Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 маусымдағы N 796 P990796_ "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтiк үй-жайларды бөлу туралы" қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулының қосымшасында:
реттiк нөмiрi 28-жолдағы, 4-бағандағы "Қазақстан Республикасы
Yкіметiнiң резервi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс
министрлiгінiң Салық полициясы комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 29-жолдағы, 4-бағандағы "Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң резервi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс
министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 31-жолмен толықтырылсын:
"31. Әкiмшiлiк ғимараты, 1846,7 Қазақстан Республикасы
Абай көшесi, 50. Мемлекеттiк кiрiс
министрлiгiнiң
Салық полициясы комитетi."
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Икебаева Ә.Ж.