Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің арасында Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 8 маусым N 876

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі ұсынған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің арасындағы Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы (қоса беріліп отырған) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен жоғарыда көрсетілген Келісімді жасасу туралы тәжік тарапымен келіссөздер жүргізсін және оған Келісімнің жобасына қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне

 

қарсы күрес жөніндегі агенттігінің төрағасы Константин Анатольевич

Колпаковқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің арасындағы

Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз

айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді жасасуға

өкілеттік берілсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



        Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы

      Үкіметінің арасындағы Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың

    және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық 

                              туралы келісім


     Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

Тәжікстан Республикасы Үкіметі,


 
       өз халықтарының өміріне, денсаулығына, тұрмыс жағдайына қатер төндіретін есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды қиянатпен пайдаланушылық пен олардың заңсыз айналымы проблемаларының өсе түсіп отырған ауқымына үлкен алаңдаушылық білдіре отырып;
      есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың қауіп-қатерінің көлемі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда жаңа стратегиялар мен ұстанымдарды талдап жасауды талап ететінін пайымдай отырып;
      есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына және оларды қиянат жасап пайдалануға қарсы күрес ісінде ынтымақтастықты нығайту Тараптар мемлекеттері халықтарының түбірлі мүдделеріне жауап береді деп есептей отырып;
      1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияға жасалған түзетулер туралы 1972 жылғы хаттамаға сәйкес түзетулер енгізілген 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияны, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияны және Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының 1988 жылғы конвенциясын назарға ала отырып;
      Есірткі құралдарымен психотроптық заттардың өндірісіне, ұсынысына, сұранысына, олардың заңсыз айналымы мен таратылуына қарсы күрес ісіндегі 1990 жылғы Халықаралық ынтымақтастықтың бүкіл дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасында жарияланған мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып;
      Жалпы жұрт таныған қағидаттар мен халықаралық құқықтың нормаларын

 

басшылыққа ала отырып;

     Тараптар мемлекеттерінің заңдарын сақтай отырып,

     төмендегілер туралы келісті:


                               1-бап


     Осы Келісімде көзделген ынтымақтастық Тараптардың құзыретті органдары

арасындағы тікелей байланыстар мен уағдаластықтар арқылы жүзеге асырылады.

     Қазақстан Республикасына қатысты:


     1. Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне

қарсы күрес жөніндегі агенттігі (негізгі үйлестіруші).

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

     3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

     4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

     5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

     6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі

агенттігі.

     7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

комитеті құзыретті органдар болып табылады.


     Тәжікстан Республикасына қатысты:


     1. Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Есірткілерге

бақылау жасау жөніндегі агенттік (негізгі үйлестіруші).

     2. Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

     3. Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

     4. Тәжікстан Республикасының Қауіпсіздік министрлігі.

     5. Тәжікстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.

     6. Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кеден комитеті.

     7. Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекараны 

қорғау жөніндегі комитеті.


                               2-бап



 
       Тараптар есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға бақылау жасау мәселелері бойынша өздерінің ұлттық саясатын үйлестіретін болады және халықаралық форумдарда келісілген ұстанымдар тұрғысынан шығуға ұмтылады.
      Әрбір Тараптың құзыретті органдары ұлттық заңдарына сәйкес өзінің бастамасы бойынша немесе сұрау салу бойынша мүмкіндігінше қысқа мерзімде төмендегідей ақпараттар алмасады:
      1. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымға түсу көздерін анықтаудың нысандары мен әдістері және оларды таратудың жолын кесуде қолданылатын әдістер, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынушыларды анықтаудың әдістемесі туралы, есірткі құралдарын психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізушілерді анықтау жөнінде жедел іздестіру қызметін ұйымдастыру туралы;
      2. Нақты фактілер, оқиғалар және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың мемлекетаралық заңсыз айналымына қатысы бар адамдар туралы;
      3. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың мемлекетаралық заңсыз айналымы кезінде пайдаланылатын көлік құралдары, жүктер, пошта жөнелтілімдері, бағыттар туралы;
      4. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың тараптар мемлекеттерінің аумағына немесе аумағынан заңсыз өткізудің анықталған фактілері немесе әрекеттері туралы;
      5. Тасымалдау кезінде қолданылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жасырудың тәсілдері және шекаралық бақылауды ұйымдастыруды қоса алғанда, оларды анықтаудың әдістері туралы;
      6. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды заңсыз тасымалдаушылар мен олардың айналысының анықталған бағыттары туралы;
      7. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды қиянат жасап пайдаланушылыққа және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Тараптар мемлекеттерінің заңдарын бұзған адамға немесе адамдар тобына қатысты істер туралы;
      8. Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен заңсыз операциялар жасаудан алынған кірістерді заңдастырудың тәсілдері мен әдістері туралы;
      9. Заңсыз айналымда пайда болған есірткі құралдары мен психотроптық заттардың жаңа түрлері, оларды дайындаудың технологиялары және осы орайда пайдаланылатын заттар, есірткілерді табу жөніндегі жаңа техникалық құралдар туралы, сондай-ақ өзара мүдделілік білдірілетін өзге де ақпараттар;
      10. Есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің фактілері туралы, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды заңсыз дайындаумен айналысатын адамдар туралы.
 
                                3-бап
 
      Ауызша да, жазбаша түрде де Тараптар ұсынатын ақпараттар құпия болып есептеледі және осы Келісімді іске асыру мақсатында ғана пайдаланылады.
      Тараптардың бірі екінші Тарапқа беретін ақпарат беретін Тараптың келісімімен ғана үшінші Тарапқа берілуі мүмкін.
      Бір Тарап беретін құпия ақпараттың әйгілену мүмкіндігі немесе әйгілі болуы туындаған жағдайда екінші Тарап берген Тарапқа кідіріссіз хабарлайды, осы оқиғаның мән-жай және оның салдарлары, сондай-ақ болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін қолданылған шаралар туралы хабарлайды.
      Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңдарына сәйкес және қолданыстағы

 

халықаралық шарттарға сәйкес бір-біріне берілетін ақпараттың құпия

сақталуын қамтамасыз етеді.


                               4-бап


     Тараптар бақыланатын жеткізілімдерді өткізуді қоса алғанда, есірткі

құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз

айналымының арналарын жабу жөніндегі келісілген іс-шаралар мен

операцияларды жүзеге асырады.

     Бақыланатын жеткізілімдерді өткізу туралы шешім әрбір жекелеген

жағдайда қабылданады және қажет болса Тараптардың қаржылық уағдаластығын

ескереді.


                               5-бап



 
        Тараптар өздерінің заңдарына сәйкес мемлекеттерінің аумақтарында

 

тәркіленген есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың

үлгілерін, олардың шығу тегін, сондай-ақ химиялық және физикалық

сипаттамаларын анықтау мақсатында талдау мен зерттеу үшін халықаралық

стандарттарға сәйкес жұмыс жасайтын зертханалардың қарауына беруі мүмкін.

Тараптар алынған мәліметтерді өзара тиімді шарттармен бір-біріне ұсынады.


                               6-бап   


     Тараптардың құзыретті органдары өздерінің ұлттық заңдарына сәйкес

сұрау салу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады.


                               7-бап


     Осы Келісімде көзделген жәрдем көрсету туралы барлық сұрау салуларда:

     а) сұрау салған Тараптың құзыретті органының және сұрау салынған

Тараптың құзыретті органының атауы;

     б) сұрау салу мәнін баяндау;

     в) сұрау салудың мақсаты мен дәлелді негіздемесін көрсету;

     г) сұрау салынған жәрдемнің мазмұны мен жауап алынуға тиісті

мәселелердің тізбесі;

     д) тиісті құжаттарды қоса алғанда, сұрау салуды орындау үшін пайдалы

болуы мүмкін кез келген басқа да ақпарат;

     е) сұрау салуды орындаудың қажетті мерзімі болуы тиіс.

     Жазбаша нысанда берілген немесе расталған жәрдем көрсету туралы сұрау

салуға белгіленген тәртіппен уәкілетті лауазымды тұлға қол қояды және

елтаңбалық мөрмен бекітіледі.


                               8-бап



 
       Тараптар осы Келісімді іске асыру шеңберінде тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында құзыретті органдар арасында тікелей байланыс арналарын орнататын болады.
 
                                9-бап
 
      Тараптардың құзыретті органдары есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңды айналымына бақылаудың, нашақорлықтан емдеудің, алдын алудың және нашақорлықтан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтудың жаңа әдістерін талдап жасауда және енгізуде ынтымақтасады.

 

     Тараптар осы салада ақпарат алмасуға жәрдемдеседі, оны көтермелейді,

сондай-ақ мамандар делегацияларымен алмасуды жүзеге асырады.


                               10-бап


     Тараптар өздерінің құзыретті органдары арқылы кадрларды оқыту мен

қайта даярлауда ынтымақтасады, есірткі құралдарына, психотроптық заттар

мен прекурсорларға бақылау жасау саласында мамандармен және сарапшылармен

алмасуды жүзеге асырады.


                               11-бап


     Тараптар бақылауда болатын Есірткі құралдарының, психотроптық заттар

мен прекурсорлардың ұлттық Тізімдерімен алмасады және оларға енгізілген

өзгерістер туралы бір-біріне хабарлайды.


                               12-бап


     Тараптар есірткілерге бақылау жасау саласындағы халықаралық

конвенциялар шеңберінде және өздерінің ұлттық заңдарына сәйкес жүзеге

асырылатын есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және

прекурсорлардың экспорттық-импорттық операциялары туралы ақпарат алмасады.


                               13-бап


     Тараптар Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және

прекурсорларға бақылау жасау саласындағы өз мемлекеттерінің заңдары мен

тәжірибелері туралы ақпарат алмасады.


                               14-бап


     Тараптардың құзыретті органдары осы Келісімнің ережелерін орындау

мақсатында жұмыс топтарын құруы, сарапшылардың кездесуін өткізуі және өз

араларында келісімдер жасасуы мүмкін.


                               15-бап


     Осы Келісімнің ережелері Тараптар қатысушылары болып табылатын

басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың міндеттеріне ықпал

етпейді.


                               16-бап


     Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар

оның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделеді.


                               17-бап


     Осы Келісімнің ережелері Тараптардың бірде-бірінің есірткі

құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға бақылау жасау

мәселелерінде ынтымақтастық орнатуына немесе оның басқа да өзара тиімді

нысандары мен әдістерін қолдануды көтермелеуіне кедергі жасамайтын болады.


                               18-бап   



 
       Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен келіспеушіліктер өзара консультациялар мен келіссөздер арқылы шешілетін болады.
 
                                19-бап
 
      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді

 

Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынғаннан кейін

отыз күн өткеннен соң күшіне енеді.

     Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады, содан соң егер Тараптардың

бірде-бірі осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тарапқа

тиісті кезеңнің өтуіне дейін алты ай бұрын хабарламаса, келесі бесжылдық

мерзімдерге өздігінен ұзартылатын болады.

     ___________ қаласында "____"__________әрқайсысы қазақ, тәжік және

орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші

бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтығы туындаған

жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді ұстанатын болады.


     Қазақстан Республикасының              Тәжікстан Республикасының

          Үкіметі үшін                             Үкіметі үшін




     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады