"Қазспортқамтамасызету" басқармасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 шілде N 1071

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Қазспортқамтамасызету" басқармасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны қайта құру жолымен мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен "Қазспортқамтамасызету" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қазспортқамтамасызету" ААҚ) болып қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) жарғысын бекiту кезiнде Қазақстан Республикасында туризм мен спорт жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыруға қатысу республиканың ұлттық құрама командаларын спорт киiмiмен және мүкаммалмен қамтамасыз ету, туризм мен спорттың материалдық-техникалық базасын кеңейту үшiн инвестициялар тартуға қатысу "Қазспортқамтамасызету" ААҚ қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгiлесiн; 
      2) "Қазспортқамтамасызету" ААҚ-ның жарғылық капиталына мына мекен-жай: Астана қаласы, Әуезов көшесi, 126 бойынша ғимаратты берсiн;
      3) әдiлет органдарында "Қазспортқамтамасызету" ААҚ-ның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2000 жылғы 14 шілдедегі       
N 1071 қаулысымен бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiндегi: 
      "Алматы қ." бөлiмi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 123-8-жолмен толықтырылсын: 
      "123-8 "Қазспортқамтамасызету" ААҚ". 

      2. "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      Иелiк ету мен пайдалану құқығы салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерi және қатысудың мемлекеттiк үлестерi тізбесiндегі: 
      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 228-2-жолмен толықтырылсын: 
      "228-2 "Қазспортқамтамасызету" ААҚ". 

      3. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 маусымдағы N 796 қаулысына :
      көрсетiлген қаулыға қосымшадағы: 
      реттiк нөмiрi 21-жол алынып тасталсын.

      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29.
N 1130  қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады