Атырау облысы жергiлiктi атқарушы органының қарыз алуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 19 мамыр N 752

      Атырау облысын әлеуметтiк-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Мыналарға:
      1) Атырау облысының жергiлiктi атқарушы органы ұсынған 2000 жылға арналған аймақтық инвестициялық бағдарламаның шегiнде "Атырау қаласындағы автомобиль жолдарын қайта жаңарту және жөндеу" және "Атырау қаласында құс фабрикасының құрылысын салу" жобаларын iске асыруға;
      2) Атырау облысы жергiлiктi атқарушы органының, заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiкті атқарушы органның 2000 жылға арналған қарыз алу лимиті шегiнде, көрсетiлген жобаларды қаржыландыру үшiн тиiсiнше 650 000 000 (алты жүз елу миллион) теңге және 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге көлемiнде заемдар тартуына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгі 2000 жылға арналған аймақтық инвестициялық бағдарламаны экономикалық сараптауды жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қорытынды ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнiң оң қорытынды беруi бойынша:
      1) тартылатын заемдардың шарттарына қаржылық сараптаманы жүзеге асырсын;
      2) мемлекеттiк борышты басқарудың шеңберiнде заемдарды тiркеудi, заемдарға қызмет көрсету мен оларды өтеудi бақылауды және оның мониторингiн қамтамасыз етсiн.
      4. Атырау облысының әкiмi:
      1) Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне Министрлiктiң белгiленген талаптарына сәйкес 2000 жылға арналған аймақтық инвестициялық бағдарламаны ұсынсын;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгіне тартылатын

 

заемдардың шарттарына қаржылық сараптама жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды

ұсынсын;

     3) заңнамада белгiленген тәртiппен заемдарды тартуды қамтамасыз етсiн;

     4) заемдардың қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн;

     5) заемдарға қызмет көрсетудi және оларды жергiлiктi бюджеттің

қаражатынан өтеудi қамтамасыз етсiн;

     6) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне заемдардың қаражатын

игеру, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу жөнiнде ұдайы ақпарат берудi

қамтамасыз етсiн.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсiн.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады