Астана қаласында Орталық Азия Экономикалық Қауымдастығы Премьер-Министрлерінің Кеңесі мәжілісін өткізуге байланысты ұйымдастыру іс-шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 30 мамыр N 817

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Орталық Азия Экономикалық Қауымдастығы (бұдан әрі - Қауымдастық) Премьер-Министрлері кеңесінің мәжілісі 2000 жылғы 8 маусымда Астана қаласында өткізілсін.
      Қоса беріліп отырған:
      Қауымдастықтың кезекті мәжілісінің негізгі іс-шараларының бағдарламасы;
      Премьер-Министрлер Кеңесінің жұмысына қатысу үшін Қазақстан Республикасы ресми делегациясының құрамы бекітілсін.
      2. Министрліктер, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) мәжіліс шеңберінде кездесу үшін көзделген ауқымда іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етсін, ресми делегациялардың мүшелерін, сарапшыларды және бірге жүретін адамдарды орналастыру мен оларға қызмет көрсету, баспа өнімдерін дайындау мен кәдесыйларды сатып алу жөнінде қажетті шараларды қолдансын.
      3. Министрліктер мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі:
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін жауапты етіп белгілей отырып, кездесу шеңберіндегі іс-шараларға құжаттық, ақпараттық және техникалық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етсін;
      Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен, Республикалық Ұланмен (келісім бойынша) бірлесіп, Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің ресми делегацияларын әуежайда күтіп алу мен шығарып салу және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан Қауымдастыққа қатысушы мемлекеттердің үкіметтері басшыларының құрметіне ресми қабылдау өткізуді ұйымдастырсын.
      4. Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің делегацияларына қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында оларға 1-қосымшаға сәйкес министрліктер бекітілсін.
      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Көлік және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Үкіметтер басшыларының арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен кедергісіз ұшуын қамтамасыз етсін. Көлік және коммуникациялар министрлігі арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, тұрақ беруді және жанармай құюды ұйымдастырсын.
      6. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Үкіметтер басшыларының қауіпсіздігін, әуежайда, делегацияның жол жүру бағыттары бойынша және болатын орындарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
      7. Астана қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен ресми делегацияларды күтіп алу мен шығарып салу, жол жүру бағыттарын, бас қала - Астана қаласының әуежайы мен көшелерін безендіру жөніндегі барлық ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

 

министрлігі ресми мәжіліс шеңберіндегі іс-шаралардың кеңінен жария

етілуін қамтамасыз етсін.

     9. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі кездесу

шеңберіндегі іс-шараларды өткізуге 2000 жылға арналған республикалық

бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат

есебінен 2-қосымшаға сәйкес қаражат бөлсін.

     10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                           Қазақстан Республикасы

                                               Үкіметінің

                                           2000 жылғы 30 мамырдағы

                                              N 817 қаулысымен

                                                 бекітілген


        Орталық Азия Экономикалық Қауымдастығының

     Премьер-Министрлері Кеңесінің кезекті мәжілісінің негізгі

                    іс-шараларының

                     Бағдарламасы

_____________________________________________________________________

Рет!    Іс-шараның атауы         !Орындалу  !      Орындалуына

  N                                 мерзімі          жауаптылар

_____________________________________________________________________

  1            2                       3                  4

_____________________________________________________________________

1  ОАЭҚ одағына қатысушы мемлекет. 30 мамырға  СІМ, Қазақстан Республи.

  термен мәжілістің мерзімдері     дейін       касының Премьер-Министрі

  мен бағдарламасын келісу                     Кеңсесінің Сыртқы байла.

                                               ныстар бөлімі, ОАЭҚ Мем.

                                               кеңесінің Атқарушы комитеті


2 Негізгі делегацияның, бірге      30 мамырға      -//-

  жүретін адамдардың және          дейін

  сарапшылардың құрамы жөнінде

  ұсыныстар әзірлеу


3 ОАЭҚ-на қатысушы мемлекет.      30 мамырға    Көліккоммині,

  тердің тиісті органдарымен       дейін,       Қорғанысмині, СІМ

  Қазақстанның аумағында арнайы    мәжіліс

  ұшақтардың ұшып өтуі,            кезінде

  олардың тұрақтары, қызмет

  көрсету және жанармай   

  құю мәселелерін келісу


4 Астана қаласының                30 мамырға    Астана қаласының әкімі,

  әуежайын, көшелерін               дейін       Қазақстан Республикасы

  делегациялардың жол                           Президентінің Іс

  жүру бағыттары бойынша                        Басқармасы

  безендіру                                     (келісім бойынша)   


5 Мәжілісті хаттамалық             мәжіліс      СІМ, Қазақстан

  қамтамасыз ету                   кезінде      Республикасының    

                                                Премьер-Министрінің

                                                Хаттама қызметі


6 Әуежайда, жол жүру               мәжіліс      Қазақстан Республикасы

  бағыттары бойынша делега.        кезінде      Президентінің Күзет

  циялардың қауіпсіздігін                       қызметі (келісім бойынша),

  қамтамасыз ету                                ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша)


7 ОАЭҚ-на қатысушы мемлекеттер     30 мамырға   Қаржымині, Астана  

  делегацияларының болуын          дейін        қаласының әкімі

  қаржыландыруды қамтамасыз          

  ету


8 Делегацияларды қабылдау.          мәжіліс      Қазақстан Республикасы

  дың жағдайлары мен шаруа.                      Президентінің Іс

  шылық қызмет көрсету мәсе.                     Басқармасы

  лелерін айқындау (орналастыру,                 (келісім бойынша), СІМ

  тамақтандыру, көліктік

  қызмет көрсету, әуежайда

  шәй ұйымдастыру), ескерткіш

  кәдесыйлар дайындау


9 Делегациялар мүшелеріне          мәжіліс      Қазақстан Республикасының

  медициналық қызмет көрсету      уақытында     Президенті Іс Басқарма.

                                                сының медициналық орталығы

                                                (келісім бойынша)


10 ОАЭҚ Үкіметтері басшы.         мәжіліс       Қазақстан Республикасы

   ларының құрметіне Қазақстан    уақытында     Президентінің Іс

   Республикасы Премьер-Министр.                Басқармасы (келісім

   інің атынан ресми қабылдауды                 бойынша)

   ұйымдастыру


11 Қырғыз Республикасының,        30 мамырға    СІМ (шақыру), мәжіліс.

   Тәжікстан Республикасы.        дейін         тің күн тәртібіне сәйкес

   ның және Өзбекстан                           министрліктер мен

   Республикасының басшылы.                     ведомстволар

   ғымен келіссөздерге

   тезистер:

     басшылық туралы

   өмірбаяндық деректер;

   Қазақстан Республикасы мен

   ОАЭҚ-на қатысушы мемлекеттер

   ынтымақтастығының

   жай-күйі мен перспективалары

   туралы анықтамалық материалдар;

   келіссөздерде қойылатын

   мәселелер;

     Қазақстан Республикасы

   Премьер-Министрінің

   мәжілісте, ресми қабылдауда

   сөйлейтін сөздерінің

   жобалары


12 Күн тәртібіне сәйкес           30 мамырға       ОАЭҚ Мемкеңесінің

   құжаттарды келісуді            дейін            Атқарушы комитеті

   аяқтау және қол қоюға                           (келісім бойынша),

   әзірлеу                                         СІМ, министрліктер

                                                   мен ведомстволар


13 Телехабарларды және           маусым            Қазақстан Республикасы.

   баспасөзге арналған                             ның Премьер-Министрі

   материалдарды әзірлеу,                          Кеңсесінің Баспасөз

   мәжіліс пен оның                                қызметі, МАКМ, СІМ

   қорытындыларын БАҚ-та

   жария ету


14 Делегацияларға              30 мамырға         СІМ

   министрліктер мен           дейін

   ведомстволарды бекіту

   жөнінде ұсыныстар енгізу

_____________________________________________________________________


                                          Қазақстан Республикасы

                                                Үкіметінің

                                        2000 жылғы 30 мамырдағы

                                        N 817 қаулысымен бекітілген


     Орталық Азия Экономикалық Қауымдастығына қатысушы мемлекеттер

         Премьер-Министрлерінің Кеңесі мәжілісіне қатысатын

             Қазақстан Республикасы ресми делегациясының

                       Құрамы


                  Ресми делегация


     Тоқаев                 - Қазақстан Республикасының

     Қасымжомарт Кемелұлы     Премьер-Министрі


     Саудабаев              - Қазақстан Республикасының

     Қанат Бекмырзаұлы        Премьер-Министрі Кеңсесінің

                              Басшысы


     Школьник               - Қазақстан Республикасының

     Владимир Сергеевич       Энергетика, индустрия және

                              сауда министрі


     Бүркітбаев             - Қазақстан Республикасының

     Серік Мінуарұлы          Көлік және коммуникациялар

                              министрі


     Құлекеев               - Қазақстан Республикасының

     Жақсыбек Әбдірахметұлы   Экономика министрі


     Мыңбаев                - Қазақстан Республикасының

     Сауат Мұхамбетбайұлы     Ауыл шаруашылығы министрі


     Смирнов                - Қазақстан Республикасының

     Анатолий Владимирович    Сыртқы істер вице-министрі


             Бірге жүретін адамдар


     Черепанов              - Қазақстан Республикасының

     Александр Михайлович     Премьер-Министрі

                              Хатшылығының меңгерушісі


     Қанапиянов             - Қазақстан Республикасы

     Сержан Мұсаханұлы        Премьер-Министрінің Кеңсесі

                              Сыртқы байланыстар бөлімінің

                              меңгерушісі


     Нығматуллин            - Астана қаласы әкімінің орынбасары

     Нұрлан Зайроллаұлы    


     Қожақов                - Қазақстан Республикасының

     Асан Егінбайұлы          Сыртқы істер министрлігі ТМД

                              істері жөніндегі комитетінің төрағасы


     Рамазанов              - Қазақстан Республикасының

     Аманбек Мырзахметұлы     Табиғи ресурстар және қоршаған

                              ортаны қорғау министрлігі

                              Су ресурстары жөніндегі

                              комитетінің төрағасы


     Кузовников             - Қазақстан Республикасының

     Сергей Владимирович      Премьер-Министрі

                              Баспасөз қызметінің жетекшісі


     Асанов                 - Қазақстан Республикасының

     Жандос Әнуарұлы          Премьер-Министрі Хатшылығы

                              меңгерушісінің орынбасары -

                              Хаттама қызметінің жетекшісі


     Батырашев              - Қазақстан Республикасы

     Дәулет Қасекенұлы        Премьер-Министрінің көмекшісі


     Жұмалы                 - Қазақстан Республикасы

     Расул Берекетұлы         Премьер-Министрінің

                              баспасөз хатшысы


     Әділбаев               - Қазақстан Республикасының

     Жалғас Жұмайұлы          Сыртқы істер министрлігі

                              Мемлекеттік хаттама

                              басқармасының бастығы


     Черепанов              - Қазақстан Республикасының

     Александр Николаевич     Сыртқы істер министрлігі ТМД

                              істер жөніндегі комитетінің

                              басқарма бастығы



                                            Қазақстан Республикасы

                                                   Үкіметінің

                                           2000 жылғы 30 мамырдағы

                                                N 817 қаулысына

                                                   1-қосымша


         Орталық Азия Экономикалық Қауымдастығына қатысушы

    мемлекеттердің делегацияларына бекітілген Қазақстан Республикасы

                      министрліктерінің

                         Тізімі


     _________________________________________________________________

     Қырғыз Республикасы         ! - Қазақстан Республикасының

                                   Энергетика, индустрия және

                                   сауда министрлігі (В.С.Школьник)


     Тәжікстан Республикасы        - Қазақстан Республикасының

                                   Ауыл шаруашылығы министрлігі

                                   (С.М.Мыңбаев)


     Өзбекстан Республикасы        - Қазақстан Республикасының

                                   Көлік және коммуникациялар

                                   министрлігі (С.М.Бүркітбаев)


                                    Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                        2000 жылғы 30 мамырдағы

                                           N 817 қаулысына

                                              2-қосымша


        Орталық Азия Экономикалық Қауымдастығы Премьер-

     Министрлерінің Кеңесі мәжілісін өткізуге арналған шығыстар

                       Сметасы


     2000 жылғы 8 маусым, Астана-ОАЭҚ Премьер-Министрлерінің Кеңесі

     (1+5 формуласы)

_____________________________________________________________________

          Қызметтердің атаулары             !  Сомасы (теңге)

___________________________________________!_________________________

1.  Премьер-Министрлерді орналастыру       

     ("Интерконтиненталь")


     3 нөмір х 1 тәулік х 390 $

          тәулігіне =                             168480


     Ресми делегация мүшелерін

          орналастыру

       ("Интерконтиненталь")


     20 нөмір есебінен бір орындық

        нөмірлер тәулігіне 190$                   410400

     15 нөмір х 1 тәулікке х 190$


2.    Буфеттік қызмет көрсету

      48 адамға х 1040 теңге                      49920


3.     Көліктік қызмет көрсету

              шығыстары

     - 3 Мерседес (седан) сағатына

            700 теңге


     7 жеңіл автокөлік х 700 теңге х

         тәулігіне 10 сағат                       70000


4.   ҚР Премьер-Министрінің атынан

        35 адамды қабылдау.    


     1 адамға 6500 теңге есебінен 35              227500

     адам х 6500 теңге


5.      Жалаулар, бейдждер,           

     автокөліктерге рұқсаттамалар                 10000


6.    Кәдесыйлар және сыйлықтар      

     4 данасы х 5000 теңгеден + 24        

        дана х 1000 теңгеден                      44000

               Жиыны:                             980300


     1 АҚШ долларының бағамы = 144 теңге




     Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Бағарова Ж.А. 







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады