша кодтары көрсетілген
тауарлардың ерекшеліктері
---------------------------------------------------------------------------
Тауардың! Тауардың атауы ! Өлшем ! Саны ! Бағасы ! Жалпы құны
коды ! !бірлігі! ! АҚШ !АҚШ долларымен
! ! ! !долларымен!
---------------------------------------------------------------------------
360200000 ГОСТ 21984-76 Аммонит тонна 200.00 820.00 164000.00
патрондарымен 6ЖВ
32 мм
---------------------------------------------------------------------------
360300900 ГОСТ 6254-85 КД-8С мың 200.00 124 24800.00
Капсюльдер-детона. дана
торлар
---------------------------------------------------------------------------
360300000 ЭД-1-3т ДИШВ Электр мың 50 1035.00 51750.00
детонаторы дана
---------------------------------------------------------------------------
360300100 ДША ГОСТ 6196-78 мың м. 40 226.00 9040.00
Детонаторлы бау
---------------------------------------------------------------------------
360300100 ОШП ГОСТ 3470-80 мың м. 300 135 40500.0
отқа төзімді бау
---------------------------------------------------------------------------
360300900 Тұтандырғыш патрон мың 10 477.00 4770.00
ЗП-Б ТУ 84-206-81 дана
---------------------------------------------------------------------------
360300900 ЭЗ-ОШ ТУ 84-207-81 мың 10 521.00 5210.00
Электрмен дана
тұтандырғыш
---------------------------------------------------------------------------
360300900 ВП 0.8 Өндірістік жару мың м. 20 48 960
жұмыстарына арналған
сымдар
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 16 мамырдағы
N 725 қаулысына 2-қосымша
2000 жылы беру үшін жарылғыш материалдардың
қозғалыс бағыты
Жарылғыш материалдардың қозғалыс маршруты мынадай бағыттарда жүзеге
асырылады:
жөнелту стансасы: Бескудниково немесе Мытищи, Ресей Федерациясы;
нысаналы стансасы: Жел-Арық ст, Қырғыз т.ж.;
шекарадан өту стансасы: Локоть, Тобыл (Ресей Федерациясымен шекарада)
Чальдовар (Қазақстан) стансасына дейін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 16 мамырдағы
N 725 қаулысына 3-қосымша
2.12.99 ж. N 23/2000-НВ келісім-шарты бойынша "НВ"
ААҚ - Хайдархан сынап МАӨ-на 2000 жылғы өнім жөнелту
Кестесі
---------------------------------------------------------------------------
NN ! Атауы ! Өлшем !Жылына ! Оның ішінде
р/с! ! бірлігі !барлығы! тоқсандар бойынша
! ! ! !-----------------------
! ! ! ! ІІ ! ІІІ ! ІV
---------------------------------------------------------------------------
1. Аммонит: 6ЖВ д - 32 мм тн. 200 60 60 80
---------------------------------------------------------------------------
2. КД-8С Капсюльдер-детона. мың дана 200 - - 200
торлар
---------------------------------------------------------------------------
3. ЭД-1-3 Т электрлі жарғыштар мың дана 50 - - 50
---------------------------------------------------------------------------
4. ДША детонатор бауы мың м. 40 - 40 -
---------------------------------------------------------------------------
5. ОШП отқа төзімді бау мың м. 300 - - 300
---------------------------------------------------------------------------
6. ЗП-Б тұтандырғыш патрон мың дана 10 - - 10
---------------------------------------------------------------------------
7. ЭЗ-ОШ электрлі тұтандырғыш мың дана 10 - - 10
---------------------------------------------------------------------------
8. Өндірістік жарылыс мың м. 20 - - 20
жұмыстарына арналған
ВП-0,8 сымы
---------------------------------------------------------------------------
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.