Жамбыл облысы Т. Рысқұлов атындағы ауданының Каменка селосында 1992 жылы болған жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен орта мектептi қалпына келтiру және оның сейсмикалық тұрақтылығын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен Жамбыл облысының әкiмiне Каменка селосындағы мектеп ғимаратын қалпына келтiру жұмыстарын орындау және сейсмикалық тұрақтылығын күшейтудi аяқтау үшiн 20 (жиырма) миллион теңге бөлiнсiн.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.27. N 1900
қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнетiн қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Жамбыл облысының әкiмi 2000 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан
Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне орындалған
жұмыстардың көлемдері мен құны туралы есеп ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.