Бородулиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы № 23-4-VIII "Бородулиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 31-8-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 3 сәуірде № 432-18 болып тіркелді

      Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бородулиха аудандық мәслихатының "Бородулиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2024 жылғы 24 қазандағы № 23-4-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 361-18 болып тіркелген) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-тармағында он бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бородулиха аудандық мәслихат төрағасы
      С. Урашева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады