Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекiту туралы" 2000 жылғы 10 ақпандағы N 334 U000334_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi және Экономика министрлiгi 2001 және одан кейiнгі жылдарға арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу кезiнде бюджеттiк заңнамада көрсетiлген қорғанысқа арналған шығыстардың елдiң iшкi жалпы өнiмiнiң кемiнде 1 пайызын құрайтын және секвестрлеуге жатпайтын деңгейiнiң негізiнде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн кепiлдiктi бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі мен Қорғаныс министрлiгi 2001 жылдың 1 наурызына дейiнгi мерзiмде "Әскери жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеудi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгізудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі, Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша), Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) және Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекiту туралы" 2000 жылғы 10 ақпандағы
N 334 Жарлығынан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылға арналған заң жобалау
жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы
12 ақпандағы N 220
қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтырулар
енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарында:
1) реттiк нөмiрi 1-жол алынып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 30-1, 30-2-жолдармен
толықтырылсын:
"30-1 Келiсiм-шарт Қорғанысминi сәуiр мамыр маусым
бойынша әскери
қызмет туралы
30-2 Мемлекеттiк Энергоиндустсаудаминiнiң сәуiр мамыр маусым
қорғаныстық Қорғаныс өнеркәсiбi
тапсырыс туралы жөнiндегi комитетi,
Қорғанысмині ".
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.