Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "RJK International Trading LTD" компаниясы арасындағы инвестициялар тарту туралы 2000 жылғы 20 сәуірдегі келісім-шартты іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 7 шілде N 1030

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Азық-түлiк корпорациясы" ЖАҚ) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Любавичи қозғалысы" директораты және "RJK International Trading LTD" компаниясы (бұдан әрi - "RJK" компаниясы) арасындағы 2000 жылғы 20 сәуiрдегi келiсiм-шартқа сәйкес "RJK" компаниясына мемлекеттiк экспорттық ресурстардың 50 000 (елу мың) тонна астығын берсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Ә. Өтембаев 2000 жылғы 1 қыркүйекке дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "RJK" компаниясы арасындағы инвестициялар тарту туралы 2000 жылғы 20 сәуiрдегi келiсiм-шартты орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын, сондай-ақ 2000 жылғы қыркүйек-желтоқсан кезеңiне "RJK" компаниясына мемлекеттiк экспорттық ресурстардың астығын беру кестесiн бекiтсiн.
      3. "RJK" компаниясының Астана қаласы объектiлерiнiң құрылысын қаржыландыру жөнiндегi ниетi назарға алынсын.
      Астана қаласының әкiмiне "RJK" компаниясымен келiсiм бойынша

 

компаниядан алынған гранттардың есебiнен Астана қаласы объектiлерiнiң

құрылысын жергiлiктi бюджеттiң қаражатынан мақсаты қаржыландыру туралы

"RJK" компаниясымен келiсiм жасау ұсынылсын.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.        







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады