Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің
кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
6 мамырдағы N 534
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы,
1999 ж., N 17, 179-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірлері 49, 102 және 178-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Ескелді аудандық қазынашылық бөлімі;
102. Бөкей ордасы аудандық қазынашылық бөлімі;
178. Шал ақын аудандық қазынашылық бөлімі;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 171-1-жолмен толықтырылсын:
"171-1. Аққайың аудандық қазынашылық бөлімі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Орынбекова Д.Қ.