Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жарылғыш материалдардың транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 30 мамыр N 819

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екіұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы "Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы) 1999 жылғы 15 қарашадағы N 17/2000-НВ келісім-шарты бойынша "Құмтөр Оперейтинг Компани" компаниясына (Бішкек қаласы) беретін жарылғыш материалдардың транзитіне 1-қосымшаға сәйкес санда рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі қолданылып жүрген Халықаралық теміржол арқылы жүк қатынасы туралы келісімнің Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне (2-қосымша) және басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес қауіпсіздіктің ерекше шараларын қамтамасыз ете отырып, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жүктердің қозғалыс бағыты мен жөнелту кестесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темір жол көлігімен жүктің транзиттік тасымалының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен разрядты жүктердің (жарылғыш

материалдардың) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін

бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                           2000 жылғы 30 мамырдағы

                                          N 819 қаулысына 1-қосымша


       "Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғам 15.11.99 ж.

     N 17/2000-НВ келісім-шарты бойынша "Құмтөр Оперейтинг

         Компани" компаниясына беретін тауарлардың саны


_____________________________________________________________________   

Р/N!      Тауардың атауы       !Өлшем !  Саны ! Бағасы ! Жалпы құны

                                 бірлігі          АҚШ      АҚШ

                                               долларымен  долларымен

_____________________________________________________________________

1.  ФМ ТУ 36 1403062-1-95       тн.    1000.0   620.0    620000.00

     гранипоры


2.  ПДП-300 ТУ 7276-001-

     07510000-99                 тн.    0.15     2600.00  390.00

     шашкалары


3.  ПДП-400 ТУ 7276-            тн.    0.20     2600.00  520.00

     001-07510000-99

     шашкалары


4.  ПДП-600 ТУ 7276-001-

     07510000-99                 тн.    60       2600.00  156000.00

     шашкалары


     Жиынтығы:                                            776910.00




                                      Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                          2000 жылғы 30 мамырдағы

                                         N 819 қаулысына 2-қосымша


        1999 жылғы 15.11.N 17/2000- НВ келісім-шарт бойынша "Құмтөр       

         Оперейтинг Компани" компаниясына 2000 жылы өнімді жөнелту

                                Кестесі

_____________________________________________________________________

р/с !      Атауы        ! Өлш. !Барлығы! Бір вагонға ! Соның ішінде, тоқсан

                        бірлігі  бір     тиеу нормасы   бойынша вагондар

                                жылға       (тн)      __________________

                                                       №ІІ  ! ІІІ ! ІҮ

______________________________________________________________________

1. ФМ ТУ 36 1403062-

    01-95 гранипоры       тн.    1000.0      55         7     10     1


2. ПДП ТУ 7276-001-

    0751000 шашкалары     тн.     60.350     20         1      1     2

______________________________________________________________________


                                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                           2000 жылғы 30 мамырдағы

                                          N 819 қаулысына 3-қосымша


     2000 жылы беруге арналған жарылғыш заттардың қозғалыс

                         бағыты


     Жарылғыш материалдардың қозғалыс бағыты мына бағыттар бойынша жүзеге

асырылады:

     Баратын станциясы: Жел-Арық т.ж. коды;

     Шекарадан өту станциясы: Илецк-1-экс-Луговая

     (Қазақстан)

     Алушы: "Құмтөр Оперейтинг Компани" компаниясы





     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Бағарова Ж.А.     









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады