Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 19 маусым N 917. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229  қаулысына  мынадай толықтыру енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттеріндегі:
      1 "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Жоғары аттестациялық комиссия              62".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады