Қазақстан Республикасының өндірістік және әлеуметтік кешендерін 2000/2001 жылғы күзгі-қысқы кезең жұмысына даярлау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 20 маусым N 922

      Қазақстан Республикасының өндірістік және әлеуметтік кешендерін 2000/2001 жылғы алдағы күзгі-қысқы кезең жұмысына дер кезінде және сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) бір айлық мерзім ішінде 2000/2001 жылғы күзгі-қысқы кезеңге тұрғын-үй, әлеуметтік мәдени және әкімшілік-шаруашылық мақсаттағы объектілердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін газбен және сумен жабдықтаушы жылу-энергетикалық кешені ұйымдарын даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
      2) жылу және энергия көздері мен тұрғындар үшін отын қорын жинақтау кестелерін әзірлесін және бекітсін, олардың орындалуына бақылауды ұйымдастырсын;
      3) пайдаланылған жылу және электр энергиялары мен отын үшін тұтынушылардың энергиямен және жылумен жабдықтаушы ұйымдар алдындағы берешектерін өтеу жөніндегі кестелерді бекітсін, олардың орындалуын қамтамасыз етсін;
      4) пәтер иелері кооперативтерінің үй ішілік жылыту және газбен жабдықтау жүйелерін 2000/2001 жылғы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа даярлау бойынша жөндеу-алдын алу шараларын өткізу жөніндегі жұмысын ұйымдастырсын;
      5) тұрғын үй, мәдени-әлеуметтік және өндірістік-әкімшілік мақсаттағы объектілерді жылу энергиясын, суық және ыстық суды, газды есепке алатын аспаптармен одан әрі жабдықтау жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
      6) 2000/2001 жылғы күзгі-қысқы кезең жұмысына электр, жылу және газбен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету, қуат пен отынды тиімді пайдалану және аймақтардың өндірістік және әлеуметтік кешендерін дер кезінде даярлау мақсатында мүдделі ұйымдардың қатысуымен аймақтық жұмыс топтарын құрсын;
      7) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың алынған электр және жылу энергияларына берешектерінің, оларға 2000 жылға арналған жергілікті бюджетке көзделген сомалар шегінде 2000 жылғы 1 қазанға дейін өтелуі бойынша шаралар қабылдансын.
      2. Алматы, Жамбыл, оңтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкімдері 2000/2001 жылғы күзгі-қысқы кезеңде аймақтарды газбен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Полтарацкое және Ақыртөбе жерасты газ қоймаларындағы қажетті газ қорын жасау бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі электр станциялары мен аймақаралық және аймақтық жүйелері деңгейлерінің 2000/2001 жылғы күзгі-қысқы кезең жұмысының дайындығына бақылау орнатсын.
      4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың мемлекеттік мекемелері-әкімшілері республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың алынған электр және жылу энергияларына берешектерінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сомалар шегінде 2000 жылғы 1 қазанға дейін өтелуі бойынша шаралар қабылдасын.
      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2000 жылғы шілдеден бастап ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалу барысы туралы ақпарат беретін болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті электр станцияларында пайдаланылған отынның мемлекеттік резервін 2000 жылғы 1 қазанға дейін қалпына келтірсін.
      7. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және басқа да мүдделі ведомстволармен бірлесе отырып 2000/2001 жылғы күзгі-қысқы кезеңде экономиканың барлық салалары мен экологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін нормативтік-техникалық

 

құжаттамаларға сәйкес гидростанциялардың жұмысын қамтамасыз етсін.

     8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.

     9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады