Қостанай облысының аумағындағы табиғи апаттың зардаптарын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға арналған резервінен, Қостанай облысының әкіміне тұрғын үйлер мен шаруашылық жүргізуші объектілердің су астында қалуына байланысты болған төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға 50 (елу) миллион теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Қостанай облысының әкімі 2000 жылдың қорытындылары бойынша
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне
орындалған жұмыстардың көлемдері мен құны туралы есеп ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Багарова Ж.А.