Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын мақұлдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 21 шілде N 1095

      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқаруды және жекешелендiрудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
 

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасы мақұлдансын. 
 

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендірудің тиiмдiлiгiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасының және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн; 
      2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 220  қаулысымен бекiтiлген 2000 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Заң жобалау жұмыстарының жоспарына "Мемлекеттiк мүлiк мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заң кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгiзу жөнiнде шаралар қабылдасын.
 

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсiн.
 

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2000 жылғы 21 шілдедегі       
N 1095 қаулысымен мақұлданған    

Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару
және жекешелендіру
Концепциясы

Астана қаласы, 2000 ж.

       Кіріспе

      Осы Концепция мемлекеттік мүлiктi басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзiн анықтайды.
      Басқару деп мемлекеттiк мүлiктің барлық түрлерiн:
      мемлекеттік мүлікті пайдаланудан түсетін салықтық түсімдердің есебінен республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту; 
      мемлекеттік меншiктің құрылымын оңтайландыру; 
      мемлекеттiк меншiктi басқаруды жетiлдiру процесiне қатыстыру; 
      мемлекеттiк меншiктi экономикаға инвестициялар тарту құралы ретінде пайдалану; 
      мемлекеттiк кәсiпорындардың қаржы-экономикалық көрсеткiштерiн басқаруды жақсарту жолымен жақсарту мақсатында пайдалануға байланысты қатынастардың жиынтығы түсiндiрiледi. 
      Осы Концепцияда Қазақстан Республикасының жерi, жер қойнауы, ормандары мен басқа да табиғи ресурстары (жылжымайтын объектiлерге байланысты жер учаскелерiн қоспағанда), зиялылық меншiк объектілерi мен осы объектiлерге құқықтар қарастырылмайды. 
      Осы Концепция екi бөлiмнен тұрады. 
      Бiрiншi бөлiмде мемлекеттік мүлiктi тиiмдi басқаруды арттыруға тiкелей бағытталған ағымдағы жағдай, мақсаттар, мiндеттер мен мiндеттердi iске асыру механизмдерi қарастырылады. 
      Екінші бөлiмде қолайлы экономикалық ортаны құруға және тауарлар мен қызмет көрсетулердi отандық өндiрушiлер жұмысының тиiмдiлiгін арттыруға бағытталған мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мәселелерi қарастырылған. 

1 бөлiм. Мемлекеттiк мүлiктi басқару 

       1.1. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жүйесiнiң мақсаттары, мiндеттерi және оны ұйымдастыру
        Мемлекетте қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдай мемлекеттiк мүлiктi басқару және оған билiк ету саласындағы принциптер мен басымдықтарды анықтаудың, экономикалық даму процесін реттеуде мемлекеттің ролін күшейтудің қажеттігін туғызады. Бұл өзінің қоғамдық маңыздылығына орай мемлекеттік реттетуді объективті қажет ететін, ал белгілі бір жағдайларда тек қана мемлекеттің қатысуын талап ететін экономиканың бірқатар салаларының бар екендігімен түсіндіріледі. 
      Мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік саясат мынадай мақсаттарды: 
      мемлекеттік мүлікті пайдаланудан түсетін салықтық түсімдердің есебінен республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайтуды (мұндайлар ретінде мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін кірістерді қарастырмай-ақ); 
      мемлекеттік-экономикалық саясаттың мүддесін және мемлекеттің белгілі бір салалар мен нақтылы кәсіпорындарды реттеу жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешуін ескере отырып, мемлекеттік меншіктің құрылымын (құрамын) оңтайландыруды; 
      мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру процесіне осы мүліктің ең көп санын қатыстыруды; 
      мемлекеттік мүлікті экономикаға инвестициялар тарту құралы ретінде пайдалануды (осы мүлікпен қамтамасыз етуді); 
      мемлекеттік мүлікті шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында пайдаланатын заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттің қатысу үлесі бар заңды тұлғалар қызметінің қаржы-экономикалық көрсеткіштерін ішкі қайта құруларға ықпал ету және оларға тиесілі емес функцияларды орындауды тоқтату есебінен арттыруды іске асыруды ескере отырып құрылуы тиіс. 
      Көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін республикалық және жергілікті атқарушы өкімет органдары мынадай міндеттерді: 
      мемлекеттік мүліктің барлық түрлеріне қатысы бойынша меншік құқығы субъектісі ретінде бірыңғай Уәкілетті органды* анықтауды; 
      * Осы Концепцияның мақсатында Уәкілетті орган деп - ҚР Үкіметі (әкімшілік-аумақтық бірліктің Әкімі) анықтайтын және мемлекеттік мүлікке қатысты меншік құқығының субъектісі болып табылатын мемлекеттік республикалық (коммуналдық) мекеме түсіндіріледі. 
      мемлекеттік мүліктің түрлері бойынша тиісті есептің тізілімін жасай отырып, барлық мемлекеттік меншік объектілерін толық түгендеуді жүзеге асыруды; 
      қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес Уәкілетті органның оның есеп тізіліміне енген мемлекеттік мүлікке меншік құқығын ресімдеуді; 
      мемлекеттік мүлікті басқару рәсімін егжей-тегжейлі құқықтық регламенттеуді және таңдап алынған басқару тәсілінің экономикалық негіздемесін әзірлеуді; 
      мемлекеттік меншік объектілерін басқару ерекшелігін анықтайтын белгілері бойынша сыныптауды; 
      басқару объектілерінің санын оңтайландыруды және объект бойынша басқаруға көшуді; 
      мемлекеттік меншіктің әрбір объектісі немесе объектілер тобы бойынша мемлекеттік басқарудың мақсаттарын қалыптастыруды; 
      заңды тұлғалардың акционері (қатысушысы) ретінде мемлекеттің құқығын сақтауды қамтамасыз етуді; 
      мемлекеттік мүлікті тиімді басқаруға және оның мемлекеттік мүлікті тікелей пайдалануды жүзеге асыратын басқару органының* сақтауына іскерлік бақылауды қамтамасыз етуді; 
      * Осы Концепцияның мақсатында Басқару органы деп - Қазақстан Республикасының Үкіметі (Уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамалық және нормативтік кесімдерінде белгіленген шекте, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару шартымен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі өкілдіктермен бөлінген заңды және жеке тұлғалар түсіндіріледі. 
      мемлекеттік мүлікті тиімді пайдаланудың есебінен республикалық және жергілікті бюджеттерге қосымша кірістердің түсуін қамтамасыз етуді шешуі қажет. 
      Осы Концепцияны іске асырудың міндеттері Қазақстан Республикасының барлық атқарушы өкімет органдары үшін басым болып табылады. 
      Осы Концепцияның негізіне көрсетілген мақсаттарға жетуді және олардан туындайтын міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін мемлекеттік мүлікті басқарудың мынадай принциптері алынған; 

       Басқару мақсатын анықтау
        Әрбір мемлекеттік меншіктің объектісіне (объектілер тобына) қатысты, мемлекет алдына қойған және осы объект оған қол жеткізуге қызмет ететін мақсат анықталуы және белгіленуі тиіс. 
      Мемлекеттік меншік объектілерінің бірнеше түрлерін басқару жөніндегі мемлекет мақсаттарының тізбесі тиісті құқықтық кесімдермен анықталуы тиіс. 

       Мақсатқа жетудің тәсілін таңдау және оны жүзеге асыруға жауапкершілік 

      Мемлекет мемлекеттік меншік объектілерінің көптүрлілігіне, олардың ерекшелігіне, уақытылы және дәл басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажетті әрбір мемлекеттік меншік объектісінің жағдайы туралы көкейтесті ақпаратты жедел өңдеудің мүмкін еместігіне орай, көп жағдайларда мақсатқа жетудің тәсілдерін, яғни мемлекеттік меншік объектісіне қатысты нақтылы іс-шаралардың егжей-тегжейлі, экономикалық негізделген жоспарларын анықтай алмайды және анықтауы тиіс емес. Мақсатқа жетудің тәсілі басқару органының белгіленген тағайындау рәсімінің (әдетте, конкурстық) шеңберінде анықталады және Уәкілетті орган, ұлттық компаниялар үшін - Үкімет бекітеді. 
      Мақсатқа жетудiң бекiтiлген тәсiлiн жүзеге асыруға жауапкершiлiк басқару органына жүктеледi және оған тиесiлі қызметтi ынталандырып қана қоймай, және де сонымен бiрге, басқарудың жоспарланған сапалы нәтижесіне жетпеген кезде мемлекеттің тәуекелiн неғұрлым азайтуы тиiс. 

       Басқару жүйесін құру

        Басқару жүйесi мақсатқа жетудiң тәсiлiн анықтаудың мiндетті тәртібiн қамтамасыз ету, мемлекеттiк органдарымен және басқару органдарымен басқарушылық шешiмдердi қабылдаудың тәртiбiн, басқару органын таңдаудың тәртiбiн регламенттеу, басқару органын мотивациялау, мемлекеттік меншiк объектiлерiн және басқару органының қызметiн бақылау, мемлекеттік органдар мен басқару органдарының есептiлікті ұсынуы, бақылау және есептiлiк нәтижелерiн талдаудың негiзiнде басқарушылық шешiмдердi қабылдау, басқарудың нәтижелерiне жауапкершiлiк, басқару органы мен мемлекеттiк меншiк объектілерiнiң жұмысы туралы ақпараттың тұрақты түсуi, оны өңдеу және талдау элементтерiнiң бөлiнбейтiн бiрлiгi ретiнде пайдалану маңызды принцип болып табылады. 
      Басқару жүйесiнің жұмыс iстеуi мен мемлекеттік органдардың өзара әрекет етуiнiң тәртібi тиiстi құқықтық кесiмдермен егжей-тегжейлi регламенттелуi тиiс. 

       Басқарудың тиiмділiгiн қамтамасыз ету 

      Басқарудың тиiмдiлiгi материалдық және қаржылық ресурстардың барлық түрлерiн мүмкiндігiнше үнемдеу жолымен басқарудың мақсатына жетумен (қызметтiң белгiленген сапалы нәтижесiне немесе басқару объектiсiнiң жағдайына) түсіндiрiледi. Басқарудың тиiмдiлiгінiң мұндай түсiнiгiн ескере отырып, мемлекеттік мүлiктi басқару шарттарының ережелерiн анықтауға өту қажет.* 
      * Осы Конвенцияның мақсатында Мемлекеттiк мүлiктi басқару деп - мемлекеттiк мүлiктi басқару органының мемлекеттік мүлiкті сақтауға, тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етуге және жаңартуға бағытталған функциясы. 
      Тиiмдi басқаруды кәсiби басқарушыларды (менеджерлердi) тартпай-ақ жүзеге асыру мүмкiн емес, осыған байланысты мемлекеттік органдар қызметкерлерiнiң iшiнен осындай басқарушыларды аттестациялау және даярлау жүйесiн құру қажет. Сонымен бiрге, мемлекеттік мүлiктi басқаруға тиiстi жұмыс тәжiрибесi мен атағы бар мемлекеттік емес заңды тұлғаларды да тартқан орынды. 
      Басқару принциптерi, сондай-ақ оларды iске асыруға ұмтылу акциялары мемлекеттiң меншiгiндегi, Қазақстан Республикасының үлесi шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жылжымайтын мүлiк сияқты мемлекеттік меншiктiң объектiлерiне қатысты мынадай логикалық ретте нақтыланады: 
      а) жағдайды бағалау (сандық сипаттама, объектiлердi сыныптау, мемлекеттік органдар арасында өкiлдiктердi бөлу, iстің мән-жайы мен негізгі қорытындылар); 
      б) басқарудың мақсаттары мен мiндеттерін қою; 
      в) басқарудың ұсынылып отырған механизмi (мақсатқа жету мен алға қойылған мiндеттердi шешу алгоритмi, басқару механизмiн тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ету үшiн әзiрлеу немесе өзгерту қажет құқықтық кесiмдердiң тiзбесi); 
      г) басқарудың тиімділігін бақылау. 

       1.2. Республикалық және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды басқару (бұдан әрі - мемлекеттік кәсіпорындар) 

      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында 1 983 республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен 3 716 коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар есепке алынды.

       1.2.1. Мемлекеттiк кәсiпорынды басқарудың заңды негізi

        Мемлекеттік кәсiпорындарды басқару жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығының нормаларымен регламенттелiнедi. Осы Жарлыққа сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын органдар мен басқару органдары министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар мен өзге де уәкілетті мемлекеттiк органдар болып табылады. Осы функцияларды жүзеге асыру өзiне мемлекеттiк кәсiпорынды жекешелендiру туралы не жекешелендiрудiң алдағы кезеңдері туралы шешiмдердi қабылдау жөнiндегi өкiлдiктердi қамтымайды. Мемлекеттік кәсiпорынды жекешелендiру туралы (оның алдағы кезеңдерi) шешiм қабылданған күннен бастап кәсiпорынға билiк ету жөнiндегi мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясы осындай шешiм қабылдауға уәкілетті мемлекеттiк органға, яғни Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне ауысады. 
      Республикалық мемлекеттік кәсiпорынды құру Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шешiмдерi негiзiнде коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынды құру - жергiлiкті әкiмшiлiк басшысының шешiмi бойынша өтедi. Мемлекеттік кәсiпорынның құрылтайшысы болып уәкiлетті орган әрекет етедi. 
      Құрылған кезде мемлекеттiк кәсiпорын жедел басқару құқығында немесе шаруашылық жүргізу құқығында оған бекiтiлген мүлiкпен бөлiнедi. Көрсетiлген мүлiктi оған меншік иесi, яғни Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң атынан мемлекет бередi және осы кәсiпорынның бухгалтерлiк балансында көрiнiс табады және барлық осы мүлiкке кәсiпорын несие берушiлер алдындағы өзiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бередi. 
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығы "Кәсiпорынның заңды тұлға ретiндегі органы меншiк құқығы субъектiсi немесе басқару органы тағайындайтын оның басшысы болып табылады және басшымен қарым-қатынас келiсiм-шарт арқылы ресiмделуі мүмкін" деп анықтайды. 
      Сонымен бiрге, мемлекеттік кәсiпорынды және оған тиесiлi мүлiкті басқару процесiнде екi заңнамалық кесiм қолданылуы мүмкiн: 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығы; 
      Қазақстан Республикасы Президентінiң "Жекешелендіру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күшi бар  Жарлығы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күшi бар Жарлығы мемлекеттік кәсiпорынды жекешелендiрудiң тәртiбiн бiрыңғай мүлiктiк кешен ретiнде анықтайды, ал кәсiпорынның мүлкi мемлекеттiк кәсiпорын тараған жағдайда ғана, жекелеген жекешелендiру объектiсi болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығы мүлiктiк кешеннің бөлiгін құрайтын мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкiн уәкiлеттi органмен (мұндайлар министрлiктер мен ведомстволар болып табылады) келiсiм бойынша мемлекеттiк кәсiпорынның өзi сату тәртiбiн анықтайды.

       1.2.2. Iстiң ағымдағы жағдайы және мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзу құқығын пайдалану бойынша бар кемшiлiктерi

        Мемлекеттік кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі мен оларды басқарудың жағдайы бойынша iстiң жалпы мән-жайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi жүргiзген тексерiстердiң нәтижелерiнен көруге болады. 1999 жылдың 1 жартыжылдығында 76 мемлекеттiк кәсiпорын тексерiлдi. Бұл саннан - кәсiпорындардың 34,2% қызметінiң қорытындылары бойынша пайда түсiрдi, қалғаны - кәсiпорындардың 65,8% залалды болып табылады. Алынған пайданың жалпы сомасы 167 412 200 теңгенi құрады, оның iшiнде бюджеттiң кiрiсiне тек қана 65 250 теңге немесе 0,04% аударылды. Бұл деректер мемлекеттік кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң тиiмсiздiгiнiң басымдығы туралы, мемлекеттiк кәсiпорындар өздерiнiң пайдасының бөлiгiн мемлекетке аудару жөнiндегi мiндеттемелердi елемейтіндiгi туралы, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың тарапынан бақылаудың мүлдем болмауы туралы куәландырады.
      Ендi бiр мысал ретiнде мына кестенi келтіруге болады:
-------------------------------------------------------------------
                          !1997 жыл !1998 жыл !1999 жыл ! 2000 жыл
                          !         !         !         ! (болжам)
-------------------------------------------------------------------
Мемлекеттік кәсiпорындардың   2765      3846      5699
саны
Мемлекеттік бюджеттің алған   328 800   113 730   34 080    55 700
кiрiстерiнiң сомасы (мың теңге)
-------------------------------------------------------------------

      Келтірiлген кестеден мемлекеттік кәсiпорындардың жалпы санының өсiмi және бiр мезгiлде мемлекеттік бюджеттiң алатын кiрiстерінің азаюы анық көрiнедi. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң тексерiс нәтижелерi бойынша мемлекеттік кәсiпорындардың көпшiлік бөлiгi (пайда алатындары) оның белгiленген бөлiгiн мемлекеттiк бюджетке аударуды жүргізбейді, бұл осы кәсiпорындарды басқару жөнiндегi iстiң жағдайын анық сипаттайды.
      Сол сияқты меншiк құқығы субъектісінің мемлекеттік кәсiпорынның мүлкіне қатысты функцияларын іске асыруға байланысты проблеманы да көрсету қажет. Салалық министрлiктер мен ведомстволар мемлекеттік кәсіпорынға бекітілген мүлікті жекешелендiру мәселелерiнде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетін жиі ауыстырады. Бұл мемлекеттiк басқару органына мемлекеттік кәсiпорынның мүлкiн иелiктен шығару және оның ауыртпалығы келiсiмi жөнiндегi құқық берiлуінің нәтижесiнде жүргiзiледi, бұл, сол сияқты, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" және "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Жарлықтарының нормаларын таңдап қолданудың немесе оларды еркiн түсiнудiң салдарынан болып табылады. Мемлекеттiк мүдденi шеттетудің нақты мүмкiндiгi туындайды. 
      Бұдан басқа, мемлекеттік кәсiпорындар мен олардың басшылары жұмысының тиiмдiлiгiн бағалау жүйесiнiң және мемлекеттiк Басқару органы тарапынан тиiстi бақылаудың жоқтығы, бiрiншi басшының қызметін жеткiлiксiз құқықтық реттелуi әртүрлi қаржылық терiс пайдаланушылықтар үшiн нақты мүмкiндiктер жасайды. 
      Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: 
      мемлекеттiк кәсiпорындардың саны мемлекеттiң нақты талаптарына, олардың қызметiн басқару және бақылау жөнiндегi оның мүмкiндiктерiне сәйкес келмейдi; 
      мемлекеттік кәсiпорынды басқарудың қолданылып жүрген жүйесi тиiмсiз және күрделi реформалауды талап етедi; 
      мемлекеттiк кәсiпорындардың көпшiлiк бөлігiнiң қызметi, әдетте, тиiмсiз, бұл республиканың және облыстардың бюджеттерiне кiрiстердiң жете түспеуiне әкеп соқтырады; 
      мемлекеттiк кәсiпорындар мемлекетке жүктелген әлеуметтiк мiндеттердi шешуге қандай тәсiлмен қатысатындығы туралы қорытынды жасау мүмкiн емес; 
      шаруашылық жүргiзу құқығының заңды құрылымы мемлекеттiк кәсiпорынға меншiк иесiнiң келiсiмiнсiз оның мүлкiне иелiк ету, оны пайдалану және басқару жөнiндегi құқықтардың кең ауқымын бередi. 

       1.2.3. Мемлекеттiк кәсiпорындарды басқарудың мақсаттары

        - Мемлекеттiк кәсiпорындарға бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi тиiмдi пайдаланудан түсетiн салықтық емес түсiмдердiң барлық деңгейдегі бюджеттерге түсуiнiң артуы.
      - Қазыналық мемлекеттік кәсiпорындарды ұстауға және дотациялауға арналған барлық деңгейдегi бюджеттердiң шығыстарының төмендеуi.

       1.2.4. Мемлекеттiк кәсiпорындарды басқарудың мiндеттерi

      Мемлекеттiң нақты талабы мен мүмкiндiгiн ескере отырып, мемлекеттiк кәсiпорындардың санын оңтайландыру.
      Мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты меншiк құқығы субъектісi болып табылатын бiрыңғай Уәкiлеттi органды анықтау.
      Мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты басқару органдарын анықтау.
      Мемлекеттік кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiнің тиiмдiлігiн арттыру.
      Мемлекеттік кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн бақылау және талдау жүйесiн құру.
      Мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты есеп объектiсiн анықтау.

       1.2.5. Мемлекеттiк кәсiпорындарды басқарудың механизмi

      Ең алдымен, республикалық (коммуналдық) мемлекеттiк кәсiпорындардың жалпы тізбесiн оларды жедел басқару және шаруашылық жүргiзу белгісi бойынша бөле отырып жасау қажет.
      Бұдан әрi, мемлекеттiк кәсiпорындарды құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiм қабылдануы, оларды құрудың және олардың қызметiнiң мән-жайы мен мақсаттары және осыны ескере отырып, оларға қажетті мүлiктiң тізбесi нақты анықталуы тиiс. 
      Мемлекеттік кәсiпорындардың санын оңтайландыру мақсатында "мемлекеттiк кәсiпорын" құқықтық-ұйымдастыру нысаны өзге құқықтық-ұйымдастыру нысанын қолдану мүмкiн болмаған жағдайда ғана пайдаланылуы тиiс. Бұл құқықтық-ұйымдастыру нысанын пайдалану: 
      - мүлiк жекешелендiруге жатпайтын; 
      - мүлiк ұлттық қауiпсiздiк және мемлекеттiң жұмыс iстеуi үшiн стратегиялық маңызды қызмет салаларында мемлекеттiң мүддесін қамтамасыз ету үшiн арналған; 
      - мүлiк мемлекеттiң әлеуметтік мiндеттерiн шешу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру (мемлекеттiк мiндеттемелердi атқару) үшiн арналған; 
      - стратегиялық маңызды және ерекше өнiмдi әзiрлеген және дайындаған; 
      - дотацияланатын қызметті жүргiзген, залалды шаруашылық қызметті жүргiзген (әлеуметтiк тапсырысты орындаған); 
      - мемлекеттiк қауiпсiздiкке және мемлекеттiң стратегиялық мүддесiне байланысты салаларда ғылыми-зерттеу қызметiн жүргiзген; 
      - ұлттық қауiпсiздiкке немесе мемлекеттiң стратегиялық мүддесiн iске асыруға байланысты басқа да қызметті жүзеге асырған жағдайда болжанады. 
      Қызметті жоғарыда аталған мақсаттарға сәйкес келмейтiн кәсiпорындарға қатысты оларға жүктелген мiндеттерге орай басқа ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғаларға қайта ұйымдастыруды жүргiзу не оларды таратуды жүргiзу орынды. 
      Бұдан әрi, мемлекеттік кәсiпорындарды: әлеуметтiк мiндеттердi шешу (мемлекеттiк мiндеттемелердi атқару) үшiн құрылған және өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi бойынша пайда табуы тиiс деп бөлу керек. Бұдан кейiн әрбiр кәсiпорын қызметiнiң мақсатын, қажетті мүлкiнiң құрамын, сондай-ақ олардың шаруашылық қызметiн қаржыландыру және бақылау тәртiбiн анықтау керек. 
      Мемлекеттік кәсiпорындарды Уәкiлетті органға есептеу объектісiне меншiк құқығын тiркеу жүргiзiлуi тиiс. 
      Кейiннен, Уәкiлетті орган: 
      - мемлекеттік кәсiпорындарды басқару органының олардың кәсiпорындарының алдында тұрған мақсаттарға жету тәсiлi бойынша ұсыныстар беру; 
      - қаржы-шаруашылық қызметті жүргiзудiң ағымдағы және перспективалы жоспарларын анықтау және бекiту, оларды мерзiмді беру, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар қызметiнiң көрсеткiштерін бағалаудың критерийлерiн анықтау; 
      - мемлекеттiк кәсiпорындардың бiрiншi басшыларын, сондай-ақ жоғарғы басқарушылық звеноның басқа да менеджерлерiн аттестациялауды өткiзу; 
      - мемлекеттік кәсiпорынның бiрiншi басшысын бекiтуге арналған конкурс өткiзудiң тәртібi мен ережесiн әзiрлеу және бекiту; 
      - мемлекеттiк кәсiпорынның үлгiлiк жарғысын және бірінші басшымен оларды Уәкілетті органда мiндеттi түрде есептеудi жүзеге асыра отырып келiсiм-шарт әзiрлеу және бекiту. Қолданылып жүрген жарғылар мен келiсiм-шарттарды үлгiлiктерге сәйкес келтіру; 
      - мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметі мен қаржы-шаруашылық жағдайы туралы мәлiметтердiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiн жасау; 
      - мемлекеттiк кәсiпорындардың бекiтiлген нысан бойынша нәтижелердi ресiмдей отырып, мiндетті жыл сайынғы аудиторлық тексерiстер жүргiзу; 
      - жыл сайын тиiсті бюджетке аударуға жататын пайданың бөлiгiн белгiлеу; 
      - шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың деректерiн Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiне* енгiзу бөлiгiнде талаптардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады. 
    _________________________________ 
      * Осы Концепцияның мақсатында Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмi деп құндық мәнде мемлекеттiк мүлiктiң құрамын, оны орналастыруды және пайдалануды сипаттайтын мәлiметтердiң жүйеленген жиынтығы түсiндірiледi. Меншiк құқығын мемлекеттік мүлікке және олармен жасалатын мәмiлелерге мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтердi қамтиды. 

       1.3. Мемлекеттік мекемелердi басқару

        Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 2 503 мемлекеттік мекемелер, жергiлiкті бюджеттерден қаржыландырылатын 13 500 мемлекеттік мекемелер есепке алынған.

       1.3.1. Мемлекеттiк мекеменi басқарудың заңды негiзi

        Бұл ұйымдастыру-құқықтық нысан тек мемлекеттік бюджеттің есебiнен ғана ұсталатын коммерциялық ұйымдарды құру кезiнде және басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени және өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшiн пайдаланылады. 
      Мемлекеттік мекемелердi құрудың тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, сондай-ақ бiрқатар нормативтiк кесiмдерде регламенттелген. 
      Мемлекеттік мекемелердi құру құқығы Азаматтық кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметiне және жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының басшыларына бөлiнген. Мемлекеттiк мекемеге қазыналық мемлекеттік кәсiпорын сияқты жедел басқару құқығындағы мүлік үлестіріліп беріледі. 
      Жедел басқару құқығы меншiк иесінен мүлiк алған және заңнамалық кесiмдерде белгiленген шекте осы мүлiкке иелену, оны пайдалану және билiк ету құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің заттай құқығы болып табылады. 
      Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттiк мекеме өзінің міндеттемесi бойынша оның иелiгiнде бар ақша қаражатына ғана жауап бередi, ал олар жеткiлiксiз болған жағдайда, оның мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiкке Қазақстан Республикасының Yкiметі немесе тиiстi жергiлiкті атқарушы орган жауап бередi. 

       1.3.2. Iстiң ағымдағы жағдайы және мемлекеттiк мекемелердiң мүлiктi пайдалану бойынша бар кемшiліктері

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi жүргiзген тексерiстердiң нәтижелерi бойынша 1999 жылы мемлекеттiк мекемелердi ұстауға бөлiнген 234 425 100 теңге сомасында бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану, 16 309 500 теңге (1999 жылдың бiрiнші жарты жылдығында) сомасында ақша қаражатын тонау фактiлерi анықталды. Сол сияқты мемлекеттік мекемелердiң олар алып отырған объектiлердi жалға беру жағдайлары анықталған, бұл ретте жалға алушылардан алынған ақша қаражаты бюджеттің кiрiсiне жiберiлмейдi, ал оларды ұстауға арналған сметаларға тиiстi түзетусiз мемлекеттік мекемелердiң жеке мұқтаждарына пайдаланылады. Бұдан басқа, үй-жайды жалға алушылардың тиеciлi жалдау ақысын төлемеуi жиi кездеседi. 
      Аумақтық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеттерінiң 1999 жылы жүргiзген мемлекеттiк мекемелер алып отырған алаңдарды түгендеудiң барысында 156 мың шаршы метр артық алаң анықталды, бұл олардың жалға беруден алатын қосымша кiрiс көздерi болып табылуы мүмкiн. 

       1.3.3. Мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi басқарудың мақсаттары мен мiндеттерi

      Мемлекеттiк мекемелердi олардың алдына қойған мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi мүлiкпен қамтамасыз ету.
      Мемлекеттiк мекемелерді ұстауға арналған барлық деңгейдегi бюджеттердiң шығыстарын төмендету.
      Мемлекеттiң нақтылы қажеттiлiгiн ескере отырып, мемлекеттiк мекемелердiң санын оңтайландыру.
      Қазiргi уақытта мемлекеттiк мекемелерге бекiтілген мемлекеттiк мүлiктiң тізбесiн анықтау.
      Мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн нақты қажеттi мүлкiн анықтау.
      Мемлекеттiк мекемеге, Уәкiлеттi органға бекiтілген мүлiкке меншiк құқығын тіркеу.
      Мемлекеттік мекемелердiң оларға бекiтілген мүлiкті пайдалануын бақылау жүйесiн құру.

       1.3.4. Мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi басқарудың механизмдері

      Жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi басқарудың негiзi, мемлекеттік мекеме атқаратын функцияларға, оның сандық және сапалық сәйкестiгiн бақылау жүйесiн құру болып табылады. 
      Ол үшiн мынадай iс-шаралар өткiзу қажет: 
      Мемлекеттiк мекемелердiң санын қолданылып жүрген заңнамамен анықталған, олардың нақты атқарып жатқан функцияларының сәйкестiгiн бағалау жолымен оңтайландыруды жүргiзу. 
      Мемлекеттік мекемелердiң санын оңтайландыруды жүргiзгеннен кейiн, оларға жүктелген мiндеттердi атқару үшiн қажетті, олардың әрқайсысына бекiтiлген мемлекеттік мүлiктiң құрамын анықтау және артық мүлiкті жедел басқарудан алып қою қажет. 
      Мемлекеттiк мекемелердiң Уәкiлеттi органдағы мүлкiне меншiк құқығын тiркеудi жүргiзу. 
      Мемлекеттік мекемелердiң мүлiктi мақсатты пайдалануын бақылауды тұрақты жүзеге асыру.

       1.4. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы акцияларын, қатысу үлестерiн басқару

       1.4.1. Акцияларды (үлестердi) басқару жағдайын бағалау

      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы акцияларының мемлекеттік пакетi республикалық меншiкке жатқызылған 242 акционерлiк қоғамдарда қатысушы (акционер) болып табылады.
      Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу дәрежесiне орай акционерлiк қоғамдар мынадай тәсiлмен сыныпталуы мүмкiн:

     --------------------------------------------------------
        Мемлекеттiк меншiктегi   !  Акционерлік қоғамдардың
         акциялардың процентi    !           саны
     --------------------------------------------------------
        100%                                  94
        100%-тен 67%-ке дейiн                 83
        67%-тен 51%-ке дейiн                   7
        51%-тен 34%-ке дейiн                  32
        34%-тен 5%-ке дейiн                   25
        5%-тен төмен                           1
     --------------------------------------------------------

      Ұйымдастыру-құқықтық нысанға байланысты жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi бар ұйымдардың мынадай топтарын бөлiп көрсетуге болады:
     Ашық акционерлiк қоғамдар                        213
     Жабық акционерлiк қоғамдар                        29 

      Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы 188 серiктестiкте қатысушы болып табылады.
      Акциялардың мемлекеттік пакетi бойынша дивидендтер мыналарды құрады:
      1997 жылы - 802 117 мың теңге;
      1998 жылы - 1 195 550 мың теңге;
      1999 жылы - 1 039 563 мың теңге.

      Мемлекеттік меншiк болып табылатын акцияларды (қатысу үлестерiн) басқару жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасы Yкіметінің бiрқатар қаулыларымен регламенттелген, оның iшiнде:        "Мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы" 1997 жылғы 1 тамыздағы  N 1207
      "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" 1999 жылғы 12 сәуiрдегi  N 405
      "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы  N 659
      "Мемлекеттiк мүлiкті жекешелендiрудiң және басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 1999 жылғы 1 маусымдағы  N 683
      "Шаруашылық серiктестiктерiнде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне және қатысудың мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері" туралы 1999 жылғы 29 маусымдағы  N 882
      Мемлекет акционердiң (қатысушының) құқығын "Акционерлiк қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына және "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша серiктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жоғарыда аталған қаулыларына сәйкес қазiргi уақытта республикалық меншiктегi акциялардың мемлекеттiк пакетiн (қатысу үлестерiн) басқару мынадай тәсiлмен жүзеге асырылады: 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi қысқа мерзiмдi кезеңдерге әзiрленетiн мемлекеттік бағдарламаның шеңберiнде акциялардың мемлекеттік пакетiн (қатысу үлестерiн) сатуға жататын тізбелердi, сондай-ақ акционерлiк қоғамдарға қайта құрылуға жататын мемлекеттік кәсiпорындардың тізбелерін анықтайды; 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi акциялардың мемлекеттік пакетiн (қатысу үлестерiн) сату туралы шешiм қабылдайды, Қазақстан Республикасының өкiлдерiн басқару органдарына, бақылау органдарына және жарғылық капиталында акциялардың мемлекеттiк пакетi (қатысу үлестерi) бар акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тексеру комиссияларына тағайындаудың тәртiбiн анықтайды. 
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi акциялардың мемлекеттiк пакетiне (қатысу үлестерiне) билiк ету функциясын жүзеге асырады, Мемлекеттік мүлiк есебiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады, мемлекеттiң атынан акционерлiк қоғамдардағы (шаруашылық серiктестiктердегi) акционердiң (қатысушының) құқығын жүзеге асырады не бұл құқықтарды салалық министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдарға береді. 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi олар бойынша салалық министрлiктер мен басқа да мемлекеттік органдардың, олар шаруашылық серiктестiктер акцияларының мемлекеттік пакетiн және мемлекеттiк қатысу үлесiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырған кезде басқарушылық шешiмдердi қабылдауы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен мiндетті түрде жазбаша келiсуiн талап ететiн бiрқатар мәселелердi анықтады. 
      Акционерлiк қоғамдардың басқару органдарын (Директорлар кеңесiн) қалыптастыру кезiнде салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттiк органдар мiндеттi түрде олардың құрамына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң өкiлдерiн қосады. Өз кезегiнде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті, оның иелiгiнде акцияларының мемлекеттiк пакетi бар акционерлiк қоғамдар бойынша, Директорлар кеңесiнiң құрамына министрлiктер мен өзге де мемлекеттік органдардың өкiлдерiн (қызметкерлерiн) енгiзедi. 
      Осылайша, акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң басқару органдарындағы Үкiметтiң өкiлдерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң, салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн тағайындайды немесе сайлайды. Акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң басқару органдарына Yкiмет уәкiлеттiк берген кәсiпқой менеджерлердiң қатысу тәжiрибесi қазiргi уақытта жоқ. 
      Yкiметтің өкiлдерiн акционерлiк қоғамдардың басқару органдарына тағайындаудың қолданылып жүрген жүйесi күрделi және әртүрлi деңгейлерде келiсудi талап етедi. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының барлық аумағында бытыраңқы орналасқан экономиканың әртүрлi салаларында өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын бiрнеше акционерлiк қоғамдардың басқару органдарына мемлекеттiк қызметшiлердiң қатысуы тiкелей лауазымдық мiндеттерiн бірге атқарған кезде тиiмсiз екендiгi көрiндi. Мемлекеттiк қызметшiлердiң басқа жұмысқа ауысуы Директорлар кеңесiнiң құрамына өзгерiстер енгiзу мақсатында кезектен тыс жиналыс өткiзудiң қажеттiгiн туғызады, бұл мұндай шешiмдердi қабылдаудың қолданылып жүрген тәртiбi бойынша қажеттi келiсiмдердi талап етедi (мемлекет 100 пайыз қатысатын акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердi қоспағанда). 
      Қазiргi таңда шаруашылық субъектілерді басқару органдарындағы Yкiметтiң өкiлi басқарушылық шешiмдер қабылдау кезiнде басшылыққа ала алатын және олар бойынша мемлекеттің мүддесi тарапынан оның қызметiнiң тиiмдiлiгiне баға бере алатын критерийлер жүйесi жоқ. 
      Айтылғандарды ескере отырып, шаруашылық серiктестiктер мен қоғамдардың жарғылық капиталындағы акциялардың мемлекеттiк пакетін, қатысу үлестерiн басқару көп жағдайда тиiмсiз болып табылады және мынадай себептер бойынша едәуiр жетiлдiрудi талап етедi: 
      Үкiмет өкiлдерiнiң мемлекеттiк қызметшiлердi акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң басқару органдарына және тексеру комиссияларына тағайындаудың қолданылып жүрген тәртiбi мемлекеттiк меншiктiң нақты объектісінің ерекшелiгін ескере отырып, олардың кәсiби сапасын, бiлiктілігі мен даярлауды бағалаудың ықпалды механизмдерін көздемейді. Басқарудың бұл жүйесінің шеңберінде мемлекеттің тәуекелін едәуір азайтатын өкілдер қызметінің нәтижесіне мүліктік жауапкершіліктің мұндай шараларын қолдану мүмкін емес; 
      Қазақстан Республикасы өкiлдерiнiң қызметi мемлекеттің мақсаты мен мүддесінің жеке түсінігiне негiзделетiндiктен, ал заңды тұлғаның басқару органдарымен шарттарда нақтылы мiндеттер қою және осы мiндеттердi iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың бағдарламасы болмағандықтан, бұл, бiр жағынан, басқару органдары қызметінiң тиянақсыздығына, олардың (басқару органдарының) мемлекеттік мүдде түсiнiгiн бұрмалауына, екiншi жағынан - басқарудың тиiмсiздiгiне жауаптылық шараларын қолдану үшiн негiздеменiң жоқтығына әкеп соғады; 
      Yкiметтiң өкiлдерiн акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң басқару органдарына және тексеру комиссияларына таңдаудың, даярлау мен бағалаудың нақтылы және бiрыңғай жүйесi, мемлекеттiң мақсатына жету тәсiлдерiн әзiрлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы өкілдерiнiң есептiлiгі, оларға бақылау, олардың өкiлдiктерiнiң шегiн анықтауға негiзделген тәсiлдер жоқ; 
      Үкімет қатысатын акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердегi iстiң жағдайы туралы ақпаратты алудың, жүйелеудiң және жинақтаудың тәртiбi жоқ; 
      Үкiметке тиесiлi акцияларды иелiк етуге және пайдалануға берудiң қолданылып жүрген тәртiбi акционерлiк қоғамды басқару жөнiндегi ұсыныстарды дайындаудың қажеттiгiн, сондай-ақ есептiлiк, бақылау, жауапкершiлiк шараларын қолдану үшiн негiздемелер тәртiбiн анықтамайды; 
      осы ұйымдарда басқару органдарының белгiлi бiр шешiмдерiн қабылдауға ықпал ету мүмкiндiгiн қамтамасыз ететін, осы ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесiнiң мөлшерiн ескере отырып, Үкiмет акционер (қатысушы) болып табылатын акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң сыныптамасы жоқ; 
      акционерлiк қоғамдардың құрылтайшы құжаттары мемлекеттік мақсатына жету талаптарына және оның мүддесiн қорғауға сәйкес келмейдi; 
      қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерiн талдау және мониторингi жүйесi жоқ. 
      Мүмкiн, сондықтан 2000 жылға арналған республикалық бюджетте акциялардың мемлекеттiк пакетiне дивидендтердiң түсуi 342 000 мың теңге сомасында құрылған, бұл кiрiстердiң жалпы сомасының 0,12% немесе салыққа жатпайтын түсiмдердiң 0,17% ғана құрайды. 

       1.4.2. Акцияларды (үлестердi) басқарудың мақсаттары мен мiндеттерi

        Акцияларды (үлестердi) басқарудың мақсаттары:
      1. Мемлекеттiң қызметiнiң нәтижелерiне салынатын салықтарды төмендетуi үшiн алғышарттар жасайтын республикалық бюджеттiң салыққа жатпайтын кiрiстерiн ұлғайту; 
      2. Басқару органдарындағы өкiлдiктер арқылы мемлекеттiң мүддесiн сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. 
      Көрсетілген мақсаттарды ескере отырып, мынадай міндеттерді шешу қажет: 
      акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің жалпы мемлекеттік функцияларды (қорғаныс, қауіпсіздік, әлеуметтік бағдарламалар, табиғи монополияларды реттеу) орындарын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы Тұжырымдамаға сәйкес анықталған өзге де мақсаттарға жету; 
      өндірістің дамуын ынталандыру, акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, инвестициялар тарту; 
      басқарушылық шығындарды оңтайландыру (жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі бар акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің санын қысқарту, басқаруға байланысты шығыстарды қысқарту); 
      экономикадағы институционалдық қайта құруларды жүзеге асыру (кәсіпорындарды, салаларды қайта құрылымдау, тігінен интеграцияланған құрылымдарды құру). 

       1.4.3. Акцияларды (үлестерді) басқарудың механизмі 

      Басқару органымен өзара қарым-қатынастарды құрумен қатар мемлекеттік органдардың акцияларға және мүліктің құқықтарға билік ету туралы шешімдерді тікелей қабылдауымен, акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерге қатысу туралы шешімдерді қабылдауымен шектелетін мемлекеттік мүлікті басқару жүйесін іске асыру қажет. 
      Мемлекеттің акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерге қатысуының әрбір жағдайына қатысты басқару органы ретінде тартылатын тұлға басшылық ететін мұндай қатысудың мақсаты анықталуы және тіркелуі тиіс. Мақсатқа жетудің тәсілдерін жекелеген жағдайларда және көрсетілген ұйымдарға мемлекеттік қызметшілерді өкілдер етіп тағайындаған кезде ғана мемлекеттік органдар анықтайды. Мақсатқа жетудің тәсілі туралы ұсынысты басқару органдары ұсынады және конкурстық негізде бағаланады. 
      Уәкілетті орган бекіткен ұсыныс (басқару органы қызметінің бағдарламалары) басқару органымен жасалатын және есептілік тәртібін, есептілікке талап қоюды, бақылау нысандарын, басқару органының жауапкершілігін көздейтін шарттың ажырамас бөлігі болып қалады. 
      Мыналарды: 
      басқару органының министрлік (ведомство) немесе жеке заңды тұлға болып табылатындығына байланысты өкілеттігінің шектерін және мемлекеттік меншік объектісінің сипатын, басқару органы мен мемлекеттік органдардың біріншісі басқару органының өкілдігінің шегінен шығатын шешімдер қабылдаған кезде өзара әрекет етудің тәртібін; 
      басқару органының қызметі туралы ақпарат алудың тәртібін және тиісті акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердегі істің жағдайын, тиісті базалар деректерін жүргізуді, ақпаратты өңдеуді; 
      мемлекеттің мақсатына жету тәсілі (басқару органы қызметінің бағдарламалары) туралы ұсыныстардың нысанына және мазмұнына міндетті талаптарды, басқару органының есептерін, акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер басқаруының нәтижелерін бағалау критерийлерін; 
      басқару органын сайлау (тағайындау) туралы басқарушылық шешiмдердi, сондай-ақ басқару органының есептiлiгi нәтижелерi бойынша қабылданатын шешiмдердi қабылдау кезiнде мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл тәртiбiн, олардың қызметіне бақылауды және тиiстi акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктер iсінің жағдайы туралы өзге де ақпаратты бағалауды анықтау қажет. Мемлекеттiң мақсатына жетудiң немесе басқару органының қызмет бағдарламасын орындаудың мүмкiн еместігi негiзделген кезде Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғам мен шаруашылық серiктестiктер қызметіне қатысуын тоқтату туралы не акцияларға (үлестерге) өзге тәсiлмен билiк ету туралы (оның iшiнде акцияларды холдингтердiң жарғылық капиталдарына беру өзге де тiгiнен интеграцияланған құрылымдарды құру жолымен), не басқару органы қызметі мақсаттарының немесе бағдарламаларының өзгеруi туралы шешiм қабылдануы мүмкiн. Олай болмаған жағдайда, басқару органдарына жасалған шарттардың ережелерiне сәйкес әрекет ету шаралары қолданылады. 
      Басқару органымен өзара қарым-қатынастар жүйесiнiң басты элементі сенiмдi басқарушылар және компанияларды басқарушылар ретiнде штатта аттестацияланған мамандар, сондай-ақ тиiстi қызмет тәжiрибесi, мiнсiз iскер атағы бар және басқару саласында өзiнiң мiндеттемелерiн орындауды сенiмдi қамтамасыз ететiн заңды тұлғаларды тарту басымдығы принципi болып табылады. 
      Мемлекеттiк қызметшiлердi акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерге өкiлдер етiп тағайындау мұндай тағайындауға негiздеме (қауiпсiздiк мақсатында басқару бойынша ресурстарды үнемдеу) болған кезде жүргiзiледi. 
      Мемлекеттiң меншiгiндегi акцияларды (үлестердi) басқарудың мақсаттары мен мiндеттерi мынадай iс-шараларды жүзеге асыруды болжайды: 
      1) акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердi сандық және сапалық көрсеткiштерi бойынша сыныптау. Сыныптаудың мақсаты оларға қатысты басқарудың әртүрлi механизмдерiн қолдану қажет мемлекеттiк меншiктегi акциялардың негiзгi топтарын анықтау болып табылады. 
      Акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктер: 
      а) акциялардың өтiмдiлiгi дәрежесiне орай, оның iшінде оларды сату бюджетке едәуiр түсiмдердi әкелмейтiн; оларды қолданылып жүрген заңнамада көзделген тәртiппен iске асыру мүмкiн емес немесе экономикалық орынсыз бюджетке тез арада едәуiр қаражаттың түсуiмен iске асырылатын акциялар; 
      б) ұйымдардың салалық тиесiлiлiгiне орай; 
      в) акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң қызметiнде мемлекет алға қойған, оның iшiнде табиғи монополиялар болып табылатын, перспективалы жоспарларды iске асырушы, әлеуметтік бағдарламаларға енгізiлген белгiлi бiр мемлекеттік мiндеттердi (қорғаныс, қауiпсiздiк) қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызы бар мақсаттарға орай; 
      г) акцияларының санына, үлесінiң мөлшерiне (ұйымдардың басқару органдарындағы дауыстарының санына) негiзделген акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң қызметіне әсер ету мүмкіндiгіне орай; 
      д) тұрақты қаржылық жағдайы бар мемлекет қатысатын; банкроттық тәуекелi бар (3 айдан астам мерзiмi өткен берешегi бар, тиiстi бюджет алдында немесе жалақы бойынша берешегi бар) оған қатысты банкроттық туралы iс қозғалған ұйымның қаржылық жағдайына орай; 
      е) қызметкерлерiнiң санына және заңды тұлғаның негізгi қорларының өлшемiне орай сыныпталады; 
      2) мемлекеттiк меншiкке бекiтiлген акцияларды басқару кезiнде жалпы мемлекеттiк функцияларды анықтауды және iске асыруды жүзеге асыру, оның iшiнде: 
      министрлiктер мен ведомстволардың жұмысын олар шаруашылық серiктестіктердiң акцияларының мемлекеттiк пакетін және үлестерін басқару процесiнде үйлестіру; 
      акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердi басқару саласында мамандарды аттестациялаудың тәртібiн белгiлеу және оны өткiзу; 
      орталық салалық атқарушы өкiмет органдары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi, сондай-ақ аумағында акционерлiк қоғамдар орналасқан Қазақстан Республикасының жергілiктi атқарушы өкiмет органдары мамандарының ішінен акциялары мемлекеттің меншiгiндегi акционерлiк қоғамдардың басқару органдарына мемлекеттiң өкiлдерiн тағайындау; 
      өнiм өндiретiн (тауарлар, қызмет көрсетулер), мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызы бар неғұрлым iрi акционерлiк қоғамдардың басқару органдарында Үкiметтiң, әдетте, мемлекеттік қызметшiлердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мүддесiн бiлдiрудi қамтамасыз ету; 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң салалық министрлiктермен және ведомстволармен келiсiм бойынша акциялары мемлекеттiк меншiктегi акционерлiк қоғамдардың басқару органдарында мемлекеттiң өкiлдерiне дауыс беру үшiн жазбаша нұсқау беру; 
      акциялардың мемлекеттік пакетiн Үкiметтiң атынан кепiлдiктер түрiнде, осы кепiлдiктердi республикалық бюджеттiң кiрiстерiне емес, мүлiкпен қамтамасыз етiлген мемлекеттiк борышқа жатқыза отырып пайдаланудың тәртiбiн белгiлеу; 
      бiртектес қызметтi немесе ұқсас мақсаттарға жету жөніндегi қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетін бiрiктiру; 
      егер бұл жалпымемлекеттiк мiндеттердi орындау үшiн қажет болса және егер бұл үшiн қажетті ресурстар болса, осы қоғамдарда мемлекеттiң қатысуын күшейту үшiн акционерлiк қоғамдардың акцияларын сатып алу; 
      қосымша эмиссияларды жүзеге асыру кезiнде акциялардың мемлекеттік пакетiнiң мөлшерiн (жарғылық капиталдағы мемлекеттiң қатысу үлесiн) сақтау механизмiн белгiлеу; 
      мемлекеттiң мүддесiн қамтамасыз ету үшін акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң жарғыларын қайта қарау жөнiндегi шараларды қабылдау; 
      3) экономиканың жоғарғы табысты салаларында жұмыс істейтін, өтімдi өнiмді өндіретін тұрақты қаржылық жағдайы бар және едәуір инвестициялық салымдарды талап етпейтін акционерлiк қоғамдарға қатысты салыққа жатпайтын түсiмдердi ұлғайтуға бағытталған рәсiмдердi жүзеге асыру, оның iшiнде: 
      акцияларды аумағында акционерлiк қоғам өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктің коммуналдық меншігіне, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмi акционерлiк қоғамды дамыту бағдарламасын ұсынған жағдайда республикалық бюджеттiң жергiліктi бюджет алдындағы қаржылық мiндеттемелерiнiң есебiне беру; 
      оларды кейiннен сату бюджетке неғұрлым көп табыс түсiрудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк пакеттi ұлғайту үшін акциялар сатып алу; 
      акциялармен қамтамасыз етiлген туынды бағалы қағаздарды шығару және сату; 
      көрсетiлген акцияларды туынды бағалы қағаздарды өндiрушiге сенiмдi басқаруға бiр уақытта бере отырып, белгiлi бiр мерзiмнен кейiн акцияларды сатып алуға құқық беретін туынды бағалы қағаздарды шығару; 
      акционерлiк қоғамдарды сату алдында дайындауды және санациялауды жүзеге асыра отырып, акцияларды жекешелендiру; 
      жауапкершілігі шектеулi серiктестiктерге қатысты - акционерлiк қоғамдар бойынша ұсыныстарға ұқсас ұсыныс, ал оларды iске асыру мүмкiн болмаған кезде, ұйымның таза активтерiнiң есебiнен анықталатын үлестiң негiзгi құнын ала отырып, серiктестiктiң қатысушылар құрамынан шығуы; 
      4) инвестицияларды экономиканың нақты секторына тартуды қамтамасыз ету және отандық тауар өндiрушiлердi қолдау, оның iшінде: 
      мемлекеттiк меншіктегi акцияларды мақсатты жобаларды iске асыруға бағытталған инвестицияларды немесе несиелердi қамтамасыз ету ретінде пайдалану; 
      акцияларды инвестицияларды тiгiнен интеграцияланған құрылымдарға тарту үшiн пайдалану (қамтамасыз ету ретінде интеграцияланған құрылымның жарғылық капиталына енгiзiлген акциялар қатысады); 
      кәсiпорынға инвестициялау шартымен жекешелендiру процесiнде акциялар сатып алатын тиiмдi меншiк иесiн тарту; 
      мемлекеттің жарғылық капиталға қатысу үлесiн қысқарту есебiнен отандық және шетелдiк инвесторлар үшiн кәсiпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру; 
      ұйымдардың мерзiмi өткен салықтық берешегiн күрделендiрудiң нәтижесiнде мемлекеттің акцияларды сатып алуы және осы акцияларды кейiннен сатуы және сенiмдi басқаруға беруi; 
      5) басқарушылық шығындарды оңтайландыруды жүргiзу, оның iшiнде: 
      мемлекеттiң меншiгiндегi акциялар пакетiнiң санын мемлекеттiң реттеушi және бақылаушы функцияларын iске асыруға мүмкiндiк беретін деңгейге дейiн қысқарту. Қысқарту акцияларды сату жолымен ғана емес, сонымен бiрге, технологиялары немесе өткiзу нарығы жағынан бiртектес компанияларды басқаруды оңтайландыру, басқаруды республикалықтан аймақтық (жергiлiкті) деңгейге беру үшiн оларды тігінен интеграцияланған құрылымдарда бiрiктiру жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн. Акцияларды (үлестердi) иелiктен айыру акционерлiк қоғамның немесе шаруашылық серiктестiктердiң қызметiн жүзеге асыру кезiнде мемлекет ұстанатын мақсатқа қатысудан басқа өзге тәсiлмен қол жетсе; 
      "портфельдi қорлар" үлгісi бойынша құрылатын компанияның жарғылық капиталына оларды сату туралы шешiм қабылданған, бiрақ сатылмаған мемлекеттің меншiгiндегi акциялардың ұсақ пакетiн және оларды сату бюджетке едәуiр түсiмдердi әкелмейтiн мемлекеттiң меншігіндегі акциялардың пакетiн енгiзу. Мұндай компания өздерiнiң активтерiне дербес билiк ететiн, акцияларды сатудың тәртiбi мен мерзiмдерiн, оларға арналған бағаны анықтайтын құқықты алады. Компанияның (Директорлар кеңесiнiң) қызметiне бақылау жасау механизмін әзiрлеу қажет; 
      ұсақ өтімсiз акциялардың мемлекеттiк пакетiн, оларды кейiннен нарықтық құны бойынша акционерлiк қоғамның сатып алуымен, сату; 
      ұсақ өтiмсiз акциялардың мемлекеттiк пакетiн, бұл пакеттердi сауда-саттықта сату мүмкiн болмаған жағдайда, қызметкерлерге сату немесе қайтарымсыз беру. 
      6) мемлекеттік органдардың экономикадағы институционалдық қайта құруларға ықпал етуi. Экономикадағы бұл қайта құрулар акцияларды сатып алу-сату механизмiн тiгiнен интеграцияланған құрылымдарды қалыптастыруға мүмкiн болатын нысан ретінде пайдалана отырып, тиiмсiз меншiк иелерiн бiрте-бiрте ығыстыруға бағытталған. 
      Iрi өндiрiстiк акционерлiк қоғамдардың көбiсiнiң өнiмнiң әртүрлi түрлерiн өндiру үшiн пайдаланатын күрделi құрылымы бар. Мұндай қоғамдарға қатысты жалпымемлекеттiк мiндеттердi шешу үшiн мемлекетке қажеттi мүлiктiк кешендi бөле отырып, осы мүлiктiк кешеннiң базасында мемлекет 100% қатысатын акционерлiк қоғам құра және оның базасында жаңа өндiрiсті дамыту мақсатымен қалған мүлiктi жекешелендiре отырып қайта құрылымдау жүзеге асырылуы мүмкiн не мұндай акционерлiк қоғамның тиiмдi жұмыс iстеуiн арттыруды қамтамасыз ететiн өндiрiстi әртараптандыру жүргiзiлуi тиiс. 
      Мемлекеттiң меншiгiндегi акцияларды (үлестердi) басқару саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдіру нормативтiк-құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қабылдау жолымен жүзеге асырылуы тиiс. 

       1.4.4. Мемлекеттiң меншiгiнде тұрған акцияларды (үлестердi) басқарудың тиiмдiлiгiн бақылау 

      Мемлекеттiң меншiгiндегi акцияларды (үлестердi) басқарудың тиiмдiлiгін бақылау: 
      жарғылық капиталында Қазақстан Республикасының үлесi бар акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердi басқарудан республикалық бюджеттiң салыққа жатпайтын кiрiстерiн ұлғайту динамикасын; 
      бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiндегi мәлiметтердiң толықтығын; 
      жарғылық капиталында Қазақстан Республикасының үлесi бар акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң қаржы-шаруашылық қызметi туралы деректердiң толықтығы мен дұрыстығын; 
      мемлекеттің меншiгiндегi ұсақ және өтiмсiз акциялар пакетімен бiрге жұмыс iстеу нәтижелерiн (қысқарту) бағалаумен байланысты. 

       1.5. Жылжымайтын мүлiк объектілерін басқару 

      1.5.1. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiн басқарудың жағдайын бағалау 

      2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республика бойынша 6106 мемлекеттiк тұрғын емес қорларын жалдау шарттары жасалды. Шарттардың жалпы саны 875 республикалық меншiк объектiлерi бойынша және 5 231 шарт коммуналдық объектілер бойынша, бұл ретте жалға берiлген объектiлердiң жалпы алаңы 1 317,3 мың м2 құрады, оның iшiнде 292,69 мың м2 - республикалық меншiк объектiлерi және 1 024,57 м2 коммуналдық меншiк объектiлерi.
      Жылжымайтын мүлiк объектiлерiн жалға беруден мемлекеттік бюджеттің кірістері:
                               1997 жыл     1998 жыл     1999 жыл
Жалға беруден түсетiн кiрiстер
(мың теңге)                    500 375,7    475 901,3    433 004

      Жалға берілген мемлекеттiк тұрғын емес жылжымайтын мүлiк  объектiлерінің жалпы алаңы:
                               1997 жыл     1998 жыл     1999 жыл
Жылжымайтын мүлiк
объектілерiнiң                 3 110,221     1 820,75     1 317,3
жалпы алаңы (мың м2)
Оның iшiнде республикалық           -            -         292,69 
объектiлер
Оның ішінде коммуналдық             -            -        1 024,57
объектiлер

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi жүргiзген тексерiстердiң нәтижелерi бойынша 1999 жылы мемлекеттiк тұрғын емес қордың 170 объектiлерiнде жалпы сомасы 81 900 000 теңге жалдау ақысының бюджетке толық аударылмау фактiлерiнiң анықталғандығына қарамастан, жылжымайтын мүлiк кiрiсiнiң тұрақты өсу тенденциясы байқалуда. 
      Сонымен бiрге, Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлiктi басқарудың қолданылып жүрген жүйесi: 
      меншiктi дәл ажыратуды жүргізуге жол бермейтiн және нақты ақша ағымына бақылау жүргiзуге, жылжымайтын мүлiкті пайдаланудың тиiмдiлiгiне дұрыс талдау жүргiзуге, тиiсті бюджеттерге қаражаттың түсуiнiң болжамын жасауға мүмкіндiк бермейтiн Мемлекеттiк мүлiктің тiзiлiмiнде мемлекеттік жылжымайтын мүлiк туралы толық ақпарат жоқтығын; 
      объектiлердi нарықтық бағалау жүйесiнiң, сондай-ақ мүлiктің құның үнемi төмендетуге, ренталы төлемдердi толық алмауға әкеп соғатын (әсiресе, инфляция жағдайында) жылжымайтын мүлiктi пайдалану құқығының дәл анықтамасы жоқтығын, жылжымайтын мүлiктiң ең iрi меншiк иесi бола отырып, мемлекет нарықтық бағадан едәуір төмен ставка бойынша мүлiктi жалға беретіндiктен, сыбайлас жемқорлықты тудыратындығын; 
      жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi ретiнде мемлекеттің өкiлдiгiн қызметі өзара келiсiлмеген әртүрлi мемлекеттік өкiмет органдары жүзеге асыратындығын; 
      оған тиесiлi жылжымайтын мүлiк объектiлерiне мемлекеттiң құқығы заңмен белгiленген тәртiппен тiркелмегендiктен, оларға билiк етуде қиындық туғызатындығын; 
      жылжымайтын мүліктi пайдалануға көп нұсқалы және жеке айла-тәсiл аз пайдаланатындығын; 
      құрылысы аяқталмаған объектілердiң көпшiлiк саны айналымға тартылмағандығын және инвестициялық тартымдылығын жоғалтатындығын ескере отырып жетiлдiрудi қажет етедi. 
      Осылайша, жылжымайтын мүлiкті пайдаланудан алынатын кiрiстердiң тұрақты өсу тенденциясына қарамастан, бұл кiрiстер қалыптасқан нарықтық көрсеткiштерден едәуiр қалып қойды, бұл жылжымайтын мүлiктi басқаруға айла-тәсiлдiң өзгеруi үшiн негіздеме болып табылады. 

       1.5.2. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiн басқарудың мақсаттары мен мiндеттерi

        Жылжымайтын мүлiкті басқару жүйесiн жетiлдiру мынадай мақсаттарға жетудi қамтамасыз етуi тиiс:
      1. Жылжымайтын мүлiк объектілерiнiң кiрiстiлiгiн мүмкіндігінше ең жоғары өсiру; 
      2. Мемлекеттiң жылжымайтын мүлiктi пайдалану процесiнде өзiнiң әлеуметтiк функцияларын неғұрлым тиiмдi орындауы; 
      3. Жылжымайтын мүлiктiң есебiнен экономиканың нақты секторын дамытуды ынталандыру, кәсiпкерлердің жылжымайтын мүлiк объектiлерiне ең жоғары қарапайым және ыңғайлы қол жеткізуiн қамтамасыз ету; 
      4. Жылжымайтын мүлiкті басқару процесiнде сыбайлас жемқорлық үшiн мүмкiндiкті болдырмау; 
      5. Құрылысы аяқталмаған объектiлердi шаруашылық айналымға қосу. 
      Көрсетiлген мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет: 
      а) сандық, құндық, техникалық және құқықтық сипатты құрайтын мемлекеттiк жылжымайтын мүлiк және құрылысы аяқталмаған объектілер туралы жеткiлiкті ақпаратты жинауды және Мемлекеттiк мүлiктiң есебi тiзiлiмiне енгiзудi қамтамасыз ету; 
      б) жылжымайтын мүлiктi басқару процесiне қатысатын барлық мемлекеттік органдардың өкілеттiгiн дәл шектеу және үйлестiру; 
      в) объектiлер бiрыңғай тұтастықты құрайтын жағдайда олардың бiр бөлiгiне екiншiсiнсiз билiк ету мүмкiндiгiн болдырмай басқару объектiлерiн қалыптастыру, мәселен, жер учаскелерi мен оларда орналасқан ғимараттар мен құрылыстар; 
      г) коммерциялық ұйымдарға жер учаскелерi меншікке немесе жалдау шартымен, бұл кезде бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға және азаматтарға коммерциялық емес мақсаттарға пайдалану үшiн - тұрақты (мәңгi) пайдалану құқығына берiлуi тиiс деп белгiлеу; 
      д) жылжымайтын мүлiктi пайдалану және сату кезінде нарықтық бағалау механизмiн сөзсiз пайдалануды қамтамасыз ету. Алынатын жалдау ақысының ставкасы мен мемлекеттiк жылжымайтын мүлiктi сату құны рыноктағы қалыптасқан ставкалар мен бағаларға сәйкес келуi тиiс; 
      е) жылжымайтын мүлiкке билiк етудiң әртүрлi тәсiлдерін (кепіл, сенiмдi басқару, жарғылық капиталға пайдалану құқығын енгiзу) пайдалануға мүмкiндiк беретiн қажетті құқықтық базаны құру; 
      ж) жылжымайтын мүлiкті азаматтық айналымға ең жоғары тарту жолымен, оның iшiнде ең жоғары жеңiлдiк жағдайымен инвесторларға аяқталмаған құрылыс объектiлерiн беру жолымен инвестицияларды экономиканың нақты секторына тарту үшiн жағдай жасау; 
      з) мемлекеттің жылжымайтын мүлiк объектiлерiн, оның iшiнде оларға жету үшiн көрсетiлген объектілердi сатып алу жүзеге асырылатын мақсаттарды анықтай отырып сатып алуы мәселелерiн реттеу; 
      и) жылжымайтын мүлiктi пайдалану туралы шешiм қабылдаудың бiрыңғай тәртібiн және шаруашылық жүргiзу және жедел басқару құқығына бекiтiлген, сондай-ақ жалға берiлетiн жылжымайтын мүлiкті пайдалануға қатаң бақылау белгiлеу; 
      к) мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелерден мүлiктi алып қоюдың құқықтық мүмкiндiктерiн анықтау (мысалы, жылжымайтын мүлiкке дұрыс билiк етпеген жағдайда). Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң артық, пайдаланбаған не орынсыз пайдаланған мүлкiн анықтау және алып қою; 
      л) жылжымайтын мүлiктi тиiмдi басқару үшiн мемлекет өзiнiң мүлкін пайдалану кезiнде оның басқа да қатысушыларымен қатар азаматтық айналымға қатынасатындықтан, азаматтық-құқықтыққа ұқсас жылжымайтын мүлiкті басқаруға (оның ішінде түгендеуге және бағалауға) арналған шығыстарды өтеу механизмiн пайдалану. Жылжымайтын мүлiктi басқару жөнiндегі органдарға оларды кейiннен бюджеттен қаржыландыру шотына есепке ала отырып, аударымдар нормативiн анықтау; 
      м) жылжымайтын мүлiктi басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшiлердi кәсiби даярлауды қамтамасыз ету. 

       1.5.3. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiн басқару механизмi 

      Жылжымайтын мүлiк объектілерiн басқарудың мақсатына жету бұл объектiлерге билiк ету функциялары бiр ведомствода шоғырланған жағдайда мүмкiн. 
      Басқарудың негiзгi объектiсi жер учаскесiнен (немесе оның үлесiнен) және оған байланысты ғимараттардан, құрылыстардан (немесе олардың бөлiгiнен) тұратын кешендi объект болады. 
      Бiрiншi қадам, нәтижесiнде олардың негiзгi сипаттамасын есептеудiң және жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң нарықтық құндық сипаттамасы туралы ақпаратты статистикалық өңдеу әдiстерiн пайдаланудың негiзiнде жылжымайтын мүлiк объектiлерiн нарықтық бағалауды жедел жүргiзуге мүмкiндiк беретiн ақпаратты алу болатын жылжымайтын мүлiк объектiлерiн жаппай түгендеу болуы тиiс. 
      Мемлекеттiк мүлiктің есебi тiзiлiмi деректерiнің негiзiнде мемлекет түгенделген және бағаланған жылжымайтын мүлік объектілеріне өзінің құқықтарын тіркеуі тиіс. 
      Келесi қадам, жылжымайтын мүлiк объектiлерiне билiк ету жөнiнде шешімдер қабылдаудың бiрыңғай ережелерi мен рәсiмдерiн өңдеу болуы тиiс. Олар мынадай принциптерге негiзделуi тиiс: 
      жылжымайтын мүлiкті қайтарымсыз негiзде берудiң ерекше жағдайларын анықтай отырып, пайдаланудың қайтарымсыз түрінiң сөзсiз басымдылығы, жылжымайтын мүлiк объектілерiн пайдалану кезiнде жеңiлдiктердi қысқарту; 
      көп пайда келтiретiн жылжымайтын мүлiктi коммерциялық мақсаттарға пайдалану; 
      жылжымайтын мүлiк объектiлерiн аймақта қалыптасқан нарықтық бағадан төмен деңгейдiң ставкасы бойынша жалға беруге тыйым салу; 
      жылжымайтын мүлiк объектiлерiн объектiлердiң тiзiмiн барлық мүдделi тұлғаларға мiндеттi түрде жариялай отырып, пайдалануға беру жөнiндегi iс-қимылдың айқындылығы. Екi немесе одан да көп өтiнiш бiлдiрушiлер болған кезде объектiлердi сауда-саттық жүргiзу жолымен пайдалануға ұсыну қажет; 
      жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалану құқықтарын ресiмдеу рәсiмiн оңайлату және олардың мерзiмдерiн қысқарту. Нарықтық құн бойынша объектiнi пайдаланғаны үшiн жалгерлiк ақы енгiзген және белгiленген тәртiппен жасалған шарттың барлық ережелерiн орындаған жалға алушыларға хабарлау тәртiбiн сақтай отырып, қосалқы жалдауға рұқсат берiлуi мүмкiн; 
      құрылысы аяқталмаған объектілердi олардың нарықтық құнын ескере отырып, инвестициялық жағдайда сату. Нарықтық құны жоқ объектiлер инвесторларға мемлекеттік мүддеге сәйкес инвестициялық жобалармен қайтарымсыз пайдалануға берiлуi мүмкiн. 
      Айтылған принциптер осы Концепцияның қосымшасында көрсетiлген нормативтiк кесiмдерде iске асырылуы тиiс.

       1.5.4. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiн басқарудың тиiмдiлiгін бақылау

      Басқарудың мақсаттарына жетудi бақылау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
      мемлекеттiк мүлiктi пайдаланудан түсетiн бюджеттердің кiрiстерiн ұлғайту;
      тиiстi нормативтiк құқықтық базаны уақытылы әзiрлеу және қабылдау;
      мемлекеттiк мүлiкті жалға бергенi үшін ставкаларды және жалгерлiк ақының нарықтық ставкаларды жақындату;
      Мемлекеттік мүлiктiң есебi тiзiлiмiнде жылжымайтын мүлiк объектiлерi туралы ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету.
      Шетелде тұрған мемлекеттiк мүлiк туралы бөлек айту керек. Негiзiнде олардың барлығы жылжымайтын мүлiк объектiлерiн құрайды және сондықтан, осы мүлiкке қатысты мақсаттар мен мiндеттер жылжымайтын мүлiк объектiлерiне қатысты мақсаттар мен мiндеттерге тұтастай ұқсас. Сонымен қатар, осы мүлiкті басқарудың механизмiн анықтаған кезде сыртқы экономикалық факторларды да ескеру қажет. 

       II бөлiм. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру

         II.1. Мемлекеттік жекешелендіру саясатының мақсаттары, міндеттері және принциптері 

      Мемлекет иелiгiнен шығарудың және жекешелендiрудiң ұлттық бағдарламасын орындау барысында 1991 жылдан бастап қазiргі уақытқа дейін мемлекеттік меншiктi қайта құру кәсiпорындарды акционерлендiруден экономиканың жекелеген салаларын жекешелендiруге дейiнгi эволюциялық жолдан өттi. Мемлекет иелiгiнен шығарудың және жекешелендiрудiң ұлттық бағдарламасының орындалуының қысқа аралық қорытындысын жасай отырып, оның алға қойған мiндеттерiнiң негiзiнен орындалғаны туралы қорытынды жасауға болады, алайда, бiрқатар белгiленген мақсаттарға қол жеткiзiлген жоқ: 
      жеке меншiктiң кең көлемi тиiмдi шаруашылық субъект ретінде қалыптаспады; 
      жекешелендiру процесiнде тартылған инвестициялар көптеген кәсiпорындардың өндiрiстiк, технологиялық және әлеуметтiк дамуы үшiн анық жеткiлiксiз болды; 
      экономикадағы құрылымдық қайта құру кәсiпорындардың, жұмыстарының тиiмдiлiгiн ойдағыдай арттыруға әкелмедi, бiрқатар салалардағы нәтиже ретiнде отандық және әлемдiк рыноктарда кәсiпорындардың бәсекелестiк жағдайын сақтауға қол жеткiзiлмедi. 
      Санамаланған терiс бағыттарды жою үшiн мемлекеттің жекешелендiру саласындағы саясатының бағытын өзгерту, мемлекеттiк мүлiкті басқаруға байланысты мәселелердi шешудiң жаңа тәсілдерiн әзiрлеу және iске асыру қажет. 
      Осы Концепцияға сәйкес жекешелендiру саласындағы мемлекет саясатының мақсаты - тұтастай алғанда барлық халық шаруашылығы кешенінің жұмыс iстеуiнiң тиімділігін арттыру болып табылады. 
      Осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет: 
      шаруашылық субъектiлердiң қызметтерi үшiн қолайлы ортаны құру; 
      азаматтық айналымға мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң ең көп санын тарту; 
      экономикаға (нақты секторға) инвестициялық және/немесе әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi мiндеттемелердi өзiне алуға және орындауға даяр инвесторларға мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру (сату) арқылы инвестицияларды тарту; 
      кәсiпорындарды ұзақ мерзiмдi дамытуға бағытталған тиiмді меншiк иелерiнiң кең көлемiн құру, рынокты отандық өнiмдермен толтыру және оны әлемдiк рынокқа алып шығу, өндiрiстi кеңейту және жаңа жұмыс орындарын құру; 
      жекешелендiрілетiн мүлiктің меншiк иелерiнiң мiндеттемелердi орындауына бақылауды қамтамасыз ету; 
      жекешелендiрiлген кәсiпорындардың меншiк иесiнiң жауапкершiлiгін күшейту есебiнен менеджменттің сапасын және басқарудың тиiмдiлiгiн және кәсiпорындардың басшылары мен персоналдарының, олардың өндiрiстiк қызметiнiң нәтижелерiне мүдделiлiгiн айтарлықтай арттыру; 
      мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру процесінiң әлеуметтік бағытталуын күшейту. 
      Осы Тұжырымдама мынадай негізгі принциптерге негізделеді: 
      а) Мемлекеттiк мүлiктiң сол немесе өзге объектiсiнiң мемлекет иелiгiнде болуының орындылығы. Мемлекеттік мүлiк объектiсiн жекешелендiруiнiң орындылығы туралы шешiм және оның оны пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру тұрғысынан басқару органының, бағалаушылардың, аудиторлардың, қаржы және заң консультанттарының ұсыныстарының негізінде нысандарын Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып негіздейді. Өнiмдi (тауарларды, қызмет көрсетулердi) өндiретін, Мемлекеттің экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар әрбiр кәсiпорынды жекешелендiру туралы соңғы шешiмдi Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдайды (мұндай стратегиялық кәсiпорындардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекітуi тиiс); 
      б) Нормативтiк-құқықтық базаны қолданудың тәртiбi, жекешелендiру процестерiн реттеудiң режимдерi мен әдiстерi Қазақстан Республикасының барлық аумағында бiрыңғай болуы тиiс. 

       II.2. Мемлекеттiк жекешелендіру саясатын iске асыру жөнiндегi негiзгi шаралар
      Жекешелендiру саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсатына қол жеткiзуді қамтамасыз етуге бағытталған негiзгi шаралар мыналар болуы тиiс: 
      1) Мемлекеттің стратегиялық мүддесiне байланысты мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруге дифференцияланған әрекет ету. 
      Өтiмдiлiгi жоғары кәсiпорындар кәсiпорынды дамытуға бағытталған инвестициялардың мөлшерi мен әлемдiк деңгейге барынша жақындаған олардың iс жүзiндегi құндық бағалануын ескере отырып, кәсiпорынды сатудан мемлекеттiк бюджетке түсетiн қаражаттың мөлшерi арасындағы тепе-теңдiктi сақтаудың қажеттiлiгiн ескере отырып жекешелендiрiледi. 
      Өтімдiлiгi төмен кәсiпорындарды жекешелендiру iс жүзiндегi инвестицияларды жүзеге асыруға өзінің әзiрлiгiн және асыра алатындығын кәсiпорын мен мемлекеттiң алдындағы инвестициялық және әлеуметтiк мiндеттемелерiн толық көлемде орындауды растаған меншiк иелерiне ең төменгi баға бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. 
      2) Жекешелендiру құралдарын кеңейту: 
      а) мемлекеттік мүлiкпен қамтамасыз етiлген туынды бағалы қағаздар; 
      б) биржалық және биржадан тыс рыноктарда бағалы қағаздарды сатып алу-сату; 
      в) атаулы сату; 
      г) кепiлдiктен бөлiп-бөлiп сату (банктер және т.б.). 
      3) Ықтимал инвесторлар ұсынған кәсiпорындарды дамытудың ұзақ мерзiмдi жоспарларын мұқият талдаудың негiзінде жекешелендiру шешiмдерін қабылдау және инвесторлардың өздерiне қабылдаған мiндеттемелерiн егжей-тегжейлi регламенттейтiн жекешелендіру шарттарын жасасу. 
      4) Осы мүдделер мемлекет мүддесiмен сөзсiз сәйкес келген жағдайда ықтимал инвесторларға сүйену. 
      5) Жекешелендiрудiң, оның iшінде кәсiпорындарды сату алдындағы дайындаудың әлемдiк тәжiрибесiн қаржылық кеңесшiнi, аудиторды, бағалаушыны, заң консультантын, менеджмент бойынша консультантты тарта отырып тәжiрибесiн мiндеттi түрде ескеру. 
      6) Жекешелендiру кезiнде мемлекеттiң ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi мүдделерiн үйлестiру. 
      Жекешелендiру қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi, болашақта жекешелендiруден салық салынатын базаны кеңейту нысанында пайданы алуға, қосымша жұмыс орындарын құруға, отандық рынокты отандық тауар өндiрушiлердiң тауарларымен және қызмет көрсетулерiмен толтыруға, барлық халық шаруашылығы кешенiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегі мемлекеттiк саясаттың бiрыңғай құрылымдық элементi ретінде қарастырылуы тиiс. 
      7) Жекешелендiрудiң әлеуметтік бағытталуын күшейту. 
      Жекешелендiрудiң тәсiлдерi, әдiстерi және құралдары қоғамның барлық деңгейiндегілер үшiн бiрдей құқық пен мүмкiндiктердi қамтамасыз етуi тиiс. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру туралы шешiмдердi қабылдау кезiнде жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар мен аумақтарды әлеуметтiк дамыту, қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелерiн қоса алғанда, жекешелендiрудiң әлеуметтiк салдарын ескеру қажет. Әлеуметтік шарттармен коммерциялық конкурстар өткiзу жолымен мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудi кеңiнен қолдану қажет. 

       II.3. Жекешелендiру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырудың әдiстерi 

      Жекешелендiру саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырудың әдiстерiнiң мемлекеттiк мүлiктiң түрiне орай өзiндiк ерекшелiктерi бар. 
      Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелерге қатысты мыналар қажет: 
      1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң оңтайлы санын анықтау. 
      2. Мемлекеттiк мекеменiң мүлiктiк кешенiнiң бөлiгiн ғана жекешелендiрген жағдайда бюджет пен мемлекеттік кәсiпорын арасындағы ақша қаражатын бөлу әдiстемесiн әзiрлеу және бекіту. 
      3. Монополияға қарсы заңнамалардың талаптарын ескере отырып, сенiмдi басқарудың негізiнде мемлекеттік мүлiктi пайдаланатын тiгінен интеграцияланған өнеркәсiптiк құрылымдарды құрудың орындылығын анықтау. 
      4. Құрылысы аяқталмаған объектiлердi, сондай-ақ мемлекеттік мұқтаж үшiн пайдаланбайтын басқа мемлекеттiк мүлiкті жаңа өндiрiстердi құру мақсатында ғана жекешелендiру. 
      Акциялардың мемлекеттiк пакетiне қатысты мыналар қажет: 
      1. Сыйақысы жекешелендiру кезiнде алынған қаражат көлемiне байланысты болатын қаржы консультанттарын мiндеттi түрде тарта отырып, бюджетке қаражаттың едәуір түсуiн бағдарға ала отырып, өтiмдiлiгi жоғары акциялардың мемлекеттiк пакетiн жекешелендiрудi жүргiзу. 
      2. Өтiмдiлiгi төмен акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн жекешелендiрудi жаңа меншік иесi инвестициялық және (немесе) әлеуметтiк мiндеттемелердi (жұмыс орнын сақтау немесе қосымша құру, экологиялық мiндеттердi шешу және т.б.) қабылдаған жағдайда оларды ең төмен бағамен сату жолымен жүзеге асыру. 
      3. Акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң мөлшерін, оларды жекешелендiрудiң тәсiлдерi мен мерзiмдерiн акцияға ықтимал сұрау салушыларды айқындау бойынша маркетингтiк зерттеулердiң деректерiн ескере отырып және ықтимал инвесторлардың мемлекеттiң мүддесiне сөзсiз қайшы келмейтiн олардың мүдделерiне бағдарлай отырып анықтау. 
      4. Акциялардың мемлекеттiк пакетiн инвестициялық салымдарды көздейтiн тәсiлдермен жекешелендiрген кезде ең алдымен, тез қайтарым беретiн салаларға бағдарлану керек. Iске асыруға жоспарланған инвестициялық бағдарламалар технологиялық қолайлы деңгейге дейiнгi уақытқа ықшамдалуы тиiс. 
      5. Отандық және халықаралық қор рыногында орналастырылатын және олардың иелерiне мемлекеттiк меншiктегi акцияларды сатып алуға мерзiмдi құқық берудi қамтамасыз ететiн бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыру. 
      6. Акциялардың ұсақ мемлекеттiк пакетін басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына нарықтық құн бойынша енгізу. 
      7. Шағын ұсақ акциялардың мемлекеттiк пакетiн қоғамның жарғылық капиталына мемлекеттiк мүлiктiң нарықтық құны бойынша енгiзу есебiнен тосқауыл қоятыннан төмен емес деңгейге дейiн арттыру немесе екіншi деңгейдегi рынокта осы қоғамның акцияларын мемлекеттiң меншiгiне сатып алу. 
      Мемлекеттік жылжымайтын мүлiк объектiлерiне қатысты мыналар қажет: 
      1. Жер учаскесiнен тұратын және онда орналасқан үйлерден, ғимараттардан, құрылыстардан және өндiрiстiк инфрақұрылымның элементтерiнен тұратын бiрыңғай мүлiктiк кешендерiн құру мәселелерiн заңнамалық реттеудi жүзеге асыру. 
      2. Жер учаскелерiмен бiрге, үй-жайды қоса алғанда, жылжымайтын мүлiк объектілерiн жекешелендiру үшiн ұйымдастыру жағдайларын, сондай-ақ жер учаскелерiн жекешелендiру кезiнде акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерінiң жарғылық капиталына енгізудiң мүмкіндiгін қамтамасыз ету. Мұның нәтижесi кәсiпорындарды перспективалы дамыту мақсатында инвестицияларды тарту мүмкіндігінің әсерi ретiнде кәсiпорындар акцияларының бағамдық құнының өсуi болуы тиiс. 
      3. Орынды жерлерде республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң жылжымайтын мүлкiнiң артығын жекешелендiрудi жүргізу. 
      4. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтау жөнiндегi қызметтерге қатысуға, бұл ретте көрсетiлген объектiлердi пайдалану кезiнде сақталуға, жөндеуге және қайта құруға мемлекет тарапынан бақылауды жүзеге асыра отырып инвесторларды тарту. 
      5. Орынды уақытта бюджеттік қаржыландыру және республикалық бюджеттiң жергiлiктi бюджет алдындағы берешектерiн өтеу есебiнен республикалық бюджеттегi жылжымайтын мүлiк объектілерін коммуналдық меншiкке беру. 

       ІІ.4. Кәсiпорындарды жекешелендiрудi жүргiзудiң барысына және олардың жекешелендiруден кейін дамуына мемлекеттiк бақылау

        Жекешелендiрудi жүргiзудiң барысына мемлекеттiк бақылаудың мақсаты мемлекеттік мүлiкті пайдалануға қатысты тәуекелдi азайту, жаңа меншiк иелерiнiң инвестициялық мiндеттемелерін сөзсiз iске асыру, жекешелендiруден жоспарланған көлемде және белгiленген мерзiмде қаражатты кепiлдi алу болып табылады. 
      Мемлекеттiк бақылаудың мынадай кезеңдерi көзделуде: 
      а) мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруге даярлау; 
      б) жекешелендiру рәсiмдерiн тiкелей iске асыру; 
      в) жаңа меншiк иесiнiң алған мiндеттемелердi орындауы. 
      Дайындық кезеңiндегi бақылау өзiне мыналарды: 
      қаржы консультанттарын және мемлекеттік мүлiкті бағалаушыларды таңдаудың конкурстық рәсiмдерiн бақылауды; 
      қаржы консультанттарының және бағалаушылардың мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруге байланысты рәсiмдердi орындауы кезiнде олардың iс-қимылдарына кезең-кезеңмен бақылауды; 
      мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру туралы шешiмдi (жекешелендiрiлетiн акциялар пакетiнiң мөлшерiн, жекешелендiрудiң тәсілi мен мерзiмдерiн, бағасын) анықтайтын өлшемдердi таңдаудың негiзділiгін бақылауды, жекешелендiрiлетiн мүлiкке ықтимал сұранысты мiндеттi есептеуге бақылауды қамтуы тиiс. 
      Жекешелендiру рәсiмдерiн тiкелей iске асыру кезеңiндегi бақылау өзiне мыналарды: 
      үмiткерлердiң инвестициялық тендерге және коммерциялық конкурсқа қатысу құқығын талдауды (iскерлiк бедел, қызметтiң ұзақтығы, қаражат көздерi туралы мәлiмет); 
      инвестициялық және әлеуметтiк жоспарлардың орындалуы жөнiндегi бизнес-жоспарды талдауды (қабылданатын мiндеттемелердiң белгiленген мерзiмiнде iске асырылу мүмкiндігі, оларды iске асыру үшiн жеке қаражаттың жеткiлiктi болуы, қажеттi ресурстармен қамтамасыз етiлуi) қамтуы тиiс. 
      Жаңа меншiк иесiнiң өзiне алған мiндеттемелерiн орындау кезеңiндегi бақылау мыналарды:
      салалық ерекшеліктерді, шығарылатын өнімнің ерекшелігін және басқа да факторларды ескере отырып, кәсiпорындардың жекешелендiруден кейiнгі даму көрсеткiштерінің жүйесiн әзiрлеудi;
      кәсiпорындардың жекешелендiруден кейiнгi даму көрсеткiштерiнiң жүйесiн мiндеттi сақтауын бақылауды қамтуы тиiс.
      Мемлекеттің жекешелендiруден кейiнгi бақылауы кәсiпорындарды жекешелендiруден кейiнгi қолдаумен бiрге жүруi тиiс.
      Мұндай қолдау өзiне мыналарды:
      инвестициялық консалтингті;      
      қаржылық консалтингтi;
      заңдық консалтингтi;
      басқарушылық консалтингтi;
      кадрлық консалтингтi;
      ұйымдастырушылық қолдауды;
      iшкi және сыртқы рыноктарда протекционистикалық қолдауды қамтуы тиiс.

       II.5. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудi ақпараттық қамтамасыз ету

      Жекешелендiрудi ақпараттық қамтамасыз етудiң басты міндеттері болып жатқан процестердiң айқындылығына қол жеткiзу, сондай-ақ мемлекеттiң бақылауы үшiн жағдай жасау және мемлекеттiк меншiкке қатысты тиiмдi шешiмдер қабылдау мақсатында жекешелендiрiлетiн мемлекеттiк мүлiк туралы ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы деңгейiн арттыру болып табылады. 
      Көрсетiлген мiндеттердi шешу үшiн: 
      осы мүлiктiң жағдайын бақылау және мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оларды пайдалану жөнiндегі шешiмдердi қабылдауды оңтайландыру үшiн мемлекеттiк меншiктiң барлық элементтерi туралы жүйелендiрiлген деректермен (акциялардың мемлекеттiк пакеттерi, мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жылжымайтын мүлiк объектiлерi) Мемлекеттiк мүлiктi есептеудiң тiзiлiмiн жасау жөнiндегi жұмысты жалғастыру. Көрсетiлген Мемлекеттiк мүлiктi есептеудiң тiзiлiмiн жасау және жүргiзу кезiнде мемлекеттiк мүлiктi есептеу, бақылау және талдау көрсеткiштерiнiң бiрыңғай жүйесiн әзiрлеудi, деректердi жаңартудың ережелерi мен рәсiмдерiн, ақпараттарды пайдаланушылардың түрлi санаттарының қол жеткiзуiн шектемеу жүйесiн, жалған ақпарат бергенi үшiн жауапкершiлiк шараларын iске асыруды және т.б. қарастыру қажет; 
      мемлекеттiк меншiк объектiлерiмен жасалатын операциялар туралы деректердi, сондай-ақ жекешелендiрiлетiн кәсiпорындарды сату алдындағы дайындық өткiзу үшiн қажетті ақпаратты, олардың құнының бағасын алуды, есептеудi, сақтауды, өңдеудi және берудi қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыруды аяқтау қажет. 

       Қорытынды 

      Тұжырымдаманың мағынасы мемлекеттiк мүлiктiң меншiк иесiнің немесе мүлiктiң құқықтық субъектiсi өкiлдiктерiн мемлекеттiң жүзеге асыруының реттеуiмен, мүлiкті пайдаланудың тиiмділiгiн арттырумен, мемлекеттiң экономиканың мемлекеттiк секторындағы кiрiстерiн арттырумен және шығыстарын оңтайландырумен ғана шектелмейдi. 
      Тұжырымдаманы сабақтастықпен, жоспарлы және жүйелi iске асыру елдегi инвестициялық ахуалды сапалы жақсартудың және мемлекеттік ұлттық экономикаға қатысты - дамушы және ынталандырушы маңызды функцияларын жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады. 
      Елдегi және шет елдегi мемлекеттiк мүлiктi толық түгендеу, оны азаматтық айналымға тарту Қазақстан Республикасы мүлкiнiң балансын қалыптастыруға мүмкiндiк бередi, бұл бюджет кiрiстерiнiң есебiнен емес, белгiлi бiр экономикалық көрсеткiштердi - құн мен өтімдiлiктi сипаттайтын iс жүзiндегi активтердiң есебiнен инвесторларға кепiлдiктер беру арқылы инвестицияларды тарту мiндеттерiн орындаудың тікелей шарты, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібiнiң ұқсас экономикалық тәртiбiн қамтамасыз ететін құқықтық режимi болып табылады. Мемлекеттiк мүлiктi түгендеу және жiктеу оның өтімпаздығын арттыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру көрсетілген мүлiкті инвестициялық ресурстарды тарту кезiнде қамтамасыз ету ретiнде тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi. 
      Жаппай жекешелендiруден мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм қабылдау кезiнде жеке тәсілдердi пайдалануға көшу оның айналымдық қабiлетiн арттырады, мемлекетке экономикалық қатынастардың толық құқықты субъектiсi болуға және оған тиесiлi активтердiң құрылымдарын оңтайландыруға мүмкiндiк бередi. 
      Мемлекеттік мүлiктi барынша тиiмдi пайдаланудан түсетiн кiрiстердi (ренталық төлемдер және өзге де салықтық емес түсiмдер) арттыру және мемлекеттiң дамушы функцияларын жүзеге асыру мүддесi үшiн олардың басқару шығыстарын оңтайландыру кәсiпорынның қызметіне арналған салықты төмендету саясатын жүргiзуге мүмкiндiк бередi және бюджеттің шығыстарымен мүлiкті пайдаланудан алынған кiрiстердiң маңызды бөлiгi ұлттық экономикаға, ең алдымен iс жүзiндегi секторға, ал қалған бөлiгi мемлекеттiк мүлiктi ұстауға және дамытуға жiберiлiп, қайта қаржыландырылатындай байланысты болуы тиiс. 
      Мемлекеттiк мүлiктi басқару жүйесi шеңберiндегi кәсiпорындардың банкроттық мәселелерiн жеке қарау қажет. Банкроттық рәсiмдерiн жүзеге асыру кезеңiнде осы рәсiмдердi құрайтын фискальдыққа, яғни берешектердi тез арада өндiрiп алуға бағдарлану iс жүзiндегi нәтижелер бермейдi. Бұл Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындар банкроттығының негiзгi өзiндiк ерекшелiгi болып табылады. Сонымен бiрге, банкроттық рәсiмдерiн сауатты қолдану банкротқа ұшыраған кәсiпорындардың құрылымдық өзгерiстерiн жүзеге асыруға мүмкіндiк бередi, ол болашақта салықтардың тұрақты түсуiне, өндiрiстiң қалыпты жұмыс iстеуiне, жұмыс орны санының артуына және инвестицияларды тартуға әкеледi. 
      Тек кәсiпорындардың банкроттық рәсiмдерi кезiнде ғана әлеуметтік сала объектiлерiн босату, iс жүзiндегi сұранысқа ие өнiм өндiретiн жұмыс iстейiн кешендердi бiр мезгілде сақтай отырып, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң айналымдарын тарту жүредi. Осыларды ескере отырып, банкроттық ең алдымен өндiрiсті сауықтыру өндiрiстiң жаңа құрылымдық элементтерiн құру мақсатында жүзеге асырылуы тиiс. 
      Бұдан басқа, банкроттық - тиiмсiз меншiк иесiнен тиiмдi меншiк иесiне меншiкті қайта бөлу тәсiлдерiнiң бiрi. Банкроттық туралы мәселе - фискальдыққа қарағанда үлкен дәрежедегi инвестициялық-мүлiктiк мәселе. Банкроттық рәсiмдерi банкроттың өтімдi мүлкi базасында жаңа тиiмдi жұмыс iстейтiн, үлеске мемлекет қатысуы мүмкiн кәсiпорын құруға мүмкiндiк бередi. 
      Осы айтылғандарды ескере отырып, мемлекеттiң банкроттық рәсiмдерiне кредитор ретiнде қатысуы кәсiпорындарды қайта құруды жүзеге асыруға, тиiмдi меншiк иелерiн тартуға, фискальдық қысқа мерзімді мүдделерге зиян келтiре отырып кәсiпорындардың ұзақ мерзiмдi мақсаттарының тиiмдiлiгiн арттыруға қол жеткiзуге бағытталуы тиiс. 
      Мұны мемлекетке борышты капиталдандыру, оны қоғам акцияларына  бағамдау және белгiленген мiндеттердi шешу үшiн оларды iске асыру жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Тұжырымдаманы iске асырудың нақтылы құқықтық және ұйымдастыру механизмдерiн құра отырып, мемлекеттiң тиiмдi меншiк иесiне айналу процесiнiң нәтижелерi қызмет етуi тиiстi Қазақстанның перспективалы стратегиялық экономикалық мүдделерiне бағдарлану қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады