2000 жылғы 10-13 маусымда Алматы қаласында Азияаралық темір жол магистралінің Солтүстік дәлізі бойынша транзиттік тасымалдарды дамытудың болашағы жөнінде кеңейтілген кеңес өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 29 мамыр N 808

      Азияаралық темір жол магистралі Солтүстік дәлізінің Ляньюньган-Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) - Дружба - Астана - Пресногорьковская (Қазақстан) - Екатеринбург - Мәскеу (Ресей) - Минск - Брест (Беларусь) - Варшава (Польша) - Берлин (Германия) бағытын пайдалану жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысының барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2000 жылғы 10-13 маусымда Алматы қаласында бюджеттік қаржыландыру қаражатын қолданбай Дружба (Қазақстан Республикасы) - Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) халықаралық шекара өткелінің техникалық мүмкіншіліктерін көрсете отырып, Азияаралық темір жол магистралінің Солтүстік дәлізі бойынша транзиттік тасымалдарды дамытудың болашағы жөнінде кеңейтілген кеңес (бұдан әрі - кеңейтілген кеңес) өткізу туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі кеңейтілген кеңесті өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын және оған қатысушылардың 2000 жылдың 10-12 маусымында Дружба (Қазақстан Республикасы) - Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) халықаралық шекара өткелінде болуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қытай жағымен кеңейтілген кеңеске қатысушылардың Алашанькоу станциясында (Қытай Халық Республикасы) болуы, арнаулы поездың Алматы - Дружба (Қазақстан Республикасы)- Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) - Алматы бағыты бойынша қазақстан-қытай шекарасы арқылы өтуі мәселелерін келіссін, кіру және шығу құжаттарын ресімдеуге жәрдемдессін.
      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жүру бағыты бойынша арнаулы поезбен жол жүру кезінде кеңейтілген кеңеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті кеңейтілген кеңеске қатысушылар мінген арнаулы поезды Дружба (Қазақстан Республикасы) және Алашанькоу (Қытай

 

Халық Республикасы) станцияларында оңайлатылған тәртіппен өткізуді

қамтамасыз етсін.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік

және коммуникациялар министрлігіне жүктелсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Бағарова Ж.А.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады