"Алатау" спорт сарайының құрылысына қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 16 маусым N 901

      Қазақстан Республикасының Президентінде болған 2000 жылғы Астана қаласының құрылысы мен "Алатау" спорт сарайын уақытылы тапсыру мәселесі жөніндегі 2000 жылғы 27 қаңтардағы мәжілістің N 01-9/13 хаттамалық шешімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен "Алатау" спорт сарайының құрылысын қаржыландыруға 100 000 000 (жүз миллион) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жыл қорытындысы

 

бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне бөлінетін қаражаттың

пайдаланылуы туралы есепті ұсынсын.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады