Атырау облысында елді мекендерді қорғау және көктемгі су тасқындары мен Каспий теңізінің жел көтерген толқындарының зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Атырау облысының әкіміне халықты және аумақтарды көктемгі су тасқыны мен Каспий теңізінің жел көтерген толқындарынан қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге 100 (жүз) миллион теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Атырау облысының әкімі 2000 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан
Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне орындалған
жұмыстардың көлемдері мен құны туралы есеп ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Бағарова Ж.А.