Академик Ө.А.Жолдасбековті мәңгі есте қалдыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 30 маусым N 992

      Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Ө.А.Жолдасбековті мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Механика және машинатану институтына академик Ө.А.Жолдасбековтің есімі берілсін.
      2. Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері белгіленген тәртіппен Алматы, Шымкент қалалары көшелерінің біріне академик Ө.А.Жолдасбековтің есімін берсін.
      3. Алматы қаласының әкімі Алматы қаласының Д.Қонаев көшесіндегі 162-тұрғын үйге және Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің ғимаратына ескерткіш тақталар орнатсын.
      4. Академик Ө.А.Жолдасбековті мәңгі есте қалдыруға арналған

 

іс-шараларды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерде

бағдарламалардың тиісті мемлекеттік әкімші-мекемелеріне көзделген

қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Оқығандар:


     Бағарова Ж.А.

     Орынбекова Д.Қ.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады