Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бельгия Корольдігі Үкіметінің арасында Әуе қатынасы туралы келісім жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 26 маусым N 952

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бельгия Корольдігі Үкіметінің арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің қатысуымен жоғарыда көрсетілген Келісімді жасасу туралы бельгиялық тараппен келіссөздер жүргізсін.
      3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі

 

Серік Мінуарұлы Бүркітбаевқа Келісімнің жобасына қағидаттық сипаты жоқ

өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан

Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

Бельгия Корольдігі Үкіметінің арасындағы Әуе қатынасы туралы келісім

жасасуға уәкілеттік берілсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Бельгия Корольдiгi

        Yкiметiнiң арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiм



     Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi

мен Бельгия Корольдiгiнiң Yкiметi,


 
       1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қою үшiн ашылған халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның қатысушылары ретiнде,
      өздерiнiң тиiстi аумақтары арасында және олардан тыс жерлерде әуе қатынасын орнату мақсатында атаған Конвенцияға қосымша Келiсiм жасауға тілек бiлдiре отырып,
      халықаралық әуе тасымалдары кезiнде ұшу қауiпсiздiгi мен авиация қауiпсiздiгінiң жоғары деңгейiн қамтамасыз етуге тiлек бiлдiре отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 
                            1-бап
                         Анықтамалар
 
      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн, егер контекстен өзге мән туындамаса:
      а) "Конвенция" терминi 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қою үшiн ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны және екi Тарап осы Қосымшалар мен өзгерiстердi қабылдаған немесе бекiткен дәрежесiндей осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес қабылданған кез келген қосымшаны, сондай-ақ осы Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес Қосымшалардың немесе Азаматтық авиация туралы конвенцияның кез келген өзгерiстерiн бiлдiредi:
      в) "Келiсiм" терминi осы Келiсiмдi, оның Қосымшасын және осы Келiсiмнің 19-бабына сәйкес қабылданған Келiсiмге немесе Қосымшаға енгiзiлген кез келген өзгерiстердi бiлдiредi;
      с) "авиациялық билiк орындары" терминi қазақстандық тараптан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігiн, бельгиялық тараптан - Бельгия Корольдiгiнiң Коммуникациялар және инфрақұрылым министрлiгiн немесе екi жағдайда да қазiр осы органдар атқарып жатқан функцияларды орындауға уәкiлеттендiрілген кез келген басқа органды немесе тұлғаны бiлдiредi;
      d) "аумақ", "әуе қатынасы", "халықаралық әуе қатынасы", "авиакәсiпорын", "коммерциялық емес мақсаттармен аялдау" терминдерi Конвенцияның 2 және 96-баптарында көрсетiлген мағыналарды бiлдiредi;
      е) "тағайындалған авиакәсiпорын" терминi осы Келiсiмнiң 3 және 4-бабтарына сәйкес ұшуларды орындауға тағайындалған және рұқсат алған авиакәсiпорынды бiлдiредi;
      f) "уағдаластық желiлер" терминi жолаушыларды, жүктi және почтаны жеке және қиыстыра тасымалдауға арналған осы Келiсiмнiң Қосымшасында белгiленген Тараптар бойынша тұрақты әуе қатынасын бiлдiредi;
      g) "тарифтер" терминi - жолаушыларды, жол жүгiн тасымалдау үшiн төленетiн бағаларды және осы бағалар қолданылуына қатысты шарттарды, соның iшiнде агенттiк және басқа да қосалқы қызметтердiң бағалары мен шарттары почтаны тасымалдау төлемдерi мен шарттарын қоспағанда бiлдiредi;
      h) "әуе кемесiн ауыстыру" терминi тағайындалған авиакәсiпорынмен уағдаластық желiлердің бiрiн пайдалануды бiлдiредi және бағыттың бiр учаскесiнде қызмет ететiн әуе кемесiнiң сыйымдылығы бағыттың басқа учаскесiне қызмет ететiн әуе кемесiнiң сыйымдылығынан айырмашылығы болуы қажет;
      i) "әуе кемесiнiң жабдығы", "жер бетіндегi жабдық", "борттық қорлар", "қосалқы бөлшектер" терминдерi Конвенцияның 9-қосымшасында көрсетiлген мағыналарды бiлдiредi;
      j) "алымдар" терминi авиакәсiпорыннан әуежайды берiлуi үшiн, аэронавигацияның және авиациялық қауiпсiздiк құралдарын, сондай-ақ басқа да қызметтер көрсету үшiн өндiріп алынатын алымдарды бiлдiредi.
 
                           2-бап
                        Құқықтар беру
 
      1. Әрбiр Тарап екiншi Тарапқа тиiстi тағайындалған авиакәсiпорындармен халықаралық әуе қатынасын жүзеге асыру үшiн мына құқықтарды бередi:
      а) екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы қонусыз ұшып өту;
      в) осы аумақта коммерциялық емес мақсаттармен қону;
      с) өз мемлекетiнiң аумағында қосымшада белгiленген баптарды пайдалану кезінде бортқа қабылдау және түсiру, сондай-ақ екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағынан немесе аумағына жолаушыларды, жүктi және почтаны халықаралық тасымалдау мақсаттарында аялдау;
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құқықтар бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорны екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында сыйақы үшiн немесе жалдау арқылы тасымалданатын және екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы басқа бiр пунктке жеткiзуге арналған жолаушыларды, жүктi және почтаны бортқа қабылдау жеңiлдiгi ретiнде қарастырылмайды.
 
                           3-бап
               Ұшуларды орындауға тағайындау
 
      1. Әрбiр Тарап екiншi Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы хабарлай отырып, Тараптарға арналған Қосымшада белгiленген бағыттар бойынша халықаралық қатынастарды орындау үшін бiр немесе бiрнеше авиакәсiпорындар тағайындауға құқылы.
      2. Әрбiр Тараптың екiншi Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы хабарлай отырып, кез келген авиакәсiпорындарды тағайындау күшiн тоқтатуға және басқасын тағайындауға құқығы болады.
 
                         4-бап
             Ұшуларды орындауға рұқсат ету
 
      1. Осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес, бiр Тараптан авиакәсiпорындарды тағайындау туралы хабар алу арқылы екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары өз заңдары мен ережелерiне сәйкес осылай тағайындалған авиакәсiпорындарға кешiктiрмей олар тағайындалған уағдаластық желiлердi пайдалануға тиiстi рұқсаттар бередi.
      2. Авиакәсiпорындар осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес авиакәсiпорындардың қызмет ету шартын сақтай отырып және тарифтер осы Келiсiмнiң 13-бабындағы ережелерге сәйкес белгiленген жағдайда осындай рұқсаттарды алудан кейiн кез келген уақытта уағдаластық желiлердi пайдалануға толық немесе iшiнара кiрiсе алады.
 
                          5-бап
           Ұшуларды орындауға арналған рұқсаттың күшін
                   жою немесе уақытша тоқтату
 
      1. Әрбiр Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары осы Келiсiмнiң 4-бабында аталған рұқсаттың қолданылуын екiншi Тарап тағайындаған авиакәсiпорындарға қатысты тоқтатуға, осы рұқсатты жоюға немесе уақытша тоқтатуға, сондай-ақ уақытша немесе тұрақты негiзде қажет деп санаған шарттарды орындауды талап етуге мына жағдайларда құқылы:
      а) осы авиакәсiпорындар Конвенцияға сәйкес халықаралық әуе қатынасын пайдаланғанда аталған билiк орындары әдеттегiдей және ақылға сыйымды қолданылатын заңдарда және ережелер ұйғарылған шарттарды орындай алмаған жағдайда;
      b) авиакәсiпорындар осы Келiсiмде ұйғарылған шарттарға сәйкес ұшуларды орындай алмаған жағдайда;
      с) аталған авиакәсiпорындар осы Тарап мемлекетiнiң заңдары мен ережелерiн сақтай алмаған жағдайда;
      d) осы авиакәсiпорындардың екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында тiркелген немесе олардың негiзгi қызмет орны орналасқандығы туралы олардың дәлелдер болмаса және екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары беретiн күші бар Пайдаланушы куәлiгi болмаса.
      2. Егер жоғарыда аталған әрекеттердi заңдар мен ережелердiң бұзылуын болдырмау үшiн жедел қолдану қажет болмаса осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген құқықтар осы Келiсiмнің 17-бабына сәйкес екiншi Тараппен кеңесулер өткiзгеннен кейiн қолданылатын болады.
 
                             6-бап
                Заңдар мен ережелердiң қолданылуы
 
      1. Бiр Тарап мемлекетiнiң халықаралық әуе навигациясында қолданылатын әуе кемесiнiң сол Тарап мемлекеттiң аумағына кiдiруiне, болуына және жөнелтiлуiне қатысты немесе осындай әуе кемесiнiң пайдаланылуы мен навигациясына қатысты заңдары мен ережелерiн аталған аумақтың шегiнде ұшып келу, ұшып кету және болу кезiнде екiншi Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындары сақтайды.
      2. Бiр Тарап мемлекетiнiң кiруге, тазартуға, транзитке, иммиграцияға, төлқұжаттық бақылауға, кедендiк бақылауға, валюталық реттеуге, тазалық бақылауға және карантинге қатысты заңдары мен ережелерiн екiншi Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындары және олардың экипаждары, жолаушылары, жүктерi және почтасы немесе олардың атынан транзит, жiберу, шығу кезiнде осындай Тарап мемлекетiнiң аумағында болу кезiнде сақтайтын болады.
      Кез келген Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы транзитпен өтетiн жолаушылар оңайлатылған бақылауға ұшырайды.
      Егер жолаушы 1985 жылғы 14 маусымдағы Шенген Келiсiміне сәйкес Конвенцияның қатысушысы болып табылатын мемлекетке бағытындағы транзитпен бара жатқан жағдайда осы Ереже қолданылмайды.
      3. Тараптардың ешқайсысы өзiнiң тағайындалған авиакәсiпорнына немесе басқа авиакәсiпорынға осы Баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген өз ережелерiн қолдануда немесе әуежайларды, әуе жолдарын, әуе қозғалысы қызметтерiн және соған байланысты солардың бақылауындағы жабдыққа осындай халықаралық әуе тасымалына қатысатын екiншi Тарап мемлекетiнiң авиакәсiпорынына бергенiнен артық құқық бермейдi.
 
                          7-бап
          Куәлiктер, айғақтар және ұшулар қауiпсiздiгi
 
      1. Тараптардың бiрi берген немесе күшi бар деп танылған және күш мерзімi өтпеген ұшу жарамдылық куәлiктерi, бiліктілік куәлiктерi және айғақтары мен Қосымшада белгіленген бағыттар бойынша уағдаластық желiлердi пайдалану мақсатында және осындай айғақтар мен куәлiктер Конвенцияда белгiленген стандарттарға сәйкес берiлген немесе жарамды деп танылған жағдайда екiншi Тараппен жарамды деп танылады.
      Әрбiр Тарап өз мемлекетi аумағының үстінен ұшуларға қатысты олардың азаматтарына басқа мемлекеттер берген бiлiктiлiк куәлiктерi мен айғақтарын танудан бас тартуға құқылы.
      2. Егер осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген айғақтар мен куәлiктер Конвенциямен белгіленген стандарттардан өзгеше талаптарға сәйкес берiлсе немесе жарамды деп танылса және осындай өзгешелiктi Халықаралық азаматтық авиация ұйымы тiркеген болса, екiншi Тарап мемлекетiнiң билiк орындары талаптар осы мәселе бойынша олар үшін тиiмдi екенiн қанағаттандыру мақсатында осы Келiсiмнiң 17-бабына сәйкес кеңесулер өткiзу туралы сұрау сала алады.
      Егер ұшулар қауiпсiздiгiне қатысты мәселелер жөнiндегi уағдаластыққа көз жеткізілмесе, бұл осы Келiсiмнiң 5-тармағын қолдануға негiздеме болып табылатын болады.
      3. Әрбiр Тарап екiншi Тарап қабылдаған экипажға әуе кемелерiне немесе оларды пайдалануға байланысты кез-келген салада ұшулар қауiпсiздiгiнiң стандарттарына қатысты кез келген уақытта кеңесулер өткiзу туралы сұрау сала алады. Мұндай кеңесулер сұрау салынған күнiнен бастап 30 күн iшiнде өткiзiлетiн болады.
      4. Егер осындай кеңесулер барысында бiр Тарап екiншi Тараптың кем дегенде Конвенцияда белгiленген ең төменгi деңгейдегi стандарттарға сәйкес келетін қауiпсiздiк стандарттарын осындай кез келген салада тиiмсiз қолданатынын және орындайтынын бiлдiрсе, бiрiншi Тарап екiншi Тарапқа осындай кем дегендегi стандарттарға сәйкес келуi үшін кеңесулер және шаралар туралы хабарлайды және екіншi Тарап ереженi түзетуге тиiстi шаралар қолданатын болады. Егер екiншi Тарап 15 күн iшiнде немесе ұзақтығы жөнiнде келiсiм жасауы мүмкiн кезеңде қажеттi шара қолданбаған жағдайда, онда бұл осы Келiсiмнiң 5-бабын қолдануға негiздеме болады. (күшiн жою, уақытша тоқтату және ұшуларды орындауға рұқсатты өзгерту).
      5. Конвенцияның 33-бабында көрсетiлген мiндеттемелерге қарамастан бiр Тараптың авиакәсiпорны немесе авиакәсiпорындардың атынан екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына және аумағынан желiлерде және сол мемлекеттiң шегiнде пайдаланылатын немесе лизингiге берiлген кез келген әуе кемесiн екiншi Тараптың уәкiлетті өкiлдерiнiң тексерiсiне негiздемесiз кiдiртпеу шартын сақтай отырып ұшырату мүмкiндiгi жөнiнде, атап айтқанда әуе кемесiнің борты мен сыртқы бөлiгiн, әуе кемесi мен оның экипажының құжаттарын жарамдылық мерзiмге, әуе кемесiнiң және оның жабдығын сыртқы жай-күйiн тексеру туралы уағдаластыққа қол жеткiзiлдi.
      6. Егер осындай рампылы тексерiс немесе рампылы тексерiстер топтамасының нәтижесiнде:
      а) әуе кемесiнiң және оны пайдаланушының осы уақытқа қолданылып келген Конвенцияда көрсетiлген ең төменгi деңгейдегi стандарттарға сәйкес келмеуi туралы маңызды күдiктер туындаған жағдайда немесе
      в) осы уақытқа дейiн қолданылып келген Конвенцияда көрсетiлген қауiпсiздiк стандарттарының жеткiлiктi дәрежеде емес қолданылуы және орындалуы туралы маңызды күдiктер туындаса тексерiс жүргiзушi Тарап Конвенцияның 33-бабына сәйкес осы әуе кемесiне немесе оның экипажына қатысты берiлген немесе жарамды деп танылған куәлiктер мен айғақтарға қойылған немесе әуе кемесi жасайтын ұшуларға қойылатын талаптарын Конвенцияда белгiленген ең төменгi стандарттармен бiрдей болмауы және олардан аспауы туралы қорытынды шығаруға құқылы.
      7. Бiр Тараптың авиакәсiпорнымен немесе авиакәсiпорындарымен немесе жоғарыда көрсетілген 5-тармаққа сәйкес олардың аттарынан пайдаланылатын әуе кемесін рампылы тексерiс мүмкiндiгiне осы авиакәсiпорынның өкiлдерiмен рұқсат етiлмесе, екiншi Тараптың 6-тармақта көрсетiлген маңызды проблемалар бар деп есептеуге негiздемесi ие болады және ол осы тармаққа сәйкес шешiмдер қабылдай алады.
      8. Егер бiр Тарап рампылы тексерiс, рампылы тексерiстер топтамасы нәтижесiнде немесе рампылы тексерiс, кеңес өткiзуге келісiм берiлмегенде немесе басқа да жағдайларда авиакәсiпорындармен ұшуларды қауiпсiз түрде орындауға жедел әрекеттер қажет деген шешiм қабылдаса болған жағдайда әрбiр Тарап екiншi Тараптың авиакәсiпорнымен немесе авиакәсiпорындарымен ұшулар орындауына берiлген рұқсатты жедел тоқтату немесе өзгерту құқығын өзiнде қалдырады.
      9. Шаралар қабылдауға негiздеме жарамсыз болған жағдайда жоғарыда көрсетілген 4 немесе 8-тармақтарға сәйкес бiр Тараппен қабылданған кез келген iс-қимыл тоқтатылатын болады.
 
                           8-бап
                  Авиациялық қауiпсiздiк
 
      1. Тараптар бiр-бiрiне қатысты азаматтық авиацияның алған қауiпсiздiгiн заңсыз араласу iс-қимылдарынан қорғау жөнiндегi мiндеттемелерiн қуаттайды.
      2. Тараптар өтiнiш бойынша азаматтық әуе кемелерiн заңсыз басып алу әрекеттерiн және жолаушылар мен экипаждардың, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған басқа да заңсыз iс-қимылдарды, сондай-ақ азаматтық авиация қауiпсiздiгiне төленетін басқа да кез келген қауiп-қатердi болдырмауда бiр-бiрiне қажеттi көмек беретiн болады.
      3. Тараптар 1963 жылғы 14 қыркүйекте Токиода қол қойылған Әуе кемелерiнің бортында жасалатын қылмыстар мен кейбiр басқа iс-қимылдар туралы конвенцияның 1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаагада қол қойылған Әуе кемелерiн заңсыз басып алуға қарсы күрес жөнiндегі конвенцияның және 1971 жылғы 23 қыркүйекте Монреальда қол қойылған Азаматтық авиация кауіпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-қимылдарға қарсы күрес туралы конвенцияның және басқа да екi Тарапқа да мiндеттi авиациялық қауiпсiздiгi көп жақты кез келген келiсiмнiң ережелерiне сәйкес iс-әрекет жасайтын болады.
      4. Тараптар өздерiнiң екi жақты өзара қатынастарында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы белгiлеген Халықаралық азаматтық авиация жөнiндегi Конвенцияға Қосымшалар деп аталатын авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелерге сәйкес, мұндай қауіпсiздiктер жөнiндегi ережелер Тараптарға қолданымды болатын дәрежеде iс-әрекет жүргiзетiн болады; олар әуе кемелерiн пайдаланушылардың немесе қызметтің негiзгi орны немесе тұрақты тұрғылықты жерi өздерiнiң мемлекеттерiнiң аумағында болған тiркелген әуе кемелерiн пайдаланушылардың авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi осындай ережелерге сәйкес iс-әрекет жасауын талап ететiн болады.
      5. Әрбiр Тарап екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына кiру үшiн талап етiлетiн авиация қауіпсіздігі жөнiндегi ережелердi сақтауға, жолаушыларды, экипажды, олардың қол жүгiн, сондай-ақ жүкті отырғызудан немесе тиеуден бұрын өткiзiлетiн тексеру бойынша орынды шаралар қолдануға келiседi. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың нақты қауiп-қатерге байланысты әуе кемелерінің және олардың жолаушыларының қауiпсiздiгi жөнiнде арнайы шаралар қолдану туралы кез келген өтiнiшiн ықыластықпен қабылдап отырады.
      6. Азаматтық әуе кемесiн заңсыз басып алуға байланысты немесе әуе кемесiнiң, ондағы жолаушылар мен экипаждың, әуежайлар мен аэронавигациялық құрал-аспаптардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-қимылдарға байланысты қақтығыстар немесе қақтығыс қатерi болған жағдайда Тараптар байланыс құралдарымен өзара жәрдемдесу және жедел әрi қауіпсіз түрде осындай қақтығыстың осындай қақтығыстың немесе оның қауіп-қатерiнiң жолын кесуге бағытталған басқа да тиiстi шаралар қабылдау арқылы бiр-бiрiне көмектесетiн болады.
      7. Егер Тарап осы Баптың авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі ережелердi орындаудан бас тартса, онда екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары ол Тарап мемлекетiнің авиациялық билiк орындарымен дереу кеңестер өткізуді талап ете алады. Егер Тараптар отыз (30) күн iшiнде қанағаттанарлық кешiрiмге келе алмаса, онда ол осы Келiсiмнiң 5-бабын қолдануға негiз болады.
 
                          9-бап
                    Алымдар ставкалары
 
      1. Бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарынан әуежайларды және басқа да авиациялық жабдықтарды екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарының әуе кемелерi пайдаланғаны үшiн алынатын алымдары бiрiншi Тараптың осындай халықаралық әуе қатынасында қолданылатын ұлттық авиакәсiпорнынан алынатын алымдар ставкасынан жоғары болмайды.
      2. Әр Тарап уәкiлеттi билiк орындары мен жабдықтар мен қызметтердi пайдаланушы болып табылатын тағайындалған авиакәсiпорындардың арасында кеңесулердi мүмкiндiгiнше авиакәсiпорынның өкiлi болып табылатын ұйымдар арқылы жүргiзудi ынталандыратын болады. Алымдар ставкаларына кез-келген болжамалы өзгерiстер енгізу туралы тиiстi хабарлау өзгерiстер жасалғанға дейін өз пiкiрiн бiлдiруге мүмкiндiк беру үшiн жасалатын болады.
 
                          10-бап
           Кедендiк баждар және басқа алымдар
 
      1. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың тағайындалған кәсiпорындарын әуе кемесіне, отынға, жағармайға, тұтынылатын техникалық қорларға, қосалқы бөлшектерге, оның iшінде қозғалтқыштарға борттық табельдiк жабдыққа, жер бетiндегi жабдыққа, борттық қорларға және басқа да уағдаластық желiлердi пайдаланатын екiншi Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарының әуе кемелерiн пайдалануға және оларға қызмет көрсетуге ғана арналған заттарға сондай-ақ, басылған билеттерге, авиажүктiң жөнелтпе құжаттамасына, кәсiпорынның белгiсi бар кез келген баспа материалына және осы тағайындалған авиакәсiпорындар тегiн тарататын кәдiмгi баспа материалдарына салынатын кедендiк баждардан, басқа да алымдардан босатады.
      2. Осы Баппен берiлген босатулар босатуды Тарап мемлекетiнiң аумағы шегiнде пайдаланылатын немесе тұтынылатын, сондай-ақ пайдаланылмайтын немесе тұтынылмайтын, осы баптың 1-тармағында атап көрсетiлген материалдарға мына жағдайда қолданылатын болады.
      а) аталған материалдар бiр Тарап мемлекетiнiң аумағына екiншi Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарымен әкелiнген, бiрақ аталған Тарап мемлекетiнiң аумағында иелiктен шығарылмаған болса;
      б) олар бiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарының әуе кемесiнiң бортында екiншi Тарап мемлекетiнің аумағына келгенде немесе аумағынан кеткенде сақталатын болса;
      с) бiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемесiнiң бортына екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында қабылданған және уағдаластық желiлердi пайдалану кезiнде, пайдалануға арналған болса.
      3. Борттық табельдiк қару, жер бетiндегi жабдық, сондай-ақ әдетте кез-келген Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарының әуе кемелерiнің бортында болатын материалдар мен қорлар екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында аталған аумақтың кедендiк билiк орындарының рұқсатымен ғана түсiрiлуi мүмкiн. Мұндай жағдайда олар, кедендiк заңдар мен ережелерге сәйкес, шығарылғанға немесе басқаша түрде пайдаланғанша аталған билiк орындарының қадағалауына дейiн қойылуы мүмкiн.
      4. Тiкелей транзитпен баратын жол жүгi мен жүк кедендiк баждардан және басқа да салықтардан босатылатын болады.
      5. Осы Баппен берiлетiн босатулар бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындары басқа Тараптың осындай босатуды пайдаланып жүрген авиакәсiпорнымен кредит немесе осы Баптың 1-тармағында көрсетілген заттарды екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында беру туралы уағдаласқан жағдайда да қолданылады.
 
                            11-бап
                          Сыйымдылық
 
      1. Әрбiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарының тиiстi аумақтардың арасында және одан тыс жердегi осы Келiсiмге Қосымшада белгiленген бағыттар бойынша уағдаластық желілердi пайдалануға әдiлеттi және бiрдей мүмкiндіктерi болады.
      2. Уағдаласқан желiлердi пайдалануда әр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындары екiншi Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарының бүкiл бағытта немесе бағыттың учаскесiнде қамтамасыз етiлетiн тасымалдауларына залал тигiзбеу үшiн мүдделерiн назарға алатын болады.
      3. Тараптар мемлекеттерiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарымен қамтамасыз етілетiн уағдаластық желiлер белгiленген бағыттардағы тасымалдауларда қоғамдық қажеттiлiктерге сәйкес болады және сыйымдылық әуе кемесiн тиеудiң саналы коэффицентi кезiнде тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арасындағы жолаушылардың, жүктердің және почтаның тасымалдаушыларындағы ағымдағы және саналы түрде болжамалы қажеттiлiктерге сәйкес беру бiрiншi кезектегi мақсат болып табылады.
      4. Тағайындалған авиакәспiорындар кез-келген уағдаластық желiнi пайдалану басталғанға дейiн кемiнде 30 күн бұрын Тараптар мемлекеттерiнiң билiк орындарының бекiтуiне ұшулардың болжамалы бағдарламасын ұсынады. Ұшулардың аталған бағдарламасында қызмет көрсету түрiн, пайдалануға болжамдалған әуе кемелерiнің түрлерiн және, ұшулар жиiлiгi мен кестесi көрсетілетiн болады, болжау үшін қажет қызмет типтерiн, әуе кемелерi типiн қосады.
      Мұндай рәсiм кейiнгi өзгерiстер болатын жағдайда да қолданылады.
      Ерекше жағдайларда авиациялық билiк орындарының өзара уағдаластығы бойынша уақыт кезеңi қысқаруы мүмкiн.
 
                             12-бап
         Әуе кемесiн ауыстыру және кодтарды бiрлесіп пайдалану
 
      1. Бiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсіпорындары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында әуе кемесiн мынадай жағдайларда ауыстыра алады:
      а) ауыстыру пайдаланудың экономиясы себептерiмен түсiндiрілгенде;
      б) бiрiншiлер ауыстыру пункттерiне соңғылардан қабылданған немесе соңғылар берген тасымалдауларды орындау мақсатында келетiн болады және сыйымдылық ең алдымен осы мақсатқа орай анықталады;
      в) Авиакәсiпорынды тағайындалған Тарап мемлекетiнiң аумағынан неғұрлым алыс учаскеде пайдаланылатын әуе кемелерi неғұрлым жақын учаскедегi әуе кемелерiмен ұшуларды бiрге орындайтын болған кезде ғана және оны тұрақты түрде орындағанда;
      с) авиакәсiпорындар қоғамға жарнама немесе басқа да жол арқылы әуе кемесiн ауыстыру пунктiнен басталатын тасымалдау қызметiн жасауды өздерi ұсынбаған жағдайда және егер осы Келiсiмге қатысты қосымшада басқа жағдай көзделмесе;
      д) әуе кемесiн ауыстыру жасалған екiншi Тарап мемлекетiнің аумағына әуе кемесiнiң бiр мәрте кез-келген ұшу жасауына байланысты және егер, екiншi Тарап мемлекетiнің авиациялық билiк орындары бiр мәртеден артық ұшулар жасауға рұқсат берсе, сондай-ақ сол аумақтан бiр мәрте ұшу жасауға ғана рұқсат етiлсе және.
      2. Осы Баптың 1-тармағының шарттарына қарамастан Қосымшада белгiленген бағыттар бойынша уағдаластық желiлердi пайдалануда әрбiр тағайындалған авиакәсiпорын кез-келген мемлекеттің авиакәсiпорнымен кодтарды бiрлесiп пайдалану жөнiнде келiсiмге қол жеткiзе алады және ол үшін соңғы авиакәсiпорынның тиiстi бағыты және тасымалдауға құқық бар болуы шарт.
 
                           13-бап
                          Тарифтер
 
      1. Тараптар Қосымшада белгiленген бағыттардағы тарифтер тағайындалған авиакәсiпорындардың әрқайсысымен, мүмкiндiгiнше, олардың арасындағы кеңесулерден кейiн белгiленетiнiне келiседi.
      2. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында және аумағынан уағдаластық желiлер бойынша тасымалдау тарифтерi барлық тиiстi факторлар ескерiле отырып белгiленедi және ол факторлардың қатарына эксплуатациялық шығындар, тиесiлi пайда, қызметтер сипаттамасы, тұтынушылар мүдделерi және қолайлы деп есептелсе тұтас осы бағыттағы немесе оның учаскесiндегi басқа авиакәсiпорындардың тарифтерi жатады.
      3. Тарифтер екi Тарап мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындарының бекiтуіне, кемiнде оларды енгiзудiң ұсынылған күнiнен қырық бес (45) күн бұрын ұсынылады: ерекше жағдайларда авиациялық билiк орындарымен одан гөрi қысқалау кезең қабылдануы мүмкiн.
      Егер ұсынылған күннен бастап отыз (30) күн iшiнде бiр Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарын ұсынылған тарифпен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы хабарламаса, тариф бекiтiлген болып есептеледi және ұсынылған тариф үшiн белгiленген күннен бастап күшiне енедi.
      Авиациялық билiк орындары тарифтi ұсыну үшiн қысқарған кезең қабылдаған жағдайда, олар тарифтi қабылдамау туралы хабарландыру берiлетiн уақыт кезеңi отыз (30) күннен кем болады деп келiсу мүмкiн.
      4. Тарифтi қабылдамау туралы хабарландыру осы Баптың 3-тармағына сәйкес алынған болса, Тараптар мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары осы Келiсiмнiң 17-бабына сәйкес кеңесулер жүргiзедi және уағдаластық жолымен тарифтi айқындау үшiн күш салады.
      5. Егер Тараптар мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары осы Баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған қандай да бiр тариф бойынша немесе осы Баптың 5-тармағына сәйкес кез-келген тарифтi айқындау бойынша уағдаластыққа қол жеткiзе алмаса, онда даулы мәселе осы Келiсiмнiң 13-бабының ережелерi бойынша реттелуi мүмкiн.
      6. Егер бiр Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары белгiленген тарифпен келiспесе, олар ол туралы екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарын хабарлайды және қажет болған жағдайда тағайындалған авиакәсiпорындар уағдаластыққа жетуге талпынатын болады.
      Егер қабылдамау туралы хабарландыруды алған күннен бастап тоқсан (90) күн iшiнде жаңа тариф тағайындалмаса, онда осы Баптың 4- және 5-тармақтарымен көзделген рәсiмдер қолданылады.
      7. Егер тарифтер осы Баптың ережелерiне сәйкес тағайындалса,

 

ол тарифтер осы Баптың немесе осы Келiсiмнiң 18-бабына сәйкес жаңа

тарифтер тағайындалған кезге дейiн қолданылады.

     8. Егер кез-келген Тарап мемлекетiнің авиациялық кәсiпорындары

тарифпен келiспейтiн болса, осы Баптың 4-тармағының ережелерiне және осы

Келiсiмнiң 18-бабына сәйкес тариф белгiленген жағдайларды қоспағанда,

тариф күшiне енбейдi.

     9. Екi Тарап мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары

тағайындалған және алынатын тарифтердiң олар бекiткен және даусыз

болып табылатын тарифтерге сәйкес болуын қамтамасыз етуге үшiн

күш салады.


                          14-бап

                          Өкiлдiк



 
       1. Бiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарына екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында өз өкiлдерiн, коммерциялық, жұмысшы және уағдаластық желiлердi пайдалану үшiн қажеттi техникалық персонал ұстауға құқық екі жаққа бiрдей берiледi.
      2. Мұндай өкiлдiктiң тағайындалған авиакәсiпорындардың қалауы бойынша кез-келген ұлттан тұратын өз персоналы болуы мүмкiн немесе ол кез-келген басқа ұйымның, компанияның немесе болған Тарап мемлекетiнiң аумағында iс-қимыл жасайтын және сол тарап мемлекетiнiң аумағында осындай қызметтер жасауға уәкiлеттендiрiлген авиакәсiпорынның қызметтерiн пайдалана алады.
      3. Өкiлдер мен персонал болған Тарап мемлекетiнiң аумағында қолданылатын заңдарға бағынады. Болған Тарап мемлекетiнiң заңдарына сәйкес әр Тарап екi жаққа да бiрдей мейiлiнше азайтылған кешiктiрулермен жұмысқа қажеттi рұқсаттарды және жұмысқа тұруға рұқсаты бар визаларды, осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген өкiлдер мен персоналға осындай басқа да құжаттарды беретiн болады.
      4. Тараптар уақытша негiзде белгілі қызметтер мен міндеттемелердi атқарушы персоналға қажетті жұмысқа тұру рұқсатымен немесе жұмысқа тұру рұқсаты бар визамен немесе басқа да осындай құжаттармен жұмыс iстеуге қойылатын талаптан Тараптар мемлекеттерiнiң қолданылып жүрген заңдарындағы рұқсат етiлген дәрежеде бас тарта алады.
 
                         15-бап
        Есеп айырысулар, тасымалдарды сату және кiрiстер
 
      1. Тағайындалған авиакәсiпорындар арасындағы есеп айырысулар Тараптардың арасында қолданылып жүрген есеп айырысулар және Тараптармен келiсiлген валютадағы төлемдер туралы келiсiмдерге сәйкес жүргiзiлетiн болады.
      2. Тағайындалған әр авиакәсiпорынға екінші Тарап мемлекетiнің аумағында авиатасымалдар бойынша тiкелей немесе өз қалауы бойынша, өзiнiң агенттерi арқылы қызмет көрсетулердi сатуды жүзеге асыру құқығы берiледi.
      Тағайындалған әр авиакәсiпорынның өзiнiң авиакөлiктiк қызмет көрсетулерiн ұлттық немесе кез-келген басқа еркiн айырбасталатын валютада еркiн сатуға құқығы болады.
      3. Әр Тарап екiншi Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарына өзiнiң аумағында алынған кiрiстердiң шығыстардан артылған сомасын еркiн аударуға құқық бередi. Мұндай аударулар ағымдағы төлемдер үшiн айырбастың ресми бағамы негiзiнде немесе, егер ресми айырбас бағамы жоқ болса екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарының ауыстыру туралы сұрау салуда берген күнiне қолданылатын ағымдық төлемдер рыногының басымдық айырбас бағамы бойынша жүзеге асырылады және оларға қызмет көрсетулер үшiн мұндай аударуларда банктер алатын жайылымдарды қоспағанда, алымдар салынбайды.
 
                         16-бап
                      Ақпарат алмасу
 
      1. Тараптар мемлекеттерінің авиациялық билiк орындары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына, аумағы арқылы немесе аумағынан әуе қатынасын жүзеге асыру үшiн олардың тағайындалған авиакәсiпорындарына ұзартылған ағымдық рұқсаттарға қатысты ақпараттармен жедел алмасады. Бұл ақпарат iс жүзiндегi куәлiктер мен уағдаластық желiлердi пайдалануға өзгерiстермен бiрге рұқсаттардың көшiрмелерiн, босатуға тапсырыстарды және пайдалануға рұқсаттар үлгiлерiн қамтиды.
      2. Әрбiр Тарап екіншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарына алдын-ала, бұл қаншалықты жүзеге асырылатындығына қарай, тарифтердiң, кестелердiң өзгерiстерiмен бiрге көшiрмелерiн, уағдаластық желiлердi пайдалануға қатысты басқа да барлық тиiстi ақпаратты, оның iшiнде әрбiр белгiленген бағытта қамтамасыз етiлетiн сыйымдылық туралы ақпаратты және осы Келiсiмнiң ережелерiн тиiстi түрде сақтауды қамтамасыз ету үшiн екiншi Тарап мемлекетінің авиациялық билiк орындары сұрайтын кез-келген ақпаратты беруде өзiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарына жәрдемдесетiн болады.
      3. Әр Тарап екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарына уағдаластық желiлердегi тиеу және түсiру пункттерi көрсетiлген тасымалдауларға қатысты статистикалық ақпараттарды беруде өзiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарына жәрдемдесетiн болады.
 
                            17-бап
                Консультациялар немесе кеңесулер
 
      1. Тараптар мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары осы Келiсiмнiң ережелерiн және оның Қосымшаларын орындауға және оларға сәйкес келтiруге ықпал ететiн барлық мәселелер жөнінде тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында бiр-бiрiмен арагiдiк кеңесулер жүргiзетiн болады.
      2. Егер екi Тарап та басқалай уағдаластыққа қол жеткiзе алмаса, мұндай кеңесулер осындай сұрау салу алған күннен бастап алпыс (60) күн iшiнде басталатын болады.
 
                           18-бап
                  Даулы мәселелердi реттеу
 
      1. Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты Тараптар арасында кез-келген даулы мәселе туындаған жағдайда Тараптар оларды ең алдымен келiссөздер жолымен реттеуге талаптанады.
      2. Егер Тараптар даулы мәселенi келiссөздер арқылы басқалай реттеуге қол жеткiзе алмаса, олар даулы мәселені белгілі тұлғаның немесе органның қарауына беруге келiсе алады, сондай-ақ Тараптардың кез-келгенi даулы мәселенi үш төрешiден тұратын Төрелiк Соттың шешуiне ұсына алады.
      3. Төрелiк Сот мынадай түрде құрылатын болады:
      Әр Тарап дипломатиялық арналар бойынша екiншi Тараптың төрелiктi жүргiзуге сұрау салуын алған күннен бастап алпыс (60) күн iшiнде төрешiнi тағайындайды. Осындай екi төрешi уағдаластық бойынша келесi алпыс (60) күн iшінде үшiншi төрешiнi тағайындайды.
      Yшiншi төрешi үшiншi мемлекеттiң азаматы болуы тиiс, Төрелік Соттың төрағасы ретінде iс-қимыл жасайды және оны өткiзу орнын айқындайды.
      Егер Тараптың бiреуi атаған кезең уақытында төрешiнi тағайындамаса немесе егер үшiншi төрешi көрсетiлген кезеңде тағайындалмаған болса, кез-келген Тараптың өтiнiшi бойынша Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы Кеңесiнiң Президентi төрешiнi немесе жағдай талап етуiне қарай төрешiлердi

 

тағайындайды.

     4. Тараптар осы Баптың 2- және 3-тармақтарына сәйкес құрылған Төрелiк

Сот қабылдаған кез-келген шешiмдi орындауға мiндеттенедi.

     Егер бiр Тарап мұндай шешiмдi орындамаса, екiншi Тараптың осы

Келiсiмнiң 5-бабын қолдануына негiзi болады.

     5. Төрелiк Соттың шығындары екi Тараптың арасында тең бөлінетiн

болады.


                            19-бап

                           Түзетулер



 
       1. Егер Тараптың бiреуi осы Келiсiмнiң қандай да бiр ережесiн өзгертуге шешiм қабылдаса, ол екiншi Тарапқа кеңесу өткiзу жөнiнде сұрау сала алады. Авиациялық билiк орындарының арасындағы мұндай кеңесулер келiссөздер немесе хат жазысу арқылы жүргiзiлуi мүмкін және сұрау салынған күннен бастап алпыс күн ішінде басталады.
      2. Егер жалпы екi Тарапқа қатысты көпжақты авиациялық конвенция күшiне енетiн болса, мұндай конвенцияның ережелерi басым болады.
      3. Кеңесулердiң нәтижесiнде келiсiлген кез-келген өзгерiс дипломатиялық ноталармен алмасу жолымен расталғаннан кейiн күшiне енедi.
      4. Тараптар Қосымшадағы бағыттар кестесi авиациялық билiк орындарының арасында уағдаластық арқылы өзгертiлу мүмкiндiгiне келiстi.
 
                         20-бап
                   Күшiнiң тоқтатылуы
 
      Осы Келiсiм Тараптың бiреуi жазбаша түрде екiншi Тарапқа өзiнің ниетi туралы жазбаша түрде хабарлағанға дейiн күшiн сақтайды.
      Мұндай хабарлау бiр мезгiлде Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымына да жiберiледi.
      Бұл жағдайда, егер Келiсiмнiң күшiн жою туралы құлақтандыру өзара келiсiм бойынша аталған кезең өткенге дейiн керi шақыртылып алынбаса, екінші Тарап мұндай хабарлауды алған күннен он екі (12) айдан кейін Келісімінің күші жойылады.

 

     Екінші Тарап хабарлауды алғаны туралы растамаған жағдайда, сол

хабарлау Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы хабарлауды алғаннан он

төрт (14) күннен кейін алынған болып есептеледі.


                           21-бап

                           Тіркеу


     Бұл Келісім және оған енетін кез-келген өзгерістер Азаматтық

авиацияның халықаралық ұйымында тіркелетін болады.


                            22-бап

                      Күшіне енгізілуі


     Осы Келісім шектелмеген мерзімге жасалды және оның күшіне енуіне

қажетті мемлекетішілік рәсімдердің Тараптармен орындалуы туралы соңғы

жазбаша хабарлау күнінен бастап күшіне енгізіледі.

     ___________ қаласында ____________ екі данада ағылшын тілінде жасалды.


     Қазақстан Республикасының       Бельгия Корольдігінің

        Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін


                                           Қосымша


     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бельгия Корольдігі Үкіметінің

       арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге сәйкес бағыттар кестесі


     1. Қазақстан Республикасының бағыттары


     ____________________________________________________________________

     Жөнелту       ! Аралық     !  Бару пункттері    ! Тысқары     

     пункттері       пункттер                          пункттер

     ____________________________________________________________________

     Қазақстандағы !            ! Бельгиядағы    

     пункттер                     пункттер

     ____________________________________________________________________


     2. Бельгия Корольдігінің бағыттары


     ____________________________________________________________________

     Жөнелту       ! Аралық     !  Бару пункттері    ! Тысқары     

     пункттері       пункттер                          пункттер

     ____________________________________________________________________

     Бельгиядағы    !           ! Қазақстандағы  

     пункттер                     пункттер

     ____________________________________________________________________



 
       Уағдаластық бағыттағы кез-келген пункт немесе пункттер екі Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындарымен алынып тасталуы мүмкін немесе жөнелту немесе бару пункттері олардың азаматтығы мемлекетінің аумағында болған жағдайда кез-келген тәртіппен кез-келген немесе барлық бағыттарды пайдаланылуына болады.
      Бағыттар кестесінде аталмаған басқа пункттер Уағдаласушы Тараптардың авиациялық билік орындарының келісімі бойынша айқындалады.
      Тысқары пункттер Уағдаласушы Тараптардың авиациялық билік орындарының келісімі бойынша айқындалады.
 
      Әуе бостандығының бесінші дәрежесі Тараптар мемлекеттерінің авиациялық билік орындарының келіссөздерінен кейін жүзеге асатын болады.
 
          Өзара түсіністік туралы құпия меморандум
 
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің авиациялық билік орындары мен Бельгия Корольдігі Үкіметінің авиациялық билік орындары өздерінің тиісті аумақтарында және олардан тысқары әуе қатынастарын орнату мақсатында шарт жасасу ниетімен төмендегілерге келісті:
      1. Екі жақты әуе қатынасы туралы келісімнің оған Қосымшаны қосқанда

 

(Бағыттар кестесі). Келісімнің мәтіні және оның Қосымшалары 1-толықтыру

ретінде қоса берілген.

     2. Әуе қатынасы туралы келісімнің 4-бабына қағидаларына сәйкес кез

келген тағайындалған авиакомпания белгіленген бағыттар бойынша уағдаластық

желілерін кез келген әуе кемелерінде кез келген түрде пайдалана алады.

     3. Әрбір Тарап үшін аптасына 7 (жеті) жиілік орындауға рұқсат етіледі.

     4. Әуе бостандығының бірінші, екінші үшінші және төртінші

дәрежелерімен алмасу. Әуенің бесінші бостандығы жүзеге асырылмайтын болады.

     5. Келісім ресми түрде күшіне енгенше Келісімнің дәрежесі және осы

өзара түсіністік туралы құпия меморандум осы күннен бастап күшіне енеді.


     Брюссельде 2000 ж. ____________ екі түпнұсқа жасалды.


     Қазақстан Республикасының          Бельгия Корольдігі

    авиациялық билік орындары       авиациялық билік орындары

              үшін                             үшін






Оқығандар:


     Бағарова Ж.А

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады