Астана қаласын сумен жабдықтау мен су қашыртқы жүйесін жаңғыртуды және қайта құруды жетілдіру жобасына арналған Франция Үкіметінің сыртқы займдарын тарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 27 маусым N 960

      Экологиялық жағдайды сауықтыру және су ресурстарын басқару жөнiндегi жоспарлардың басымдылығын ескере отырып, сондай-ақ Алматы қаласын сумен жабдықтау мен кәрiздерiн одан әрi дамыту мен жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Франция Yкiметiнiң 30 000 000 (отыз миллион) АҚШ доллары сомасына келiсiм (шарт) жасасу нысанында жеңiлдетiлген займын тарту жолымен заңда белгiленген тәртiппен үкiметтiк қарыз алу жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі белгiленген тәртiппен:
      Франция Үкiметiмен келiссөздер жүргiзсiн және үкiметтiк сыртқы займ туралы тиiстi келiсiмге (шартқа) қол қойсын;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен және Алматы қаласының әкiмiмен келiсiм бойынша займға қызмет көрсету үшiн екiншi деңгейдегi банк-қаржы агентiн анықтасын;
      үкiметтiк сыртқы займ қаражаты түпкi заемшыға - Алматы қаласының әкiмiне үкiметтiк сыртқы займ туралы тиiстi келiсiмге (шартқа) сәйкес жағдайда және жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуын шектеулер шегiнде республикалық бюджеттен, Алматы қаласының жергiлiктi бюджетiнен несиелендiру жолымен берiледi деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жобаның экономикалық сараптамасын жүргiзсiн және дұрыс қорытынды жасалған жағдайда жобаны Мемлекеттiк инвестициялардың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасына енгізсiн.
      4. Алматы қаласының әкiмi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және екiншi деңгейдегi банк-қаржы агентiмен займды өтеу мен оған қызмет көрсету және займ қаражатын пайдаланудың есебi жөнiндегi мiндеттемелердi орындау туралы тиiстi келiсiм жасассын;
      займды өтеу мен оған қызмет көрсету үшiн жергiлiктi бюджеттен тиiстi жылдарға арналған қажеттi қаражатты көздесiн;
      займ қаражатын мақсатты және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қаржыландыруды бастау жөнiндегi шешiмдi тездетiп қабылдауға жәрдемдесу туралы өтiнiшпен бiрге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Алматы қаласын сумен жабдықтау және су қашыртқы жүйесiн қайта құру және жаңғырту жобасына жеңілдетілген

 

займ тартуға дайындығын растағаны туралы Франция Үкiметiн хабардар етсiн.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсiн.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі





Оқығандар:


     Бағарова Ж.А

     Орынбекова Д.Қ.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады