Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы
кеден ісі туралы
" 1995 жылдың 20 шілдесіндегі және
"Лицензиялау туралы"
1995 жылдың 17 сәуіріндегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімі бойынша осы қаулы күшіне енген сәттен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң депозитіне кеден ережелерін бұзу объектілері болып табылатын кеден төлемдері мен салықтарды, тауарлар мен көлік құралдарының құнын төлеуді қамтамасыз ету сомаларын енгізудің, оларды өндіріп алу мен қайтарудың ережесін айқындасын; <*>
бір айлық мерзімде кеден брокерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдер осы қаулыға сәйкес келтірілсін.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357
қаулысымен
.
3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
1. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін заңды тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:
1) штатта белгіленген тәртіппен біліктілік аттестатын алған, кедендік ресімдеу жөніндегі маманның болуы;
2) кеден брокері ретіндегі қызметті іске асыруға мүмкіндік беретін жеткілікті материалды-техникалық жарақтардың, оның ішінде, Қазақстан Республикасының кеден органдары пайдаланатын ақпаратты автоматтандырылған түрде өңдеу құралдарымен және бағдарламалық өнімдермен сәйкес келетін ақпаратты-автоматтандырылған түрде өңдеу құралдарының және бағдарламалық өнімдердің болуы;
3) кедендік бақылауға жататын тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын операцияларды дәл және толық көрсететін, есеп жүргізу мен есеп беруді қамтамасыз ететін жағдайлардың болуы;
4) уәкілетті банктің кепілдік беруі жолымен немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіндегі Қазақстан Республикасы кеден органының депозиттік шотына олар енгізілген күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 200 000 АҚШ доллары сомасына баламалы мөлшерде Қазақстан Республикасының валютасында да және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бағасын белгілейтін шетелдік валютада да ақша енгізу арқылы жүзеге асырылатын кедендік төлемдер мен салықтардың, сондай-ақ, кедендік ережелерді бұзу объектілері болып табылатын кедендік төлемдердің мерзімі өткізіліп төленген немесе кейінге қалдырылған төлемдердің пайыздары, тауарлар мен көлік құралдарының құны мен айыппұлдардың және кедендік төлемдердің мерзімі өткізіліп төленгені үшін өсімдердің төленуін қамтамасыз ету.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.17. N 1724
қаулысымен
.