Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Әзербайжан Республикасының Үкiметi арасындағы экономикалық және қаржылық бұзушылықтармен күрес саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ заңсыз өткiзiлген валюталық құндылықтарды қайтару туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 11 шілде N 1054

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. 1999 жылғы 22 қазанда Астана қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының Үкiметi арасындағы 
экономикалық және қаржылық бұзушылықтармен күрес саласындағы 
ынтымақтастық, сондай-ақ заңсыз өткiзiлген валюталық құндылықтарды қайтару 
туралы келiсiм бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
       Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының    
     Yкiметi арасындағы экономикалық және қаржылық бұзушылықтармен күрес   
      саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ заңсыз өткiзiлген валюталық     
                      құндылықтарды қайтару туралы
                                Келісім 
     
     (2000 жылғы 21 тамызда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары 
                  бюллетені, 2001 ж., N 5, 53-құжат) 
     
     Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Yкiметi 
мен Әзербайжан Республикасының Yкiметi,
     мемлекеттiк егемендiгiн өзара құрметтеу принциптерiне сүйене отырып,
     ұлттық заңдардың ережелерiне және өз мемлекеттерiнiң халықаралық 
мiндеттемелерiн негiзге ала отырып,
     тең құқықтық, өзара түсiнiстiк және өзара тиiмдiлiк принциптерiн 
басшылыққа ала отырып,


      экономикалық және қаржылық, бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ, заңсыз өткiзiлген валюталық құндылықтарды қайтаруға байланысты мiндеттердi тиiмдi шешуге өзара мүдделiгiне сүйене отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:

                        1-бап. Келiсiмнiң мақсаты

      Экономикалық және қаржылық, заңдарды бұзушылыққа қарсы тиiмдi күрестi ұйымдастыру және Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына заңсыз өткiзiлген валюталық құндылықтарды қайтару мақсатында Тараптардың құзыреттi органдарының ынтымақтастығы осы Келiсiмнiң мақсаты болып табылады.
      Осы Келiсiм азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы қолданылып жүрген халықаралық келiсiмдер жөнiндегi Тараптардың мiндеттемелерiн қозғамайды.

                   2-бап. Тараптардың құзыреттi органдары

      Осы Келiсiмнiң, Тараптардың құзыреттi органдары болып табылады:
      Қазақстан Республикасының тарапынан - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгі, Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлiгі.
      Әзербайжан Республикасының тарапынан - Iшкi iстер министрлігі, Қаржы министрлiгі, Ұлттық Банк, Мемлекеттiк Кеден комитетi, Бас мемлекеттiк салық инспекциясы немесе екi жағдайда да осы Келiсiмнiң қолданылу кезеңiнде Тараптардың жоғарыда аталған құзыреттi органдардың уәкiлеттi кез келген тұлғасы не органы болып табылады.
      Құзыреттi органдардың ресми атауы өзгерген жағдайда, Тараптар ол туралы дипломатиялық арналар бойынша бiр-бiрiн дереу хабардар етедi.

                      3-бап. Ынтымақтастық нысандары

      Осы Келiсiмнiң аясында Тараптар ынтымақтастықтың мынадай нысандарын:
      1) экономикалық және қаржылық бұзушылық туралы ақпарат алмасуда;
      2) экономикалық және қаржылық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ заңсыз өткiзiлген валюталық құндылықтарды қайтару жөнiнде шаралар қолданған кезде өзара iс-қимыл жасауда;
      3) ұлттық қаржы жүйелерi туралы қаржылық-экономикалық заңдарға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы, сондай-ақ қаржы-экономикалық заңдарды бұзушылықтардың, алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнiнде әдiстемелiк ұсыныстар туралы ақпарат алмасуда;
      4) жұмыс топтарын құруды, өкiлдер, сарапшылар алмасуды және кадрларды оқытуды қоса алғанда, ынтымақтастық процесiнде туындайтын мәселелердi жедел қарауда;
      5) қаржылық және экономикалық бұзушылықтарға қарсы күрес проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларды ұйымдастыруда және өткiзуде пайдаланады.
      Ұлттық қаржы жүйелерi және қаржы-экономикалық, заңдарды бұзушылық

туралы ақпарат алмасу мемлекеттiк құпиялар туралы Тараптардың заңдарын 
сақтай отырып жүзеге асырылады.
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асырумен байланысты мәселелер бойынша 
құзыреттi органдар бiр-бiрiне тiкелей қызмет етедi.
     
                  4-бап. Тараптардың өзара iс-қимыл жасауы 
     
     Тараптардың құзыреттi органдары қаржы-экономикалық бұзушылықтардың 
алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ заңсыз өткiзiлген валюталық 
құндылықтарды қайтару жөнiнде өзара iс-қимыл жасайтын болады.
     
                  5-бап. Құқықтық сипаттағы ақпарат алмасу 
     
     Тараптардың құзыретті органдары қаржы-экономикалық саланы реттейтiн 
нормативтiк құқықтық актiлердiң қабылдануы, оларға өзгерiстер мен 
толықтыруларды енгiзу туралы жүйелi түрде ақпарат алмасуды жүзеге 
асырады.
     
             6-бап. Ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерi бойынша
                              ынтымақтастық 
     
     Тараптардың құзыреттi органдары қаржы-экономикалық заңдарды 
бұзушылыққа қарсы күрестi күшейту мақсатында ақпараттық жүйенi құру және 
жұмыс iстеу мәселелерi бойынша тәжiрибе, әдiстемелiк және ғылыми 
материалдар алмасуды жүзеге асырады, бiр-бiрiне қажеттi ақпаратты өтеусiз 
тегiн бередi.
     
                7-бап. Тәжiрибе алмасу және кадрлар даярлауға
                                көмек көрсету 
     


      Тараптардың құзыреттi органдары кадрларды оқыту және қайта даярлау мәселелерi бойынша өздерiнiң оқу орындарының базасында ынтымақтастық жасайды, қаржы-экономикалық бұзушылыққа қарсы күрестің көкейкесті мәселелері бойынша бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзедi.
      Осы баптың аясында ынтымақтастықты жүзеге асырудың нақты нысандары

Тараптардың құзыреттi органдары арасында жасалған Келiсiмдерге сәйкес 
айқындалады.
     
               8-бап. Сұрау салудың нысандары және мазмұны 
     
     Сұрау салу жазбаша нысанда немесе телетайп, факсимильдiк немесе 
компьютерлiк байланыстар арқылы жiберiледi. Кезек күттiрмейтiн жағдайларда 
сұрау салу дереу растама алу арқылы ауызша және жазбаша нысанда берiлуi 
мүмкiн. Телетайп, факсимильдiк немесе компьютерлiк байланыстарды 
пайдаланған жағдайда сұралатын құзыреттi орган жазбаша нысанда растама 
талап етуi мүмкiн.
     Жәрдемдесу туралы сұрау салу мыналарды қамтуы тиiс:
     а) сұрау салушы Тараптардың құзыреттi органының атауын;
     б) сұралатын Тараптың құзыретті органының атауын;
     в) iстi қысқаша баяндау және сұрау салуды негiздеудi;
     г) сұрау салуды тиiсiнше орындауға қажеттi кез келген басқа да 
ақпаратты.
     
                       9-бап. Сұрау салуды орындау 
     


      Сұрау салу ол алынған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей орындалады. Қажет болған жағдайда сұрау салуды орындаудың мерзiмi Тараптардың құзыреттi органдарының өзара келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн. Сұрау салу сұралатын Тараптың мемлекетiнiң күшi бар заңдарында белгiленген тәртiппен орындалады.
      Сұралатын Тараптардың құзыреттi органы қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұратуы мүмкiн.
      Сұрау салуды канағаттандыру мүмкiн болмаған жағдайда сұралатын Тараптың құзыреттi органы бұл жөнiнде сұраушы Тараптың құзыреттi органына дереу хабарлайды.
      Егер осындай сұрау салу сұралатын Тараптың егемендiгiне немесе

қауiпсiздiгiне нұқсан келтiретiн болса, не заңдарына қайшы келсе, сұрау 
салуды орындаудан толығымен немесе iшiнара бас тартылады.
     Тараптардың сұрау салуы орындаудан бас тартудың себептерi сұраушы 
Тараптың құзыреттi органына жазбаша нысанда хабарлар етiледi.
     
              10-бап. Сұрау салуды орындау кезiндегi өзара        
                               түсiнiстiк 
     
     Сұралатын Тараптың құзыреттi органы сұраушы Тараптың құзыреттi 
органының өкiлеттi өкілiн, егер бұл сұралатын Тарап мемлекетiнiң заңдарына 
қайшы келмесе, өз мемлекетiнiң аумағында сұрау салуды орындауға қатысуға 
рұқсат етедi. 
     
                              11-бап. Тiл 
     
     Ақпарат алуға сұрау салу және оған жауап Тараптардың өзара келiскен 
тiлде жасалады.
     
                     12-бап. Ақпаратты пайдалану 
     
     Тараптардың құзыреттi органы осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауға 
байланысты ақпараттың құпиялығына кепiлдiк бередi.
     Осы Келiсiмнiң аясында алынған ақпаратты аталмыш ақпаратты берген 
құзыреттi органның жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi Тарапқа беруге болмайды.
     
           13-бап. Заңсыз аударылған валюталық құндылықтарды   
                               қайтару тетiгi 
     
     Заңсыз аударылған валюталық құндылықтарды қайтару тетiгі Тараптардың 
өзара келiсiмi бойынша анықталады.
     
                           14-бап. Шығындар 
     
     Тараптардың құзыреттi органдары өзара уағдаластық бойынша осы 
Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыруға байланысты барлық шығындарды көтередi.
          15-бап. Келiсiмдi жүзеге асыру жөнiндегi қосымша шаралар 
     
     Тараптардың құзыреттi органдарының өкiлдерi қажет болған жағдайда осы 
Келiсiмнiң ережелерiн орындауға байланысты мәселелердi талқылау мақсатында 
екi жақты кездесулер өткiзедi.
     
               16-бап. Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу 
     
     Осы Келiсiмге жекелеген хаттамалармен рәсiмделетiн Тараптардың өзара 
келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн және осы 
Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
     
                 17-бап. Таластар және келiспеушiлiктер 
     


      Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдануға немесе түсiнiк беруге байланысты туындаған барлық таластар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасында келiссөз және кеңес арқылы шешiледi.

                           Қорытынды ережелер

      Осы Келiсiмге Тараптардың оны күшiне енгiзуге қажеттi iшкi

мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама 
алынған күннен бастап күшiне енедi.
     Осы Келiсiмнiң қолданылуы Тараптардың бiреуi екiншi Тараптан оның 
қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап 6 
ай өткеннен кейiн тоқтатылады.
     1999 жылғы 22 қазанда Астана қаласында екi данада, әрқайсысы қазақ, 
әзербайжан және орыс тiлдерiнде жасалды, бұл ретте бүкiл мәтiндердiң күшi 
бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған 
жағдайда, Тараптар орыс тілiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.
     
Қазақстан Республикасының                     Әзербайжан Республикасының
     Yкiметi үшiн                                   Үкіметі үшін
     
     Мамандар:
       Қобдалиева Н.М.
       Орынбекова Д.К. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады