Сауда Арабиясы Корольдігінің Әділет министрі Абдалла бин Мұхаммед бин Ибраһим әл аш-Шейхтің 2000 жылғы 1-8 шілдеде Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:
Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп сапарды дайындау және өткізу жөнінде қажетті ұйымдастыру іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін;
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен бірлесіп (келісім бойынша) Сауд Арабиясы Корольдігі делегациясының мүшелерін (бұдан әрі - Сауд Арабиясы делегациясының мүшелері) орналастыру және қызмет көрсету жөнінде қажетті шаралар қолдансын, Астана, Алматы қалаларында Сауд Арабиясы делегациясының мүшелеріне көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін;
Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметімен бірлесіп (келісім бойынша) Сауд Арабиясы Делегациясы басшысының Қазақстан Республикасының Президентімен кездесуін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырсын;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан ресми қабылдауды ұйымдастырсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Сауд Арабиясы делегациясы мүшелерінің келу және кету құжаттарын ресімдесін.
3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Сауд Арабиясы делегациясының мүшелері мінетін ұшақтың Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қонуын және ұшуын қамтамасыз етсін;
Астана және Алматы қалаларының әуежайларында техникалық қызмет көрсетілуін, тұрағын және жанармай құйылуын ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Сауд Арабиясы делегациясы мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және баратын орындарындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ жүру бағыты бойынша бірге жүруді қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім
бойынша) Сауд Арабиясы делегациясы басшысының жеке қауіпсіздігін
қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Орынбекова Д.Қ.