"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 мамыр N 766

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына, "Дене тәрбиесi және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Ұлттық орталық) құрылсын. 

      2. Ұлттық орталықты мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi қызметiн жүзеге асыратын орган болып, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi анықталсын. 

      3. Ұлттық орталық қызметiнiң негізгi мәнi: 
      1) балалар мен жастардың дене тәрбиесi жөнiндегi ғылыми және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етуге мақсатты кешендiк бағдарламалар әзiрлеуге қатысу; 
      2) спорт түрлерi бойынша республиканың спорттық резервiн даярлауға және жасөспiрiмдер мен студенттiк құрама командаларын жасақтауға қатысу; 
      3) спорт түрлерi бойынша республика құрама командасының мүшелерiне педагогикалық, психологиялық және дәрігерлiк-биологиялық көмек көрсету; 
      4) дене тәрбиесi жөнiндегi педагог кадрларды қайта даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға қатысу болып белгiленсiн. 

      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi: 
      1) Ұлттық орталықтың жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 

      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi білiм, ғылым және дене тәрбиесi ұйымдарының желiлерiн және құрылымдарын оңтайландыруды жүргiзуден түскен қаражат есебiнен аймақтық дене тәрбиесi орталықтарын құру мәселесiн қарастырсын. 

      6. Алматы қаласының әкiмi белгiленген тәртіппен Ұлттық орталықты орналастыруға арналған үй-жай бөлсiн. 

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады