"Қару-жараққа, әскери техникаға және екiұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде "Нитро-Взрыв" ашық акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы) 30.11.1999 жылғы N 22/2000-НВ келiсiм-шарты бойынша "Узалмаззолото" алтын өндiру және алмас өңдеу жөнiндегi қауымдастығы (Ташкент қаласы) үшiн беретiн жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 2 және 3-қосымшаларға сәйкес Халықаралық темiржол жүк қатынасы келiсiмiнiң Қауiптi жүктердi тасымалдаудың қолданылып жүрген ережелерi мен басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге және 2 және 3-қосымшаларға сәйкес қозғалыс бағыты бойынша тиеп-жөнелту кестесiне сай ерекше қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктi темiр жол көлiгiмен тасымалдауды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен жарылғыш материалдардың Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгi осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 26 маусымдағы N 948
қаулысына 1-қосымша
"Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамы 30.11.99 ж.
N 22/2000-НВ келісім-шартқа 30.03.00 ж. N 1 толықтырумен
"Узалмаззолото" қауымдастығына жеткізетін тауарлардың мөлшері
---------------------------------------------------------------------------
N ! Тауарлардың атауы ! Өлшем ! Саны ! Бағасы ! Жалпы құны
р/с ! !бірлігі ! ! АҚШ ! АҚШ долларымен
! ! ! ! долл. !
---------------------------------------------------------------------------
1 д-32 мм патрондарындағы тн 300 990.00 297000.00
6ЖВ аммониті, ГОСТ 21984-76
2 АС-8 гранулиті ГОСТ
21987-76 тн 200 700.00 140000.00
3 Граммонит 30/70 тн 100 1090.00 109000.00
ГОСТ 21988-76
4 79/21 граммониті тн 100 645.00 64500.00
ГОСТ 21988-76
5 КД-8МА ДИШВ мың 517 131.00 67727.00
733.941.008 ТУ дана
капсюлді-детонаторлар
6 ЭД-3Н мың 56 500.00 28000.00
ДИШВ 773.951.300 ТУ дана
электродетонаторлар
7 ДША тұтандырғыш бау, мың м. 303 245.00 74235.00
ГОСТ 6196-78
8 ОШП от өткізгіш бау, мың м. 1500 141.00 211500.00
ГОСТ 3470-80
9 3ПБ ТУ 84-206-81 мың 25 426.00 10650.00
тұтандырғыш патрондар дана
10 Э3-ОШ ТУ 84-207-81 мың 25 470.00 11750.00
электр тұтатқышы дана
---------------------------------------------------------------------------
Жиыны 1014362.00
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 26 маусымдағы N 948
қаулысына 2-қосымша
30.11.99 жылғы N 22/2000-НВ келісім-шарты бойынша 2000 жылы
"Узалмаззолото" ассоциациясына өнім тиеп-жөнелту
Кестесі
---------------------------------------------------------------------------
N ! Өнімнің атауы !Өлшем !Жылына !Оның ішінде вагондар
р/с ! !бірлі.!барлығы ! тоқсан бойынша
! !гі ! !-----------------------
! ! ! ! II ! III ! IV
---------------------------------------------------------------------------
1 д-32 мм патрондарындағы
6ЖВ аммониті, ГОСТ 21984-76 тн 300 90 120 90
2 АС-8 гранулиті ГОСТ 21987-76 тн 200 100 50 50
3 30/70 граммониті ГОСТ 21988-76 тн 100 100 - -
4 79/21 граммониті ГОСТ 21988-76 тн 100 - 100 -
5 КД-8МА мың 517 (1в) - -
ДИШВ 773.941.008 ТУ дана 303
капсюльді-детонаторлар
6 ЭД-3Н мың 56 400(1в) 400 700
ДИШВ 773.951.300 ТУ дана
электродетонаторлар
7 ДША тұтандырғыш бау мың м. 303 4 513 -
8 ОШП от өткізгіш бау мың м. 1500 - - 56
9 3ПБ ТУ тұтандырғыш патрондар мың 25 - - 25
дана
10 ЭЗ-ОШ ТУ электр тұтандырғыш мың 25 - - 25
дана
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 26 маусымдағы N 948
қаулысына 3-қосымша
Жарылғыш заттардың 2000 жылғы жеткiзiлiмi
үшін қозғалыс бағыты
Жарылғыш материалдардың қозғалыс бағыты мынадай бағыттар бойынша
жүзеге асырылады:
1. Жүк жөнелтушi: "Знамя" ААҚ Киселевск қаласы (Ресей Федерациясы)
Жөнелту станциясы: Черкасов камень (Ресей Федерациясы);
Баратын станциясы: Аблық, Өзбек темiр жолы.;
Шекарадан өту станциясы: Локоть - Шеңгелдi (Қазақстан Республикасы);
2. Жүк жөнелтуші: "Искра" ГУП Новосибирск механикалық зауыты,
Новосибирск қаласы (Ресей Федерациясы);
Жөнелту станциясы: Пашино (Ресей Федерациясы);
Баратын станциясы: Аблық, Өзбек темiр жолы.;
Шекарадан өту станциясы: Локоть - Шеңгелдi (Қазақстан Республикасы);
3. Жүк жөнелтуші: ГУП Пласмасс зауыты, Копейск қаласы (Ресей
Федерациясының Челябинск облысы);
Жөнелту станциясы: Потанино (Ресей Федерациясы);
Баратын станциясы: Аблық, Өзбек темiр жолы;
Шекарадан өту станциясы: Никель-Тау - Шеңгелдi (Қазақстан
Республикасы);
Алушы: "Узалмаззолото" қауымдастығы Ташкент, Өзбекстан.