Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына 2000 жылғы 27-30 шiлдедегі ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 11 шілде N 1056

      Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екiжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Ху Цзиньтаоның зайыбымен Қазақстан Республикасына Астана және Алматы қалаларындағы 2000 жылғы 27-30 шiлдедегі ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегі ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы (келiсiм бойынша) қосымшаға сәйкес Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру және қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шараларды қолдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлiгi Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң тұратын және болатын орындарында қауiпсiздiгін, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі белгіленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп Қытай Халық Республикасының Төрағасы орынбасарының арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, тұрақ берудi және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
      6. Қосымшаға сәйкес Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын күтiп алу және шығарып салу, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы (келiсiм бойынша) 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен сапарды өткiзу шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      8. Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметi (келісiм

 

бойынша) Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының күзетiлетiн

тұлғаларының қауiпсiздiгін қамтамасыз етсiн.

     9. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

     10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                        Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

                                              2000 жылғы 11 шiлдедегі

                                                  N 1056 қаулысына

                                                       қосымша


           Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн

        орналастыру және қызмет көрсету жөнiндегі ұйымдастыру шаралары



 
       1. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн (2+10) Астана қаласында "Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiне, Алматы қаласында мейманханалық павильон мен "Алмалы" қонақ үйi кешенiне, сондай-ақ бiрге жүретiн адамдарды Астана және Алматы қалаларында орналастыру, тамақтандыру және көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Интерконтиненталь-Астана" қонақүйiне, сондай-ақ "Алмалы" мейманханалық павильоны мен "Алмалы" қонақ үйi кешенiне орналастыру.
      3. 2000 жылғы 27-30 шілдеде сапарды өткiзуге жұмылдырылған адамдар үшiн жедел байланыс құралдарын (5 дана) жалға алу.
      4. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсаттамалар) дайындау.
      5. Делегация басшысы үшiн кәдесыйлар мен сыйлық сатып алу.
      6. Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында күтiп алу және шығарып салу рәсiмдерiн техникалық безендiру (VIР-зал, сусындар, шәй, жалаулар, Алматы және Астана қалаларының әуежайлары мен делегацияның жүретiн бағыттары бойынша қазақ және қытай тiлдерiнде қошамет транспаранттары), сондай-ақ Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына ресми сапарының бағдарламасына сәйкес ұйымдастыру-протоколдық iс-шараларын дайындауды және өткiзудi қамтамасыз

 

ету.

     7. Ел басшылығының атынан Қытай Халық Республикасы Төрағасының

орынбасары Ху Цзиньтао мен оның жұбайының құрметiне Астана және Алматы

қалаларында ресми түстiк және кешкi қонақасы ұйымдастыру.

     8. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне және

бiрге жүрген адамдарға медициналық қызмет көрсету.




Оқығандар:

Қобдалиева Н.М.

Орынбекова Д.К. 





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады