Павлодар-Көкшетау автожолының учаскесінде "Астана қаласының солтүстік айналма жолы" автомобиль жолын салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 24 маусым N 937

      Республика бас қаласының көлік проблемасын шешу және Астана қаласының айналмалы сақина автожолын салуды жалғастыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне 2000 жылы Павлодар-Көкшетау автожолының учаскесіндегі "Астана қаласының солтүстік айналма жолының" автомобиль жолы мен жол құрылыстарын салуды қаржыландыруға, 2000 жылға арналған республикалық бюджетте 36 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту" бағдарламасы бойынша көзделген қаржының есебінен, 50 миллион теңге сомасында қаражат бөлінуін қамтамасыз етсін;
      2) 2001 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Павлодар-Көкшетау автожолының учаскесіндегі "Астана қаласының солтүстік айналма жолының" автомобиль жолы мен жол құрылыстарын салуды қаржыландыруға қаражат бөлінуін көздесін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі

 

2000 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде Павлодар-Көкшетау автожолының

учаскесіндегі ұзақтығы 14 километр "Астана қаласының солтүстік айналма

жолының" автомобиль жолы мен жол құрылыстарын салудың басталуын қамтамасыз

етсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады