Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1999 жылғы 2 қыркүйекте Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті мен Армения Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің арасындағы шекаралар арқылы заңсыз өткізілетін мәдени құндылықтарды ұстау және қайтару мәселелері жөніндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің Кеден комитетi мен Армения Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлігінiң арасындағы шекаралар арқылы заңсыз өткізiлетiн мәдени құндылықтарды ұстау және қайтару мәселелерi жөніндегi ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Келісім
Бұдан әрi Шарттасушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi мен Армения Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгi,
1970 жылғы мәдени құндылықтарға меншiк құқығын заңсыз әкелу, әкету
және беруге тыйым салуға және ескертуге бағытталған шаралары туралы ЮНЕСКО Конвенциясының ережелерiн ескере отырып, мәдени құндылықтардың әкелiнуі, әкетілуi және транзитi оны қорғауға кеден және мемлекеттің басқа да компетенттi органдары мiндетті халықтың мәдени байлығына нұқсан келтiретiнiн атай отырып, мына төмендегiлер туралы келiстi: 1-бап Шарттасушы Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттiк шекаралары арқылы мәдени құндылықтардың заңсыз тасымалдануымен күресті күшейтуге ұмтылады. 2-бап
Мәдени құндылықтар Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының ұлттық заңдарында қарастырылған жағдайларда осы мемлекеттерден әкетуге рұқсаттар бойынша әкетіле алады.
3-бап
Мәдени құндылықтарды әкетуге рұқсатты әкету жүзеге асырылатын аумақ мемлекетінің уәкілетті органдары береді. Мәдени құндылықтарды тасымалдау әкетуге рұқсат болған кездерде жүзеге асырылады.
Шарттасушы Тараптар рұқсаттар бланкiлерi үлгілерiнiң қажеттi санымен
және олар расталатын мөрлердiң бедерлерiмен алмасады. 4-бап Мәдени құндылықтарды тасымалдаушы жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалардың өкiлдерi өздерiнде осындай құндылықтардың барлығы туралы хабарлауы және кедендiк бақылау үшiн әкетуге рұқсаттармен бiрге көрсетуге тиiс. Мәдени құндылықтарды әкетуге рұқсаттар болмаған кездерде олар тоқтатылады және олар туралы осы құндылықтар мемлекет аумағынан әкетiлген Шарттасушы Тараптың бiрiне кешiктiрілмей хабарланады. Осындай жағдайларда мәдени құндылықтарды әкетуге рұқсаттар көрсету үшiн екi айдан аспайтын мерзiм белгiленедi. 5-бап Тараптар: - әкетуге рұқсаттарымен алып жүрiлмеген, ұсталған мәдени құндылықтарды әкетiлген мемлекетке қайтаруды;
- мәдени құндылықтарды заңсыз тасымалдау үшiн ұсталған тұлғаларды жауапқа тартқан жағдайларда, осы құндылықтарды әкетiлген мемлекетке қайтару көрсетiлген тұлғалардың жауаптылығы туралы шешiм заңды күшiне енгеннен кейiн жүргiзудi;
- қайтарылатын мәдени құндылықтарды тапсыру мен қабылдау үшiн өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн тағайындауды;
- Шарттасушы Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес әкетуге рұқсаттар бойынша әкетiлуi мүмкiн, сондай-ақ әкетуге тыйым салынған мәдени құндылықтар туралы ақпаратпен өзара, алмасуды қамтамасыз етуге келiстi.
6-бап
1. Шарттасушы Тараптардың кеден органдары ұстаған мәдени құндылықтар осы Келiсiмнiң 5-бабының 3-тармағына сәйкес тiкелей осыған уәкiлеттi өкiлдерiне қайтарылады және мәдени құндылықтарды қайтаруға байланысты барлық кiнәраттарды аумағынан әкету жүзеге асырылған мемлекет қарастырады.
7-бап
1. Шарттасушы Тараптар осы Келiсiмдi қайтарусыз қолдану жөнiнде бiр-бiрiне өзара көмек көрсетедi, мамандардың сапарларымен (Егер Шарттасушы Тараптардың бiрi қажет санаса), ұсталған мәдени құндылықтарды сақтау, тасымалдау немесе әкелген мемлекеттен немесе әкетiлген мемлекетке транзиттегiлердi қайтаруға байланысты шығындарды өтеуден басқа.
2. Осы Келiсiмге сәйкес қайтарылатын мәдени құндылықтарға кедендiк немесе басқа төлемдер салынбайды.
8-бап
Шарттасушы Тараптар ынтымақтастық мәселелерi жөнiнде тұрақты түрде кеңеседi және осы Келiсiмдi орындау шеңберiнде тәжiрибе алмасуды жүзеге асырады.
9-бап
Осы Келiсiмдi пайымдауға және орындауға байланысты барлық даулы мәселелер Шарттасушы Тараптар арасындағы келiссөздер жолымен шешiледi. Шарттасушы Тараптардың келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуі мүмкiн. Өзгертулер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi және Келiсiмнiң 12-бабында белгiленген тәртiпте күшiне енедi.
Шарттасушы Тараптардың арасындағы хат жазысу орыс тiлiнде жүргiзiледi.
10-бап
Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейін екі ай барысында Шарттасушы Тараптар олардың мемлекеттерінде мәдени құндылықтарды әкелудiң тәртiбiн анықтайтын нормативтік құқықтық актiлердiң көшiрмелерiмен алмасады және келешекте осы нормативтiк құқықтық актiлердегi барлық өзгертулер туралы жүйелi түрде хабарлап тұрады.
11-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерi Шарттасушы Тараптардың басқа халықаралық шарттарға сәйкес қабылдаған мiндеттемелерiн қозғамайды.
12-бап
Осы Келiсiм Шарттасушы Тараптардың бiр-бiрiне дипломатиялық каналдар бойынша Келiсiмнiң күшiне енуiн қамтамасыз ететiн қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындағаны туралы хабарлағаннан кейiн күшiне енедi және бұдан кейiнгi бес жыл бойы қолданылады, одан кейiн, егер Шарттасушы Тараптардың бiрде бiрi тиiстi мерзiмге алты ай қалғанда оның қолданылуын тоқтату
туралы өзiнiң ниетiн жазбаша нысанда мәлiмдемесе, ол автоматты түрде келесi бес жылға ұзартылады. 1999 жылы "___"____________ ___________ қаласында қазақ, армян және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi бұл ретте барлық үш мәтiн бiрдей болып табылады. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру қажет болған кездерде орыс тiлiндегi мәтiн негiзге алынады. Қазақстан Республикасы Армения Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Мемлекеттік кіріс Кеден комитетінің Министрлігінің атынан атынан Оқығандар: Бағарова Ж.А. Орынбекова Д.Қ.