"Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 13 қазандағы N 235
Жарлығына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1131
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 353-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
атауындағы және мәтiнiндегi "Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң" деген сөздер "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
кiрiспесiндегi "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылдың 1 сәуiрiндегi N 352" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 қарашадағы N 1807" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi туралы Ережедегi:
атауындағы және мәтiнiндегi "Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң", "Ғылым және жоғары бiлiм министрiнiң", "Ғылым және жоғары бiлiм министрi", "Ғылым және жоғары білiм министрлiгi" деген сөздер тиiсiнше "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi", "Энергетика, индустрия және сауда министрi", "Энергетика, индустрия және сауда министрi", "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың екiншi абзацындағы "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі