Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Ботаника және фитоинтродукция институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 5 шілде N 1018

      Елiмiздiң ұлттық байлығы болып табылатын өсiмдiктердiң тектiк қорын сақтау және байыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Ботаника және фитоинтродукция институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) оған Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Алтай ботаникалық бағы", "Iле ботаникалық бағы", "Жезқазған ботаникалық бағы", "Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын. 

      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қолдансын. 

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады